Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата31.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29382
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Сабақтың тақырыбы: Құқық бұзушылық неден басталады? 

Негізгі элементтері:  

1.  Жалпы құрылымы. 

•  Оқу қызметін ұйымдастыру принциптері

А) оқушылардың қызығушылығын оятуға 5 минут уақыт 

бөлдім. 


1. Тәрбие сағатының уақытын оқушыларға болжатқыздым, 

2. Сабақтың мақсатымен таныстырдым. 



Б) Негізгі бөлім:  

1. Тақырыпқа байланысты презентация қорғалды. 

2. Сабақ оқушылардың түсігіне сай жаттыуғалар түрінде өтті.  

В) Қорытынды: 

1. Оқушылар өз ойын айтты. 

2. Сұрақтарға жауап берілді. 

Іс-тәжірибен өтуші практикант, Айтбаева Сәнім Рауанқызы, 

презентацияда суреттер көрсетіп, сабақтың тақырыбын 

таныстырды.  

 

2.Негізгі мақсатты жүзеге асыру. 



● Сабақтың білім беру мақсаты қалай жүзеге асты? 

Сабақтың құрылымы ең басты дидактикалық мақсатқа сай келді. Мұғалім 

жаңа тақырыпты оқушыларға жеңіл түрде түсіндірді. 

● Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды? 

Жаңа тақырыптың маңызын түсіне, оқушылар топқа бірігіп, бір-бірлеріне 

сұрақтар қойып, сыйластық қарым-қатынастарын, адамгершілік қасиеттерін 

дамыта түсті.  



ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

●Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? 



Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою арқылы 

жүргізілді. 

●Оқушылардың таным әрекеті қалай жүзеге асты? 

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі жоғары сатыдан көрінеді. 

Сыныптың барлық оқушылары  берілген тақырыптардың мазмұнын ашып

сұрақтарға жауап берді. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс 

орнады, ол мұғалімнің сұрақ қойып, оқушылардың жауап беруі арқылы 

жүрді. 


● Оқушылардың сабаққа қатысулары қандай деңгейде болды?  

Оқушылардың сабаққа қатысулары 90% болды. Сабақтан себепсіз қалған  

оқушылар қатары болмады, ал сабаққа қатысып отырған оқушылар 

белсенділік танытты. 

●Оқушылардың тәрбие сағатын меңгеруі: 

Тәрбме сағатын меңгеру барысында оқушылар зейін қоя, ықыласпен 

тыңдады. Мұғалімнің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтардың 

барлығына жауап берді. Презентациямен  жұмыс барысында оқушылар 

түсінбеген жерлерін мұғалімнен еркін, ашық түрде сұрай білді, яғни 

тақырыпты меңгеру барысында мұғаліммен қарым-қатынастарын үзген жоқ.    

●Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің 

дәрежесі қандай болды?  

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас үздіксіз, әрі үзіліссіз болды. 

● Мұғалімнің сабақ барысындағы өзін-өзі ұстауы қалай болды? 

Нақты дәлелдермен тақырыпты түсіндіре, мұғалім оқушылармен қатынасын 

үзбей, өзін-өзі еркін әрі тиянақты ұстай білді. 

●Мұғалімнің сабақ барысындағы сөйлеу мәдениеті: 

Қарапайым, еркін түрде тақырыптан ауытқымай, оқушыларға барынша жеңіл 

түрде ойындағысын жеткізе алды және оқушылармен тығыз қарым-

қатынаста болды. 

●Мұғалімнің киіну мәдениеті қандай болды? 

Педагог мамандығына лайықты, оқушыларға үлгі көрсететіндей, мұғалімнің 

жасына сай киінді.     

●Сабақтың бекітілуі. 

Тәрбие сабақты түсіндіру соңында мұғалім тақырыпты бекіту мақсатында 

жаттығулар орындатты. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


ШҚУ Е Ф 002-20-08

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет