Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата31.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29382
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
 

 

 

 

 

 


ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

Сабаққа өзіндік талдау. 



Бақыланушы сынып: 5 «Д» 

Пән:  жаратылыстану  

Пән мұғалімі: студент-практикант Айтбаева Сәнім Рауанқызы 

Кесте бойынша сабақтың ауысымы: 1-ауысым. 

Қатысу мақсатым: Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін, 

мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілетін, педагогикалық тәжірибесін 

анықтау.  

Сабақтың тақырыбы: «Энергия түрлері» 

Сабақтың мақсаты: Білім алушылар энергияның қандай түрлері бар 

екенін және  энергиялар бір-бірінен несімен ерекшеленетінін білуге 

үйрету. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. 

Негізгі элементтері: ұйымдастыр, тақырыпты болжау, жеке 

тапсырмалар беру. 

1.  Жалпы құрылымы. 

•  Оқу қызметін ұйымдастыру принциптері. 

А) Оқушылардың қызығушылығын оятуға 5 минут уақыт бөлінді. 

1. Оқушылармен амандасып, сыныпта жағымды ахуал тудыруға 

тырыстым.  

2. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырдым. 

Б) Негізгі бөлім: 

1.Оқушыларға тапсырмалар беріп, жаңа сабақты меңгерттім. 

2. Оқушыларға түрлі сұрақтар қойып, білімдерін шыңдадым. Түрлі 

жаттығулар орындаттым. 

В) Қорытынды: 

1. Оқушылар сабақ мақсатына орай тапсырмаларды орындады. 

2. Кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бағаланды.  

2.Негізгі мақсатты жүзеге асыру. 

● Сабақтың білім беру мақсаты қалай жүзеге асты? 

Сабақтың құрылымы ең басты дидактикалық мақсатқа сай келді. Мұғалім 

жаңа тақырыпты оқушыларға жеңіл түрде түсіндірді. 

●Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? 

Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою арқылы 

жүргізілді. Топтық жаттығулар орындалды.  

●Оқушылардың таным әрекеті қалай жүзеге асты? 

Оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген ынтасы, белсенділігі жоғары 

сатыдан көрінеді. Сыныптың барлық оқушылары  берілген тақырыптардың 

мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап берді. Мұғалім мен оқушы арасында 

тығыз байланыс орнады, ол мұғалімнің сұрақ қойып, оқушылардың жауап 

беруі арқылы жүрді. 

● Оқушылардың сабаққа қатысулары қандай деңгейде болды?  

Оқушылардың сабаққа қатысулары 90% болды. Сабақтан себепсіз қалған  

оқушылар қатары болмады, ал сабаққа қатысып отырған оқушылар 

белсенділік танытты. 




ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

●Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі: 



Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар зейін қоя, ықыласпен 

тыңдады. Мұғалімнің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтардың 

барлығына жауап берді. Жаттығу жұмысы барысында оқушылар түсінбеген 

жерлерін мұғалімнен еркін, ашық түрде сұрай білді, яғни тақырыпты меңгеру 

барысында мұғаліммен қарым-қатынастарын үзген жоқ.    

●Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің 

дәрежесі қандай болды?  

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас үздіксіз, әрі үзіліссіз болды. 

● Мұғалімнің сабақ барысындағы өзін-өзі ұстауы қалай болды? 

Нақты дәлелдермен тақырыпты түсіндіре, мұғалім оқушылармен қатынасын 

үзбей, өзін-өзі еркін әрі тиянақты ұстай білді. 

●Мұғалімнің сабақ барысындағы сөйлеу мәдениеті: 

Қарапайым, еркін түрде тақырыптан ауытқымай, оқушыларға барынша жеңіл 

түрде ойындағысын жеткізе алды және оқушылармен тығыз қарым-

қатынаста болды. 

●Мұғалімнің киіну мәдениеті қандай болды? 

Педагог мамандығына лайықты, оқушыларға үлгі көрсететіндей, мұғалімнің 

жасына сай киінді.     

●Сабақтың бекітілуі. 

Жаңа сабақты түсіндіру соңында мұғалім тақырыпты бекіту мақсатында 

жаттығулар орындады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет