ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АННОТАЦИЯ
Мақалада жасөспірім кезеңде балалардың əлеуметтік-психологиялық даму ерекшеліктері
жайлы баяндалған. Жасөспірімдік кезеңде психологиялық дамуды зерттеген психологтар
еңбектеріне талдау жасалынған. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның
өзінің ауқымды əлеуметтік белсенділігі болып табылады.
Түйінді сөздер: жасөспірім, өзіндік рефлекция, дағдарыс, құндылықтар, жасөспірімнің өзін-өзі
тануы, өзіндік сана-сезім.
АННОТАЦИЯ
В статье рассмотрены социально-психологические особенности развития детей в юношеском
возрасте. Дается анализ психологического развития предложенного различными авторами.
150
Социальная активность в юношеском возрасте рассматривается как основной фактор личностного
развития в данном возрастном периоде.
Ключевые слова: подросток, самостоятельной рефлекция, кризис, ценности подростков,
самоидентификации, самосознания.
АBSTRACT
There are social – psychological particulars of development of children at youthful age are examined,
analysis of psychological development is ordered by different authors is given in an article. Social activity at
the youthful age is examined as the fact of personal development at this age period
Keywords:
the teenager, self-reflection, crisis, values of adolescents, identity, identity-feeling.
Жасөспірім шақта жəне жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің
ішкі əлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой тылсымдарын
тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 16-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең
адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде
адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мəселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?)
басқа адамдарға деген қарым-қатынысқа, жəне де моральдық құндылықтарға талпынады.
Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында
саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты
тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық
пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай-ақ, ол
өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан зұлымдыққа,
адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен
шарықтауда, күресте жəне бастан өткеруде, жығылуда жəне қайта тұруда жасөспірім сезіп
білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс. Жалпы адам
құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт-бағдарының құрылымымен талдамасын
тануға ұмтылған адамға, өзінің іс-əрекетін балалық жəне ересек жаста анықтайтын, тарихи
бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол
өзінің бейімделген жəне бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның
ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған əлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да,
барлық өмір мəнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нəрсені білмейді,
өйткені ол өзін қоршаған адамдарды жəне рухани өмір тəжірибесін білмейді. Əсіресе
жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік
кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті
жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты
рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мəнін ашады. Ол нəзік жанды, тез уайымдауға,
сəтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, əсерлі сөз, ерекше
əсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін [3, б123].
Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі
психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған
туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі,
сыншылдықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар
мəнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мəнді өзгеріс тұлғаның
өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының
күштілігі табылады. Яғни, өзін-өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен
қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің
қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне
осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты əсер етеді [1,б 87].
Филип Райстың «Психология подроскового и юношеского возраста» оқулығында:
жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман
тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мəніне айналады дейді. Бұл
151
кезеңде оқушы өзінің ішкі əлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне»
қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге
қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді жəне өз тұлғасын өз
өзіне бағындыруы туа бастайды [5, б128].
Психолог В.А.Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткін-
шектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда
ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға
ұқсамауы жəне құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, əр түрлі
бағытта өз-өзін көрсетуі жəне өзінің өзіндігін бекітуі тəн.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке
басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды əлеуметтік белсенділігі. Ол
белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен жəне жолдастарымен, ақырында
өзінің жеке басы мен өзінің болашағын жəне ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру
əрекеттерін жобалау бағытталады [4, б 98].
«Жасөспірім» – сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын
көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер
сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен
ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты жаңа
құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады.
Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға жəне өзіне жұрттың осылай деп
қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г.Ковалев биологиялық əсері туралы сұрақты ашып
тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық
қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық
фактормен анықтаймыз дейді.
В.Г.Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте
жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық жəне азаматтық ересектік
жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14-18 жас аралығында) өте құнды кезең.
Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Жасөспірімдердің ерте
жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен
көлемі жəне фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда
айырмашылығы болмайды. Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде
мидың жетілуі ерекше морфологиялық жəне функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.Красо-
вицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай-ақ нақты осы
жасөспірім шақта тұлғаның əлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата-
аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу-танымдық жəне қоғамдық-саяси іс-əрекеттерге,
жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тəрбиелеуде үлкен маңызды мəні жатыр [6,
б159].
Л.И.Рувинский, С.И.Хохлова еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі
көзқарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та əлемге
деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау
əрекеті пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тəртіп пен информация,
əдеби оқулықтар жəне сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым-қатынас.
Ш.Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза
пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады.
Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім,
табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады [2, б 89].
М.И.Шардаков бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары
ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тəуелді болып қалады. Жасөспірім осы
өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Əр затпен
152
дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай
отырып əр-түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл-ой, адамгершілік əлеуметтік жағынан
есейеді.
Жасөспірімдердің əлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық
тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді жəне жасөспірім
ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал
бұл дербестік қажетті əр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты.
Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерше іс-əрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі
міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.
Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым,
өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік
талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым-қатынастық, өте нəзік сезімталдық апатияға,
өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен əуестілік
сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст.Холл
жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана-сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны
басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы, психологы Э.Шпрангер болды.
Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі
бүгінге дейін қолданылып келеді. Э.Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып,
ол тəуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипаттады. Э.Шпрангер
жасөспірім кезеңнің мəдени-психологиялық концепциясын жасады. Э.Шпрангер бойынша
жасөспірімдік кезең мəдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық
психиканың осы дəуірде обьективті жəне нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Ст.Холл, Э.Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөспірімдердің даму
деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай
уайым-қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке
тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді жəне саналы түрде өзін тəрбиелейді, өзін-өзі қалыптастырады.
Өзінің ерік-жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау
мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тəн. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым
- Э.Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке
даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.
Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі əлемін тану» деген қағиданы
ескерсек, оның мəдениетпен жəне тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн
болар. Əлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана
емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық жəне қоғамдық құндылықтарға
бағытталғанымен ерекшеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен жəне оған деген
қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет
ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық, жеке бас жəне
денелік қасиеттері, қолынан не келетінін білетін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның
өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез-құлқының реттеушісі болып, оның
іс-əрекетінің дəрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз
мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде
белсенді іс-əрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек
субьектіні қабылдау əлеуметтік маңызды іс-əрекет жасауға даярлықтың, қатынасты
жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс-əрекеттің көрсеткіші болып табылады.
Э.Шпрангер, өзіндік сана-сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің
дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады [2, б 96].
Жасөспірім кезеңнің негізгі ерекшелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде
адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің
153
дүниетанымы, кəсіби іс-əрекетті таңдауы жəне тұлғаның азаматтылық маңыздылығын
нақтылау аяқталады. Факторлар əсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі
жəне өзіне деген қатынас өзгереді. Осы əлеуметтік позицияның əсерінен оның қоғамдық
пайдалы іс-əрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген
байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез-құлықтың барлық
аймақтарында тəуелсіздігін көрсетеді.
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп,
кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды
белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде
идентификация туындайды. Жасөспірім тұлғасының индивидуалды дамуы мен қалыптасуы
бірінше кезекте белсенді өзара əрекет, яғни қоршаған ортамен əрекеттесу нəтижесінің
арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында əлеуметтік фактордың
əсері күшейе түседі [1, б 93].
К.Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім
бейімінің сай келмеуі орын алады.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама
жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мəнді болып келеді. Кең түрде
жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.
1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде жəне дамудың басқа да процестері
қарастырды.
2) Социогенетикалық тұрғы тұлғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен
əлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін
негіз етіп қою.
Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мəнділікті іздейді, өзінің
біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.
Əдебиеттер тізімі:
1. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.-123-138б.
2. Обухова Л.Ф Возрастная психология. – М., 1999.-87-95б.
3. Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. – СПб., 2000. – 128-137б.
4. Кудрявцев В.Т. Психология развития человека. – Рига, 1999.-98-109б
5. Сапогова Е.Е. Психология развития человека. – М., 2001.-136-147б.
6. Грэйс Крайг. Психология развития. – СПб., 2000. – 89-97б.
Куребаева Гулнара Ахметовна
Семей қаласы Шəкəрім атындағы МУ,
педагогика ғылымдарының магистрі
Ақынжанова Шынар Алтынғазықызы
Семей қаласы Шəкəрім атындағы МУ,
2 курс студенті
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
АННОТАЦИЯ
Мақалада баланы мектепте оқытуға педагогикалық-психологиялық даярлық сұрақтары
қарастырылған. Баланың мектепте оқуға дайындығының психологиялық құрылымдық
компоненттері: дене дамуы, жеке тұлғалық дамуы, интеллектуалды дайындық. Мектепке барар
алдында баланың дамуына көп мəн беріледі, ғалымдардың зерттеулері бойынша баланың даму
процесіне үш фактор қатысады: биологиялық фактор, əлеуметтік фактор жəне баланың өз
белсенділігі.
154
Түйінді сөздер: мектепте оқуға дайындық, психологиялық, дене дамуы, жеке тұлғалық дамуы,
интеллектуалдық даму, биологиялық фактор, əлеуметтік фактор, бала белсенділігі.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматриваются вопросы педагогической и психологической подготовки ребенка
для обучения в школе. Компонентами психологической готовности ребенка к школе являются:
физическое развитие, личностное развитие, интеллектуальное обучение. Прежде чем идти в школу
много внимания уделяется развитию ребенка, согласно исследованиям в процессе развития ребенка
принимают участие три фактора: биологический фактор, социальный фактор и собственная
активность ребенка.
Ключевые слова: готовность к школе, психологические и физическое развитие, развитие
личности, интеллектуальное развитие, биологические факторы, социальные факторы, детская
активность.
АBSTRACT
The article is provided pedagogical – psychological the training questions to study children to
school. The training to children to study at school psychologically structures components: physical
development, personal development, intellectual education. Before going to the school a lot of attention to
the development of children, for research scientists to child’s development consists of the three factors:
biological factors, social development and the child’s own activity.
Keywords: school readiness, psychological, physical development, personal development,
intellectual development, biological factors, social factors, child’s activities.
Білім беру жəне ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде
мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру
міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мəселесі болып отыр. Осы орайда білім саласының
алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың
дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сəбилік шақтан бастап толық
жағдай жасауды, тəрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойса,
бастауыш буында – мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек
болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып
болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын
дамытуды көздейді. Бұл жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен
сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен
анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа – баланы жүйелі сатылы дамыту, бір
буыннан екінші буынға неғұрлым сəтті өтуге бағытталуы тиіс. Бір буыннан екінші буынға
неғұрлым сəтті өту:
•
балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік
қызметтерін қамтамасыз етеді;
•
білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп);
•
біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің жəне оқыту түрлерінің
біртұтастығын ұйымдастыруға өз əсерін тигізеді.
Баланың мектепте оқуға дайындығы баланың барлық өмірін қамтитын кешенді міндет
болса, психологиялық дайындығы осы міндеттің бір аспектісі деп айтуға болады [1].
Баланың мектепте оқуға дайындығының психологиялық құрылымдық компоненттері:
дене дамуы, жеке тұлғалық дамуы, интеллектуалды дайындықты жатқызуға болады.
Дене дамуы – бұл денсаулығының жағдайы, қимыл-қозғалыс дамуының қажетті
деңгейі.
Жеке тұлғалық дамуы – бұл ықтиярлы əрекетінің нақты деңгейі, тілдік қарым-
қатынастың қалыптасуы, өзіндік қызығушылығы, белсенділігі, өздігінен жұмыс істей алуы,
басқаны тыңдап, өзінің ісі жайында басқамен ақылдаса білуі мен ұжыммен жұмыс істей
алуы.
Интеллектуалды дайындығы - бұл бейнелі ойлауының дамуы, қиялы мен
шығармашылығы, сонымен қатар сөздік-логикалық ойлаудың негізі, танымдық іс-əрекетінің
дамуы (салыстыру, сараптама жасау, жіктеу, пысықтау т.б.) табиғат құбылыстары мен
қоршаған орта жайында терең түсінуі.
155
Осы дайындықтар мектепалды дайындық тобында белгілі бір деңгейде қалыптасып
келеді
де,
мектептегі
жүйелі
оқу
əрекетіне
араласқанда
өзінің
дамуын
жалғастырады.Сонымен қатар мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасқан өзіне-өзі баға
бере білу, интеллектуалды қабілеті жəне танымдық үрдістері, қызығушылықтары мен
білімқұмарлығы бастауыш мектепте өз жалғасын табуы керек.
Мектепке барар алдында баланың дамуына көп мəн берілуі тиісті. Ғалымдардың
зерттеулері бойынша баланың даму процесіне 3 түрлі фактор қатысады. Олар:
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті жəне өмір сүру барысында
кабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысынын ерекшелігін
білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нəтижесі.
2. Əлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең əлдымен адамдардың ортасы. Бұл
сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық жəне
ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен
дағдылары. Ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде баланың өз белсенділігінің рөлі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дəрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда, əрбір баланың
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық бала бірдей
дəрежеде дамымайды.
Көптеген ғалым - педагогтардың, практик - мұғалімдердің тəжірбиесіне сүйенсек, оқу
тəрбие үрдісі негізінде дамыту мəселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен
əрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тəжірбиелік шеберлігі
мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, əрекет болмаса жұмыстың нəтижелі,
сапалы орындалуы мүмкін емес.
А.Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тəжірибе арқылы, өз бетімен алуы керек.
Кейінгі кезде психологтар Л.А.Венгер мен С.В.Мухинаның көзқарасын қолдауда,
«мектепке дейінгі жастағы балада» «мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға
лайықты психологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу əрекеті барысында
ғана қалыптасады» - дейді. Сонымен қатар психологтар мектепке қабылданған баланың
өзінің психологиялық дамуы жағынан танымдық тəжірибесі тапшы, қажеттіліктері мен
албырт белсенділігі басым, ойын іс-əрекетіне талпынысы мол деп есептейді. Балалардың осы
ерекшеліктері оқу үрдісі барысында қосымша қиындықтар туғызады. Ол қиындықтар сипаты
мынадай жағдайлармен байланысты: мұғалім ойын баласының өмірі мен іс-əрекетін
ескермей, оны бірден мектептік қарым-қатынастар жүйесіне араластырады. Соның
салдарынан балалар үнемі сенімсіздік, жалғыздық, үрей, жасқаншақтық күйді бастарынан
кешіреді. Тағы бір қиындық – мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың оқуға деген
мотивтің жеткіліксіз дамуымен байланысты. Сондықтан да балаға дене жəне жан жарақатын
салмайтын, өз күшіне деген сенімін оятып, айналасындағы оны қоршаған адамдарға деген
махаббатпен, мектептік білімнің мазмұнына қызығушылығын ұлғайтатын бейімделу кезеңін
ең басынан бастап балаларға əлеуметтік маңызды, аса құрметті іс-əрекет ретінде ұсынылуы
тиіс.
Кіші жастағы баланың отбасынан балабақшаға, балабақшадан бастауыш мектепке
ауысуы психологиялық заңдылықтарға сүйенеді. Ол заңдылықтар жеке тұлғаның даму
фазалары болып табылады [2].
Жеке тұлға қалыптасуының бірінші фазасы: адам топтағы (адамгершілік, оқу,
өндірістік) нормаларды меңгермей, өзінің жеке мұқтаждығын жүзеге асыра алмайды.
Екінші, жекешелеу фазасы: мысалы адам жаңа ұжым ішінде алдымен бөлектенбей, сол
ұжымның қарым-қатынас нормаларын меңгеруге тырысады. Қарым-қатынас нормаларын
меңгеріп алғасын, ол өзіндік қасиеттерді көрсетіп, бекітуге тырысады.
Үшінші кіріктіру фазасы: тұлғаның өзін жақсы көрсетуге тырысуы жəне тұлғаны
қоршаған ұжымның өздеріне ұнаған құндылықтарын қабылдау қайшылықтары.
156
Əлеуметтік мінез ұжымдық əрекетте туады: ойын барысында, еңбекте тілдесуде т.б.
жағдайларда. Сондықтан да балабақшадан немесе үйден мектепке қабылданған баламен
психологиялық жұмыс жүргізу өте маңызды. Бұл орайда бастауыш сынып мұғалімі іс-
əрекетінің екі бағытын атап айтуға болады. Ол:
•
кіші жастағы баланың жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық көмек
көрсету;
•
ата - аналармен ұйымдастырылған жұмыс;
Осы екі бағыт жүйелі, үздіксіз жүргізіліп отырса:
•
мектепте оқу-тəрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыруға;
•
оқу бағдарламаларының мазмұнын ұтымды игеруге;
•
өзіндік психикалық үрдісті басқаруға (зейін, есте сақтау, ойлау т.б.) əрі қарай
мектепте оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар педагог мектепке қабылданған баланың ойын əрекетін жалғастыра
отырып, оқу- тəрбие барысында біртіндеп оқу əрекетіне көшуін қамтамасыз ететін əдістерді
дұрыс қолдана білуі керек. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала үшін жаңа рөл оқушы,
жаңа əрекет оқу болса, осы мəселелерге олардың қызығушылықпен араласып кетуіне
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуіне жағдай жасау мұғалім шеберлігін жəне кіші
жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін білуін талап етеді.
Бастауыш мектептердегі сабақты ұйымдастыруда негізінен оқу əрекетінің немесе
жұмыс түрінің екі кезеңі: мұғалім басшылығымен жұмыс жəне өздігінен орындалатын
жұмыс. Бастауыш мектептерде оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын
ұйымдастыру ерекшеліктері, оларды қолдану мақсатына қарай үшке бөлуге болады:
-оқушылардың жаңа сабақты түсінуіне жол ашатын жəне дайындайтын өздік
жұмыстар;
-жаңа сабақты пысықтап, бекіту үшін орындалатын өздік жұмыстар;
-оқушылардың білімін байқау, сынау үшін тапсырылатын өздік жұмыстар. Өз бетімен
орындауға тапсырылатын жұмыстар балаларды белсенділікке, өз бетімен ізденушілікке
бағытталуы тиіс. Педагог оқушылармен сабақты өткізу барысында ойын элементтері мен
сергіту сəттерін кеңінен қолдануы қажет. Балабақшадан немесе үйден дайындықсыз келген
балаларға кез-келген мəтінді немесе материалды ойын түрінде түсіндіруді қажет етеді.
Өйткені алғашқы кезде қарым-қатынастың жетіспеушілігі, сабақтың бірсарындылығы,
көңілсіздігі, уақыттың аздығы, оқушылардың қызығушылығын басып, немқұрайлыққа
салындырады. Сондықтан мұғалім педагогикалық-психологиялық жұмысты ұтымды
ұйымдастырып, өткізу үшін алдымен оқушылардың еркіне, сезіміне, санасына оңтайлы əсер
етуде əдіс-тəсілдерді кіріктіріп, түрлендіре отыра, мектепке қабылданған баланың көрнекі-
əрекеттік жəне бейнелі-ойлау түрлерін біртіндеп жетілдіріп, сөздік логикалық ойлау түрлерін
дамытуға байланысты жұмыстар жүргізуі қажет [3].
Бастауыш
мектептерде
педагогикалық-психологиялық
үрдісті
толыққанды
ұйымдастыру жəне сапалы сабақ өткізу үшін əрбір мұғалім өз ісіне үлкен жауапкершілікпен
қарап, əдіс-тəсілдерді толық меңгеріп, өз тəжірибесінде тиімді қолдана білсе, болашақтан
үміт күткен шəкірттеріміздің білімді, тəрбиелі азамат болып қалыптасуына үлкен үлес
қосатындарына сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |