Список литературы:
1. Омельченко Л.В. Использование приёмов мнемотехники в развитии связной речи /
Омельченко Л.В. Логопед. 2008. №4. - с.102 -115.
2.Смышляева
Т.Н.
Корчуганова
Е.Ю.
Использование
метода
наглядного
моделирования в коррекции общего недоразвития речи дошкольников // Логопед. – 2005. –
№ 1. – С. 7-12.
3. Чохонелидзе, Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.
4. Ткаченко Т.А. Использование схем в составлении описательных рассказов / Ткаченко
Т.А. Дошкольное воспитание.1990. №10 — с. 16-21.
Көшкеева Бейсен Көшкінбайқызы
қазақ тілі мен əдебиеті пəн мұғалімі,
Түркістан қаласы, №7 Саттар Ерубаев
атындағы мектеп интернат
БІЗ ƏДЕБИЕТТІ ҚАЛАЙ ОҚЫТЫП ЖҮРМІЗ?
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада қазақ əдебиетінің жаңа əдіс тəсілдері арқылы дамыту мен оқытудың
артықшылықтары қарастырылған.
Түйінді сөздер: əдебиет, дамыту, əдіс тəсілдері, оқыту
АННОТАЦИЯ
В этой статье рассматриваются новые методы развития обучения литературы и их
особенности.
139
Ключевые слова: литература, развитие, методы, обучение
ABSTRACT
In this article considered new methods of development of teaching of literature and their features.
Key words: literature, development, methods, educating
Біз сөз еткелі отырған əдебиет дегеніміз не? А.Байтұрсынов «Əдебиет- оқушыға
беймəлім өмірді танытатын қуатты құрал» десе, З.Қабдолов «Əдебиет адамдарға өмірді
танытып қана қоймайды, мінез- құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне əсер етеді.
Əдеби шығарма адамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурайды: қуантады,
сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді. Қысқасы, адамның көңіл күйінде
сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады.» деп баға береді. М.Əуезов «Əдебиет
қазақтың əдеби тілін қалыптастыруда жəне дамытуда тарихи рөл атқарады. Халық өркенді
жыр өнерімен атсалысса, ақын-жазушылар тілдегі небір прогресив жаңалықтар атаулының
бəрін іріктейді, сұрыптайды, жетілдіреді, дəйектендіреді.» деп, қоғам дамуына байланысты
өзгеріп, дамып отыратын құбылыс екенін сипаттайды.
Ендеше, халықтың асыл қазынасы «асыл сөзді» қалай оқытып жүргеніміз жайлы сөз
қозғау заңды да... Осы тақырып аясында бірнеше əріптестеріміз өз іс-тəжірибесі жайлы
пікірлер білдіруде. Атам қазақ қазақ болғалы сөз өнерін бар өнерден асқақ қойып, бір ауыз
сөзден ұтылса астындағы атын беріп, еркін даланың өжет қыранындай тайсалмай «бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп сөз атасын өлтірмеген. Ғасырлар бойы атадан- балаға
мұра болып жеткен сөз өнері бұл күндері əлемдік деңгейге көтерілді. Əдебиеттің барлық
жанры өркениет дамуымен қатар қалыптасты, дамыды. Ауыз əдебиетінен бастау алып, көне
дəуір, Алтын орда дəуірі, Орхон Енисей..т.б. ғасырдан-ғасырға сұрыпталып жеткен асыл сөз
тəуелсіздік алған еліміздің бүгінгі күнімен өрнектеліп, толысып, кемелденіп жатқан шетсіз,
шексіз дүние емес пе?! Халықтың ұлылығын танытатын алып мұхиттың тұңғиығында ата-
бабадан қалаған небір інжу-маржандар толқынын күтіп жатыр емес пе?!
Мен қарапайым ғана мұғаліммін, əйтсе де мені соңғы күндері бір мəселе қатты
толғандырады. Мен əдеби сыншы да емеспін, ғалым да емеспін, дегенмен өз ойыммен
əдебиет жанашырларымен бөлісуді жөн көріп, осы мақаланы ортаға салсам деп отырмын.
Оқушының оралымсыз ойы мен шұбарлау шорқақ тілі біздің қалай оқытқанымыздан
емес, нені оқытқанымыздан емес пе екен? Өйткені əдебиет бағдарламасын алып парақтап қа-
рап көрелік...Бағдарлама аясы тым жұтаң емес пе? Əдебиетті оқытуда жүйелілік сақталған ба?
5-сыныпта ауыз əдебиеті үлгілеріне тоқталамыз да, Махамбет, Абай, Ахмет, Мағжан,
Ілияс, Сəкен, Ғабит т.б., 6-сыныпта Батырлар жыры, Күлтегін, Дулат, Абай, Ахмет..,7-сы-
ныпта Лиро-эпостық жырлар, шешендік сөз үлгілері, Дулат, Махамбет, Абай, Ахмет,
Жамбыл, Сəкен, т.б. 8-сыныпта Ежелгі дəуірі əдебиеті, Махамбет, Абай, Жамбыл, Мағжан,
Мұхтар т.б. 9-сыныпта Ауыз əдебиеті үлгілері:тұрмыс-салт жырлары, төрт түлік малға
байланысты жырлар, наурыз жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, батырлар жыры мен
лиро-эпостық жырлар, шешендік сөз үлгілері беріледі. Ары қарай дəуір-дəуірімен ежелгі
дəуір əдебиеті, жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары, Махамбет, Абай, Ыбырай, Жамбыл,
Мағжан т.б. 10-сыныпта Сал- серілер поэзиясы мен Махамбет, Шортанбай, Абай, Ыбырай,
т.б. 11-сыныпта ХХ ғасыр əдебиетіне тоқтала келіп, соңғы тарауда тəуелсіздік жылдарын-
дағы əдебиетке шолу жасалады. Бағдарламадағы кейбір тақырыптар бала танымына ауырлау
тисе, кейбірінде тіпті жеңіл, кейбір тақырыптар қайталанып келіп жатады. Мысалы,
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 1-сыныпта жəне 5-сыныпта оқимыз, 9-сынып-
тағы «Абай жолын», «Көшпенділер» романын, Ғабит, Ілияс, Мағжандарды 11-сыныпта
қайталап жатамыз. Əдеби мұрамыздың шексіздігін ескерсек, неге бала танымына ұсынар
дүниеге сараңдық танытамыз? Бəлкім, ғалымдарымыз баланың қабілетіне қарай əр дəуір
үлгісінен там-тұмдап ұсынып отырған болар..Алайда, бабаларымыз сауат ашар мектебі
болмаса да тіл тосырқап, сөзден жығылған емес еді ғой... «Келгенде дүние есігін ашар өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең...»деп Абай атамыз жырлағандай, аталарымыз тал
бесіктен жер бесікке дейін сөз құдіретімен тентегін тезге салып, ұрпағын бірін шешен, бірін
140
көсем етіп тəрбиеледі емес пе? Сөз құдіреті шексіз, ендеше бала мүмкіндігін ескермей,
тұлғалық танымын тежеп отырған жоқпыз ба?
Мысалы, қазақ тілі оқулығын алайық.5-сынып лексика, фонетикадан басталып, 6-
сыныпта морфология, 7- 8-сыныпта синтаксис, 9-сыныпта пунктуацияны оқытып келіп, соңы
10-сыныпта сөз мəдениеті мен 11-сыныпта шешендік сөздер үлгісімен қорытындыланады.
Бəлкім, осы тəсілді əдебиетте де қолдануға болатын шығар?
Оқушының жас ерекшелігін зерттеген психолог мамандардың зерттеуіне қарағанда, 12-
15 жас аралығы жеткіншек шақ деп есептелінсе, 15-17 жас аралығы жасөспірім шақ деп
аталады. Жеткіншек шақ - 5-7-сынып оқушыларының болашақ туралы балалық армандардың
орнына өз мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескеріп, болашақ жайлы ойлап, өз ниеті мен
іс-əрекетін жүзеге асыратын кезең. Сананың дамуы баланың өз бетімен тəуелсіз талаптануын
тудырады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Жеткіншектер қоғамға пайдалы
істерге ықыласты, кітап оқуға, кинофильмдер көруге ынталы, спортты ұнатады. Оның
ауқымды əлеуметтік белсенділігі артып, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге,
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға бағытталады. Мораль мəселелерін талдау жəне
адамгершілік тақырыбындағы пікір сайыстардың əсерінен өмірдің мəні, өз болашағы, өз
беделі туралы ойланады. Əдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мəнін,
сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Бұл жастағы оқушы
білімді, əділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімді бағалай біледі.
Мұғалімнің міндеті- онымен бірге іс-əрекеттерді, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі
талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету. Күрделі тапсырмаларды жүйелеп беру арқылы
есте сақтау қабілетін шыңдайтын кезең осы.
Жасөспірім шаққа 15-17 жас аралығындағы 8-11-сынып оқушылары жатады. Адамның
ақыл ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Жасөспірімге өзін көрсетуге
ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тəн. Түрлі іс-əрекетті өз бетімен орындауға
ұмтылып, жауапкершілігі артады. Жеткіншек жаста үй тапсырмасын тек жаттап алатын
болса, енді үй тапсырмасын түсінікті етіп, өз пікірін білдіріп, баға бере айтуға талпынады.
Үлкендермен қарым- қатынаста мейірімді, сыпайы келсе, кейде өрескел түрде тəртіп бұзуға
икем келеді. Жасөспірім бəрін өзім істей аламын деп ойлағанмен, кейбір істерде балалығы
білініп жатады. Олардың бойында дербестікке ұмтылу басым, күні-түні фантастикалық
əдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді. Сабақтан тыс мезгілде компьютер,
электротехникалармен шұғылданып едəуір білім алады, мұндай қызығушылықтар түрліше
фантастикалық іске ұмтылдырады.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі -қазақ. Оның ел
алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығымен, дəулетімен ғана
емес, бауырынан өрген ұрпағының сауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-
бабаларымыз «тектілік» деген ұғымды қастерлеп, оны атадан-балаға мирас етіп қалдыруында
терең сыр жатыр. Шығыстың ғұламасы Əл Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен
сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Қазіргі кезде қазақ халқының өмірінде
бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны
көбеюде. Бұлар дөрекі, əдепсіз, барлық жарамсыз əдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың
ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына, адамгершілік қастиеттерінің қалыптасуына не
нəрсе қажет екенін зерделеп білуге міндеттіміз. Олар- айналадағының бəрінің сыншысы.
Олар өзі жақсы көретін адамдардың да кемшілігін көргіш келеді, сол үшін қиналады. Кез
келген жалғандық оның ызасын тудырады, көңілін қалдырады. Жас жеткіншектерді өмір
ортасының қарама- қайшылықтары қызықтырады, олардың өмірдегі басты қажеттілігі-
айналадағы адамдармен қарым-қатынасын, əлемдегі өз орнын табу. Бұл қажеттілікті
қалыптастыруда əдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Əдебиет жасөспірімдер алдына
адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез- құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мəнін
ашып береді: ол əрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық
құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Білім- жеткіншек үшін еңбектің бастысы.
Ғылым мен мəдениеттің əртүрлі саласымен айналысу оларға тəн. Білім жеткіншекті ұжым
141
алдында сенімді ұстауға мүкіндік берсе, рухани құндылықтарды қалыптастырып, мінез-
құлқындағы тектілік қасиеттерді ұлғайтады.
Осындай ғылыми деректерді зерделей келе, мен əдебиетті оқытудың төмендегідей
жүйесін ұсынғалы отырмын.
5- сыныптағы оқушының есте сақтау қабілетінің ерекше дамитынын ескеріп, тілі жеңіл
ауыз əдебиеті үлгілерін: ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мəтел, аңыз əңгімелерді
ұсынсақ; Өйткені жоғарыдағы ғылыми дерек көздері бұл жастағы балалардың есте сақтау
қабілетінің шыңдалатын сəті екенін баса көрсетеді. Шешендіктің бастауы болған айшықты
сөз үлгілері мақал-мəтел,ертегі-жырды түрлендіре айтқызу, өз қиялынан ертегі, шағын аңыз,
мысал үлгілерін жаздыру өз жемісін береді деп сенемін.
6- сыныпта Батырлар жыры, Лиро-эпостық жыр, Айтыс үлгілерін, Ежелгі дəуір əдебие-
тінің үлгілерінен ұсынсақ; Есте сақтау қабілетін көлемді жыр жаттаумен шыңдаған баланың
ерлікке, батырлыққа еліктеумен қатар, градациямен өрілген, жиі қайталанып келетін жеңіл
сөз орамдары сөздік қорын байыта түсері сөзсіз. Əулие-əмбиелер жайлы аңыздарды
(Қорқыт, Рабғұзи,С.Сараи,) оқу олардың адами қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
7-сыныпта Көне түркі əдебиеті, Жыраулар поэзиясы мен Шешендік сөз үлгілерін, Зар
заман ақындарының шығармаларын ұсынсақ; Ə.Фараби, А.Йасауи, Ж.Баласағұни еңбектері
мен жыраулардың пəлсапалық ой өрнектері, зар заман ақындарының шығармалары арқылы
қоғам өзгерісін салыстыру танымтық, тұлғалық қабілетіне əсер етеді. Жиренше, Бөлтірік
бастаған шешендердің сөзі арқылы философиялық ой иірімдірінің жыраулардан поэзиялық
үлгісімен қатар, қара сөз арқылы да шебер жеткізілгенін салыстыра меңгерер еді.
8-9 –сыныпта- Сал серілер мен жазба əдебиеті;
Сегіз сері, Ақан Сері, Əсет, Жаяу Мұса, Біржан сал, Балуан Шолақ шығармалары жас
өспірім жасына қарай мінез-құлқындағы сұлулыққа деген көзқарасын, ұлттық сипаттағы
саятшылық-мергендікке қызығушылығын қалыптастырады, талғам-танымын дамытады.
Абай, Ыбырай, Шоқан бастаған ақын-жазушыларымыздың шығармасын кезең-кезеңімен
меңгерту арқылы ел тарихындағы елеулі оқиғалардың өзара байланысын бағалап, өзіндік
көзқарасын қалыптастырады. Ұлт-азаттық көтеріліс, қазан төңкерісі, ұжымдастыру
жылдарындағы дүрбелең, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, желтоқсан оқиғалары оқушының
Отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына оң əсерін береді.
10-сыныпта Тəуелсіздік жылдарындағы əдебиет, əлем əдебиеті үлгілері;
Жиырма жылдан бері қоғамдағы ғасырға бергісіз өзгерістер бала танымынан тыс өрбіп
жатқандай, əдебиетіміздің томағасын сыпырған қыран құстай еркін көсілген сан алуан
жанрынан əлемдік озық үлгілермен салыстыра меңгертсек, қазақ əдебиетінің де əлемдік
көкжиекте өз бояуы барын бала сезіне, мақтан ете сөз етер еді...
11-сыныпта Əдеби сын, əдебиет теориясы, əдебиет жанрлары: сатира, юмор, комедия,
фантастика, детектив т.б. Тақырып-тақырыпқа бөліп қарастырып, əр саладағы озық үлгілерді
саралаған əдеби сын материалдарды бала танымына ұсынсақ, меніңше, оқушы айтар сөз
тұщымды болар еді.
Мен, əрине, маман емеспін, алайда қазіргі оқытып жүрген əдебиеттің ішінде соңғы
толқын қатарында І.Есенберлин, М.Шаханов, К.Ахметова, Ф.Оңғарсынова, Ə.Кекілбаев
сынды тарландар тұрса, əдебиет оқулығы 1980-90 жылдардың тасасында қалып кеткендей
əсер қалдырады. Тəуелсіздік алғалы да жиырма жылдың көлемі өтті. Бұл жылдарда əдебиет
мызғып кеткендей, əлде ауызға алар тұщымды дүние жоқ па? Өз елінің жаңару сəтін танып
өспеген бүгінгі ұрпаққа ұлттық патриотизм мен Отансүйгіштік қасиетті қалай меңгертеміз?
Уызына жарымаған ұрпақ тəрбиелеп отырған жоқ па екенбіз? Əдебиетте сатираның
Шонадай уытты, Оспанхандай терең ойлы саңлақтарының шығармаларының болмауы,
қазақы қалжыңның қазақ бойынан алшақтап бара жатқанынан ба? Драмалық шығарма
үлгісінен тек Шерағаның «Бесеудің хаты» ғана берілген. Əрине, терең талдау жасау-
ғалымдардың ісі. Қазақ ұрпағының сөз арнасының тарылуының бір себебі осыда емес пе
екен? Біздікі тек, сөз жанашырының бір даты деп есептерсіздер...Тұңғиыққа тұнған асыл-
маржандарымызды толқытып ел игілігіне жаратар бір толқынның қажет екені сөзсіз .
142
Кудрявцева Наталья Викторовна
учитель математики
КГУ «Школа-интернат для одаренных детей «Озат»
Управления образования акимата Костанайской области,
г. Костанай
ИССЛЕДОВАНИЕ ВЛИЯНИЯ ПРИЁМОВ ПЕДАГОГИКИ
НА УРОВЕНЬ СЧАСТЬЯ НА ОСНОВЕ ДАННЫХ
«ИНСТИТУТА ЗЕМЛИ» THEEARTHINSTITUTE
АННОТАЦИЯ
Ұсынылғаң мақалада білімділектің деңгейімен адамның қарапайым бақыт байланыс мəселесі
қарастырылады. Осы сұрақты қарастыру барысында «Жеринституты» зерттеу орталығы,
ЮНЕСКО аналитикалық тұжырымы, деректері қолданылды. Автор тəрбие жүйесі мен оқыту
үрдісі арасындағы байланыстарын салыстыруға тырысқан. Откізілген зерттеу нəтижесінде
автор білім мен тəрбие қалып негізгі элементерін корсетті, себебі аталын тұжырымадамаға дені
сау, бакытты жəне ұзақ өмірс сүру мүмкіндік береді.
АННОТАЦИЯ
В данной статье рассматривается проблема взаимосвязи уровня образованности и простого
человеческого счастья. В ходе размышления по данному вопросу использованы данные
исследовательского центра «Института Земли», аналитических заключений ЮНЕСКО. Автор
проводит сопоставление системы воспитания и образования с уровнем счастья отдельных стран. В
результате проведённого исследования автор показывает основные элементы модели образования,
которые позволяют человеку прожить долгую, здоровую и счастливую жизнь.
ABSTRACT
The problem of intercommunion of the level of intelligence and simple human happiness is examined
in this article. During the reflection on this matter the data of the research center “Institute of the Earth”,
the analytical conclusions of UNESCO are used. The author compares the system of education and bringing
up with the level of happiness of some countries. As a result of undertaken study the author shows the basic
elements of model of bringing up and education which allow a man to live a long healthy happy life.
Нам посчастливилось жить на стыке веков, в эпоху грандиозных перемен,приоритеты
вокруг меняются с величайшей скоростью. В этом быстротечном мире одной из первосте-
пенных задач становится реформирование систем образования. Современному обществу ну-
жен человек, умеющий самостоятельно добывать нужную информацию, вычленять пробле-
мы и находить рациональные пути их решения, критически мыслящий, творческий. Целью
систем образования ведущих стран является «интеллектуальное и нравственное развитие че-
ловека на основе вовлечения его в разнообразную самостоятельную целесообразную дея-
тельность в различных областях знания»[1, с. 5].Перед нами стоит задача формирования
успешной личности, а её составляющей является простое человеческое счастье. Ведь именно
его желают родители своему новорождённому малышу. Пусть не каждый добьётся стреми-
тельной карьеры, не все станут исследователями, но каждый человек может быть счастлив, и
мы, взрослые, должны научить ребёнка его строить. Размышления привели меня к проблеме:
«А существует ли взаимосвязь между образованием и уровнем счастья?»
Решение данной проблемы привели меня к исследованиям центра «Институт Земли»
TheEarthInstitute, действующего при Колумбийском университете. Аналитики данного
центра представляют рейтинг стран мира по уровню счастья населения.
Авторы проекта хотят привлечь внимание руководителей, политических и обществен-
ных деятелей на нужды и чаяния своих граждан. При составлении рейтинга учитываются
следующие показатели: уровень ВВП на душу населения, продолжительность жизни, нали-
чие гражданских свобод, чувство безопасности и уверенности в завтрашнем дне, стабиль-
ность семей, уровень доверия в обществе, гарантии занятости, уровень коррупции, велико-
душие и щедрость.
143
Ученые сравнили 158 стран по целому ряду показателей. Эти государства были ранжи-
рованы в соответствии с уровнем благополучия и удовлетворенности жизнью их граждан.
Согласно данным WorldHappinessReport самыми счастливыми являются небольшие
европейские страны. Именно они вошли в первую десятку в 2015 году.
Самой счастливой страной, согласно индексу, является Швейцария, набравшая 7,587
балла. Следом идут три скандинавских государства – Исландия (7,561), Дания (7,527) и
Норвегия (7,522). Самой счастливой страной вне Европы является Канада, занявшая пятое
место с 7,427 балла. Далее идут Финляндия, Швеция, Новая Зеландия и Австралия.
Сравнительный рейтинг ведущих стран и Казахстана
Проанализируем характеристики стран первой десятки рейтинга по уровню счастья.
Швеция –одна из наиболее некоррумпированных стран в мире. 84% населения
поддерживают правительство, 40% которого – женщины, 44% шведов в возрасте от 15 до 64
лет имеют оплачиваемую работу. В этой стране мало трудоголиков, т. к. достатка хватает,
чтобы посвятить много времени семье и отдыху.
Финляндия славится высоким качеством образования, хотя длится оно 9 лет, а
профилирующими предметами являются 2 иностранных языка и домоводство. В стране
бесплатное образование, доступная медицина, мощная социальная система и лучшие условия
труда. Финны воспитаны и дружелюбны, любят помогать другим людям.
Дания – небольшое государство в Северной Европе. «Там живут самые довольные
жизнью люди, уровень социальной поддержки в стране очень высок, бедных здесь
практически нет, а так называемые «классовые» различия выражены очень слабо.
Удивительно, но ни одна из крупных экономических держав не вошла в первую
десятку. Так, Соединенные Штаты находятся на 15 месте, Великобритания – на 22, Бразилия-
на 16, Франция – на 29, Германия – на 26, Япония – на 46, Китай – на 84, Индия – на 117.
Казахстан занимает 54 место, Молдова – 52, Белоруссия – 59, Россия – 64, Эстония – 73,
Латвия – 89, Кыргызстан – 77.
При детализации данных Центра гуманитарных технологий большой разрыв в неко-
торых показателях Казахстана с развитыми странами можно объяснить недостаточно разви-
той экономикой. А как быть с коррупцией и свободой прессы? Что мешает казахстанцам
отстаивать свои права, бороться за справедливость?
Очевидно, ответы на эти вопросы кроются в системе воспитания и образовании.
Я внимательно изучила устои семьи, стратегии в образовании, статус учителя в
странах-лидерах по уровню счастья и сопоставила их соответственно с Казахстаном.
Дошкольное воспитание. Ребёнок – личность. Основной принцип воспитания –
вседозволенность. Но это не избалованность, с юных лет ребёнку объясняют, что он такой
же, как все, не лучше других. На мультфильмах учат сопоставлять свои желания с устоями
общества. Выступают против раннего обучения чтению и письму.
Образование. С 7 до 16 лет – единая средняя государственная школа. Основная
функция школы – воспитательная, в день не более 5 уроков, 2 из которых – игры на свежем
Швейцария
Дания
Швеция
Финляндия
Австралия
Казахстан
Индекс счастья 7,8 7,6
7,4 7,4 7,4
5,848
Средняя продол-
жительность
жизни
83 81,9
82 81 82 65,5
Индекс уровня
образования
0,96 0,91
0,99 0,99 0,99 0,70
Размер ВВП (млн
USD)
67851 51424
558900 42159 51642 13072
Доход на душу
населения (USD)
84344 44325
57297 50450 62822 20680
144
воздухе. Уроки не задают, знаниями не перегружают, но на очень высоком уровне
преподавание языков. Большое внимание развитию массовых видов спорта.Родители
принимают активное участие в выборе изучаемых предметов, экзаменов. После 9 класса
встаёт выбор межу гимназией, профессиональным образованием, продолжением обучения в
10-м классе. Основная установка в школе – развитие творческих способностей, гибкости
мышления, умения взаимодействовать друг с другом, учат высказывать и защищать свою
точку зрения. Благодаря атмосфере доверия, сотрудничества, созданных в школе, чаще всего
семейные пары образуются из бывших одноклассников. Для зачисления в ВУЗ помимо теста
по предмету, отбор проходит по аттестатам, биографии и состояния здоровья. Общение с
преподавателями очень демократичное, обращение на «ты» и по имени. Студенты
занимаются научной работой, но для написания диплома необходимо выиграть грант.
Достарыңызбен бөлісу: |