Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет18/78
Дата31.03.2017
өлшемі10,03 Mb.
#10992
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78

 

Список литературы: 

1.  Качурин  М.Г.  Организация  исследовательской  деятельности  учащихся  на  уроках 

литературы. М., 1988. 

2.  Кудряшев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. - М., 1981. 

3.  Леонтович  А.  Учебно-исследовательская  деятельность  школьников  как  модель 

педагогической технологии. Народное образование. № 10. 1999. 

4.  Лернер  И.  Я.  Поисковые  задачи  в  обучении  как  средство  развития  творческих 

способностей. // в кн. Научное творчество. Под ред. Микулинского С. Р. – М., 1969. 

5.  Мадер Р.Д. Первые шаги в научном поиске // Литература в школе. – 1981. – № 12. 

6.  Московкина И. И. Урок-исследование. Специалист 1999, № 7 

7.  Пахомова  Н.Ю.  Метод  учебного  проекта  в  образовательном  учреждении. – М.: 

Аркти, 2003.  

8.  Сергеева 

М.Г. 


Об 

экспертизе 

исследовательских 

работ 


учащихся // 

Исследовательская работа школьников. – 2003. № 3. – С. 136-138.  

 

 

Жұмабаева Айжамал Мықтыбекқызы 



п.ғ.к.,ТарМПИ доценті,  

Тараз қаласы 



 

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

 ҚОЛДАНУ» АРНАЙЫ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

АННОТАЦИЯ 



Мақалада  «Қазақ  тілін  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  қолдану»  арнайы  курсын 

оқыту  тəжірибесі  баяндалған.  Автор  дəстүрлі  офистік  бағдарламалармен  қатар Windows Movie 

114 

 

Maker, ACTIVstudio сияқты  бағдарламалардың  тиімділігіне  тоқталған.  Сонымен  қатар  қазақ  тілі 



мен  əдебиеті  мамандығы  студенттерінің  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыруда SunRav 

WEB Class.Book, WebEXE  бағдарламасының  маңызды  екеніндігі  туралы  қорытынды  жасаған. 

Курсты  оқыту  барысында  жүргізілген  педагогикалық  эксперимент  нəтижелері  білім  сапасын 

арттыруға мүмкіндік берген. 

Түйінді сөздер: қазақ тілін оқыту əдістемесі, ақпараттық технологиялар, таңдау пəні. 

АННОТАЦИЯ 

В  статье  показан  опыт  проведения  специального  курса  по  методике  преподавания 

«Использование  информационных  технологий  в  преподавании  казахского  языка».  Автор  отмечает 

эффективность программ  Windows Movie Maker, ACTIVstudio наряду с традиционными офисными 

программами.  Кроме  того,  в  формировании  информационной  компетентности  студентов 

специальности  казахского  языка  и  литературы  были  использованы  программные  оболчки SunRav 

WEB Class.Book, WebEXE. Педагогический эксперимент, проведенный в обучении позволил улучшить 

качество обучения по преподаваемой дисциплине. 

Ключевые слова: методика преподавания казахскского языка, информационные технологии, 

элективный курс. 

ABSTRACT 

The article describes the experience of holding a special course on teaching the “Use of information 

technologies in the teaching of the Kazakh language". The author notes the effectiveness of the programs 

Windows Movie Maker, Activestudio along with traditional office programs. In addition, the formation of 

information competence of students of the Kazakh language and literature were used software shell SunRav 

WEB Class.Book, WebEXE. Pedagogical experiment conducted in the training has improved the quality of 

training in teaching discipline. 

Keywords: methods of teaching kazahskogo language, information technology, elective course. 

 

«Қазақ  тілін  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  қолдану»  арнайы  курсы  қазақ  тілі 



мен  əдебиеті  мамандығы  студенттеріне 2006 жылдан  бері  оқытылып  келеді.  Жыл  өткен 

сайын ақпараттық құралдардың жетілдіріліп отыруына байланысты курс мазмұны да өзгеріп, 

толықтырылып отырды. 

Бұл  пəн  студенттердің  ақпараттық  мəдениетін  жетілдіруді,  оқытуды  ақпараттандыру-

дың  педагогикалық  негіздерімен  таныстыруды,  деңгейленген  оқу-педагогикалық 

тапсырмалар  құра  білуді  жəне  дайын  бағдарламалық  қабықшалар  көмегімен  электронды 

оқулық құрастыра білуді үйретуді көздейді. 

Осы  курсты  оқыту  барысында  техникалық  жəне  аудиовизуалдық  құралдар  оқыту 

құралдары ретінде (олардың дидактикалық жəне əдістемелік функциялары, оқу материалын 

құрастыру  принциптері,  қазақ  тілін  оқытуда  педагогикалық  қызметті  ұйымдастыру 

ерекшеліктері) қарастырылды. 

Пəннің  мақсаты – студенттердің  ақпараттық  мəдениетін  қалыптастыру;  оқытуды 

ақпараттандыру  құралдарының  техникалық  құрылымымен  жəне  қызметімен  таныстыру; 

деңгейленген ақпараттық оқу ортасында жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. 

Мектептегі информатика курсында жəне ЖОО-ның 1-курсында оқылатын информатика 

пəндері  бойынша  алған  білімді:  мəтіндік,  графикалық  редакторлар,  кесте  құру,  мəліметтер 

базасын  жасау,  бағдарламалаудың  Бейсик,  т.б.  тілдерінің  негізгі  операторларымен  жұмыс 

істеу  дағдысын  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  принциптерімен,  мақсаты  мен  міндеттерімен 

тығыз байланыстыру пəннің қажеттігін көрсетті. 

Студенттер  қазақ  тілі  бойынша  оқу  материалдарын    түсіндіруде  компьютерді 

көрнекілік ретінде қолдана білуді (презентация, диаграмма, т.б.), қазақ тілі материалдарынан 

деңгейлік  тапсырмалар  құрастыра  білуді,  Интернет    желісі,  локальды  желі  арқылы 

мəліметтер алу, сақтау, тарату т.б. жұмыс сітеуді үйренді. Лекция барысында педагогикалық 

бағдарламалық құралдар түрлері, қазақ тіліндегі бағдарламалық өнімдер, қазақ тілін үйретуге 

арналған  бағдарламалық  құралдар, «Қазақша  сұқбат», «Орфография  жəне  пунктуация» 

электронды    оқулықтары [1] т.б.  тақырыптарға  байланысты  мəліметтер  берілді.  Сонымен 

бірге  оқу-тəрбие  үрдісінде  компьютерге  қандай  нақты    педагогикалық  функцияларды 

жүктеуге  болады,  педагог  пен  білім  алушының  қарым-қатынасы,  сонымен  бірге  білім 



115 

 

алушылардың    бір-бірімен  қарым-қатынасы  оқытуды  компьютерлендіру  жағдайларында  



қалай өзгереді, үйретуші бағдарламалар мен  электронды оқулықтарды құрастырғанда жəне 

пайдаланғанда қандай талаптарды басшылыққа алу керек; шет елдерде компьютерлік оқыту 

теориясы мен практикасы қалай дамып жатыр, қазақ мектебін ақпараттандырғанда, олардың 

қандай жетістіктерін ескерген жөн сияқты сұрақтарға да пікірталастар ұйымдастырылды. 

М.Б.Лебедева,  О.Н.Шилова  кəсіби  ақпараттық  құзыреттілік  компоненттері  ретінде [2, 

б. 98]: 


-интернет-қорларды пайдаланып оқыту үшін қосымша ақпаратты іздеу жəне біріктіру; 

-өзінің кəсіби деңгейін жоғарылату үшін интернет-конференцияларға, оқытушылардың 

бірлескен желілік жұмыстарына қатысу; 

-компьютерлік  үйретуші  бағдарламаларды  құру  жəне  оқу  ақпаратын  стандартты 

қосымшалар мен құралдар жүйесі арқылы беру, көрсету; 

-стандартты  қосымшалар  мен  арнайы  бағдарламалар  көмегімен  компьютерлік  тестер 

жасау; 

-стандартты  қосымшалар  мен  арнайы  бағдарламалар  көмегімен  оқу  мақсатындағы 



деректер қорын құру; 

-HTML-редакторлар,  стандартты  қосымшалар  мен  құралдар  көмегімен  электронды 

тасымалдағыштарда оқу құралдары мен материалдарын жасау жəне оқу мақсатына арналған 

жеке интернет-ресурстар құру; 

-білім  беру  мен  тəрбиелеуде  дайын  мультимедиалық  құралдарды  қолдана  алуды 

атайды. 


Қазір ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыру жолдары [3, б. 76 – 81] қарастырылуда.  

Бірінші  деңгей  мен  оқытудың  бірінші  кезеңі – компьютерлік  телекоммуникациялар 



зерттеу нысаны. 

Компьютерлік  технологиялар  бойынша  курс  бағдарламасын  дайындау  барысында: 

қоғамдық  сұранысты  педагогикалық  мекеме  түлектерінің  ақпараттық  сауаттылығына 

трансформациялау  арқылы  курс  мазмұны  мен  бағытын  айқындау;  педагогикалық  мақсатты 

студенттердің таяудағы даму аймағына сəйкес нақтылау; педагогикалық процесті оқытудың 

мазмұны,  əдіс-тəсілдері  мен  формаларын  ғылыми  негізделген  түрде  таңдай  отырып 

құрастыру сияқты міндеттер шешіледі. 

Жасалған  бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында  өзара  тығыз  байланысты  мақсатты, 

мазмұнды  нақтылау,  студент  қызығушылығын  арттыру  процестері  нақтыланып [4, б.21], 

белгілі  бір  əдістер,  қажетті  бағдарламалық  жасақтамалар  жүзеге  асады,  кері  байланыс 

негізінде  оқу  үрдісін  бақылау  мен  реттеу  жүріп  жатады,  оқытуға  ыңғайлы  жағдайлар 

(мысалы, информатика кабинетін заманға сай жабдықтау арқылы) оқыту əдістері [4, б. 137] 

мен дидактикалық элементтерге де өзгеріс əкеледі. Бұл кезеңді бағалау сандық жəне сапалық 

деңгейде  жүргізіледі,  мəселен  тестілеу  нəтижесінде  курстың  кемшілік  жақтары  байқалуы 

мүмкін. 

Өткізілген  курс  нəтижелерін  талдау  кезеңі  мазмұнды  тереңдету,  кеңейту  немесе 

азайту, қолданылған əдістер мен формалардың тиімділігін бағалау, үйретуші педагогикалық 

бағдарламаларды  пайдаланудағы  курстың  жетістік  жəне  кемшілік  тұстарын  байқау,  осы 

нəтижелерге  сүйене  отырып  жаңа  міндеттер  қою,  шетелдік  тəжірибелерге  үңілу  жəне  т.б. 

сияқты  түзетулер  жасауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге  жоспарланған  жəне  нақты 

орындалған оқу нəтижелері талданды. 

Білім  беру  технологияларын  жобалаудың  маңызды  элементтері  анықталды.  Оның 

құрамына  студенттер  білімін  алдын  ала  байқау  енеді,  яғни  сауалнама  немесе  тестілеу 

көмегімен  бірнеше  мəселелерді  шешуге  мүмкіндік  туындайды - дайындық  деңгейін 

айқындау;  қажетті  компьютерлік  дағдыларды  қалыптастыруға  кері  ықпал  еткен  себептерді 

түсіну;  оқу  мотивациясын  бағалау;  кəсіби  деңгейін  жоғарылатуға  деген  жеке 

қызығушылығын анықтау жəне т.б. 

Бастапқы оқыту элементтеріне психологиялық кедергіні жою, пайдаланушыға қажетті 

алғашқы  дағдыларды  қалыптастыру,  білім  алушыларға  жеке  көзқарас  тұрғысынан  келіп, 


116 

 

модульдік  əдіспен  ұйымдастырылған,  ішкі  логикасы  бекем,  жеткілікті  деңгейдегі  курс 



прототип бола алатын  үздіксіз оқыту жүйесін жасау енеді.  

Екінші  деңгей  мен  оқытудың  екінші  кезеңі – компьютерлік  телекоммуникациялар 

оқыту құралы.  

Компьютерлік  технологиялар  бағдарламалық  жасақтамасы  үйренуге  қажетті  дағдылар 

емес,  белгілі  бір  міндеттерді  шешуге  арналған  құрал  ретінде,  мысалы,  студенттер  газетін 

шығару немесе жиналған материалдардан деректер қорын құру үшін қолданылғанда ассоциа-

цияланады.  Компьютерлік  технологиялардың  бағдарламалық  жасақтамасын  пайдаланудың 

бұл  түрі  «педагогикалық  тұрғыда  бейтарап»  болып  сипатталады,  өйткені  білім  беруді 

ұйымдастыру түріне (дəстүрлі түрде ме, əлде қашықтықтан оқыту ма) қатыссыз. 

Оқытудың интерактив тəсілдеріне қарым-қатынас нобайлары – «Электронды байланыс 

арқылы əңгімелесу», хат жазысу, виртуалды сыныптар, электронды мекенжай арқылы əйгілі 

адамдармен байланысу, мұғалімдерге арналған телеконференциялар т.б. жатқызуға болады. 



Үшінші  деңгей  мен  оқытудың  үшінші  кезеңі – компьютерлік  телекоммуника-

циялар оқыту ортасы

Интернетті  инновациялық  əлеуметтік-педагогикалық  орта  ретінде  қарастырғанда, 

компьютерлік  технологиялардың  бағдарламалық  қосымшалар  кешені  орта  ретінде  ерекше-

ленеді.  Оқыту  ортасы  ретінде  қосымшалар  мазмұнды  жеткізуші  болып  табылады.  Мұндай 

қосымшалар қарапайым сөздіктерден бастап күрделі имитаторларға дейін болуы мүмкін. Бұл 

жағынан  қарағанда  оларды  педагогикалық  нейтрал  деуге  болмайды,  олар  міндетті  түрде 

(эксплицитті  немесе  имплицитті)  оқу  теорияларының  біріне  негізделіп  отырады.  Телеком-

муникациялық  ақпараттық  ортада  оқытудың  педагогикалық  міндеті  дəстүрлі  оқытудан 

өзгеше: оқытып қана қоймай, жеке оқуды қашықтықтан басқару жүзеге асады. 

Оқу технологиялары оқу ортасына қарай жіктеледі. Қазіргі компьютерлік технология-

лар оқу технологияларының арасында кеңінен тараған орта ретінде WWW-серверлерді атауға 

болады.  Олар  оқу  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  əдістері  мен  тəсілдеріне  қарай  типтелуі 

мүмкін.  Ақпараттық  сервер,  тестік  сервер,  проблемалық  сервер,  имитациялық  сервер, 

күрделі реалды серверлер болып бөлінеді. 

Алғашқы  оқу  жылында  студенттер  қажетті  мəліметтерді  конспектілеп,  содан  кейін 

бағдарламалық  жасақтамамен  жұмыс  істеудің  оқытушы  көрсеткен  негізгі  тəсілдерін 

қайталап,  меңгерді.  Оқытудың  бұл  түрінде  біз  түсіндіру-иллюстративтік  тəсілді  қолдандық 

та, студенттермен жеке жұмыс істеуге аз уақыт қалды. Студенттер белгілі бір білім көлемін 

меңгергенмен,  бағдарламалық  жасақтамамен  жұмыс  істегенде  оны  салыстырмалы  түрде 

əлсіз қолданды. Білім мен іскерлікті меңгеруінің орташа балы 3,3-3,4 болды. 

Екінші  оқу  жылында  студенттер  бағдарламалық  жасақтаманы  үйретуші  бағдарлама 

көмегімен зерттеді. Одан кейін олар бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу іскерліктері 

мен  дағдыларын  өз  бетінше  қалыптастырып,  жаттықты.  Сабақ  кезінде  оқытушы  олардың 

жұмысын  түзетіп  отырды.  Жұмыстың  бұл  түрінде  де  түсіндіру-иллюстративтік  əдіс  басым 

болды,  бірақ  үйретуші  программаларды  қолдану  оқу  үрдісін  біршама  жекелеп  жүргізуге 

мүмкіндік берді. Білім мен іскерлікті меңгерудің орташа балы 3,5-3,7 құрады. 

Үшінші  оқу  жылында  студенттер  алдын  ала  дайындалған MS Office Power Point, 

Windows Movie Maker, ACTIVstudio тапсырмаларымен  жұмыс  істеді.  Онда  алдыңғы 

тапсырма  келесі  тапсырмаға  тірек  болатындай  етіп  құрастырылған  еді.  Ондай  жағдайда 

оқытушы  əрбір  студентпен  жеке  жұмыс  істеуіне  көбірек  уақыт  бөлінді.  Оқытудың  бұл 

əдістемесі орташа балды 4,1-4,3-ке дейін жоғарылатуға ықпал етті.  

Төртінші  оқу  жылында  студенттер SunRav WEB Class.Book, WebEXE бағдарламалық 

жасақтамада жұмыс істеу жəне мүмкіндіктерімен танысуды үйретуші программа көмегімен 

іске асырды, сонан кейін оқытушының басқаруымен алдын ала құрастырылған тапсырмалар-

ды орындап, білім мен іскерліктерін бекітті. Бұл жағдайда білім мен іскерлікті меңгеру 4,4-

4,7 балды құрады. Осы жылғы жетістіктер келесі оқу жылдарында да қайталанып отырды. 

Эксперимент  нəтижелері  құрастырылған  тапсырмаларды  үйретуші  программамен 

кешенді қолдану оқу процесін белсендендіре отырып, жаңа материалды түсіндіргенде уақыт 



117 

 

үнемделетінін көрсетті. Сол арқылы студенттерге материалды практикалық тұрғыда бекітуге 



уақыт  көбірек  бөлінді  де,  білім  мен  іскерлікті  терең  меңгеріп,  сапасын  арттыруға  жағдай 

жасалды.  Сонымен  бірге  берілген  уақыт  ішінде  оқытушының  студенттермен  жеке  жұмыс 

істеуіне,  материалды  меңгеруге  көмек  беруіне  мүмкіндік  жасалды.Алынған  нəтижелерге 

талдау барысында білім, іскерлік пен дағдыны түрлі деңгейде меңгеру оқытушы қызметінің 

жемісті болуына ықпал ететіні белгілі болды. 

Студенттердің  компьютерлік  технологияларды  оқу  процесінде  пайдалану  іскерлігін 

тиімді  қалыптастырудың  объективті  шарттары  ретінде  олардың    ақпараттық  технология-

ларды оқу процесінде қолдану орны мен мүмкіндіктері, компьютерлік технологиялармен жұ-

мыс  істей  білу  іскерліктері  мен  дағдыларының  қажетті  жүйесі  жəне  ақпараттық  техноло-

гияларды  оқу  процесінде  қолдану  тəсілдері  туралы  білім  жүйесін  игеруін  атауға  болады. 

Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  оқу  мақсаты,  мазмұны  мен  оқу  əдістерінің  өзара 

тығыз  байланыстылығы,  ақпараттық  технологияны  қолдану  іскерлігі  мен  білімі  сапасының 

білім  алушының  жеке  ерекшеліктері  мен  оқу  құралдары  жүйесіне  тəуелділігі  сияқты 

болашақ  мұғалімді  кəсіптік  дайындаудың  педагогикалық  заңдылықтары  осының  негізінде 

айқындалады. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1.Сарыбеков  М.Н.,  Жумабаева  А.М.  Электронный  учебник – программа  для  ЭВМ 

«Орфография  и  пунктуация  казахского  языка».  Авторское  свидетельство  №92  от 19 марта 

2008 года, выдан Министерством Юстиции РК. 

2.Лебедева  О.В,  Шилова  Н.А.  Что  такое  компетентность  студентов  педагогического 

университета и как ее формировать?  // Информатика и образование. –2004. –№ 3. –С.95–98. 

3.Выступление министра Образования и науки РК на республиканской педагогической 

интернет  конференции.  г.Астана, 18 августа 2009 года // 12-летнее  образование.  Респуб-

ликанский научно-методический, информационно-аналитический журнал. 2009. №9. С.76-81. 

4.Захарова  И.Г.  Информационные  технологии  в  образовании:  Учеб.  пособие  для 

студентов выс. учеб. заведений. –Москва: Академия, 2009. –С.211. 

 

 

Ибрагимова Наиля Ахтамовна 



канд. биол. наук, старший преподаватель КНУ,  

г.Алматы 

 

К МЕТОДОЛОГИИ ДИСЦИПЛИНЫ «МИРОВАЯ ГЕОГРАФИЯ ТРАНСПОРТА»  

ДЛЯ СТУДЕНТОВ, ОБУЧАЮЩИХСЯ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ  

«ТРАНСПОРТНАЯ ЛОГИСТИКА» 

 

АННОТАЦИЯ 

Қаралды кейбір оқытудың əдіснамалық аспектілері дисциплины "География əлемдік көлік". 

Түйінді  сөздер:география,  əлемдік  көлік,  географиялық  қарым-қатынастар,  географиялық 

принциптері, көлікті логистика 

АННОТАЦИЯ 

Рассмотрены  некоторые  методологические  аспекты  преподавания  дисциплины  «География 

мирового транспорта». 

Ключевые  слова:география,  мировой  транспорт,  географические  отношения,принципы, 

транспортная логистика 

АBSTRACT 

Some methodological aspects of teaching of discipline are considered "Geography of world 

transport". 

Keywords: geography, world transport, geographical relations, geographical principles, transport 

logistic 

 


118 

 

В тематическом содержании дисциплин обязательным компонентом выступает раздел 



«введение». Как известно, именно этот раздел позволяет обучающим, сформировать общую 

мировоззренческую картину на изучаемый предмет.Раздел «Введение в дисциплину мировая 

география транспорта» условно можно разделить на несколько составных частей. 

В  первой  части  с  постановки  проблемного  вопроса  дается  определение  транспорта, 

раскрывается  функция  транспорта-перемещение  больших  объемов  грузов  и  числа  пассажи-

ров  на  близкие,  средние  и  дальние  расстояния,  быстрее,  безопаснее  и  комфортнее. 

Обучающие  могут  определить  отличительную  особенность  транспорта  от  других  отраслей 

хозяйства, в частности: 

•  транспорт  есть  продолжение  процесса  производства,  и  процесс  производства 

продукции заканчивается тогда, когда продукция доставлена к месту потребления 

•  продукция транспорта-перевозка  грузов  и  пассажиров.  Поэтому  проблема  резервов 

на транспорте состоит в создании не запасов продукции, а резервов пропускной и провозной 

способности 

•   транспорт  представляет  собой  крупную  динамическую  систему,  так  как  основные 

средства транспорта подвижными по отношению производственному объекту и продукции. 

Также  раскрыть  понятие  транспортного  процесса,  состоящего  из  трех  основных 

элементов:  погрузки,  движения  и  разгрузки.  Кроме  того,  студенты  могутопределить 

составляющие  транспортной  системы,  которая  основывается  на  трех  составляющих- 

транспортные узлы транспортные  сети и транспортные средства. 

 По  числу  видов  транспорта  различают  мономодальные  (одновидовые)  транспортные 

системы (развит один вид транспорта, который доминирует над остальными видами, которые 

развиты  слабо)  и  полимодальные  (или  многовидовые;  развито  несколько  видов  транспорта, 

но в разной степени) [1].  

Вторая  часть  посвящена  собственно  раскрытию  определения  географии  транспорта, 

изучающая  транспорт как географическое явление, в частности: 

•  связывание  всех  элементов  территориальной  структуры  хозяйства  транспортными 

линиями в единую систему  

•  взаимодействие с территорией, природой, населением  

•  как  элемент  территории,  тесно  связанный  с  природными  и  социально-

экономическими условиями. 

Элементы транспортной системы связаны друг с другом транспортно географическими 

отношениями: транспортное тяготение, близость или удаленность, доступность, транспортно-

географическое положение, транспортное освоение территории. 

Итак,  территориальная  транспортная  система  отличается  от  другой  транспортной 

системы наличием транспортно-географических отношений. География изучают именно эти 

отношения. 

И  затем  при  раскрытии  принципов  транспортной  географии  предлагается  обосновать 

каждый[1]: 

•  транспорт является пространственной привязкой в производственный процесс 

• расстояние  является  понятием  относительным,  расстояние  воспринимается  как 

количества усилий, прилагаемых для ее преодоления 

• пространство  может  оказывать  поддержку  и  ограничивать  подвижность  транспорт. 

Например, река выступает в качестве сдерживателя  наземных транспортных систем, таких 

как  автомобильные  и  железные  дороги,  а  представляет  собой  поддержку  речной  транспорт 

(если река судоходна). 

• место (точка отправки груза, людей и информации) выступает в качестве генераторов 

(происхождения) и в качестве аттракторов (направления) движения 

• транспорт  использует    пространство,  в  частности  транспортная  инфраструктура 

являются  потребителями  пространства:  чем  больше  транспортная  система  и  чем  выше 

уровень ее мобильности, тем более обширные территории она использует 



119 

 

• транспорт стремится к массификации



 

(массовость). 

В  третьей  части  рассматриваются  исторические  этапы  становления  географии 

транспорта, что можно оформить в виде таблицы, выделив наибольшие достижения каждой 

из  школ  в  виде  выводов.Немецкая  школа (Verkehrsgeographie): Артур  Гётц,  И.Коль,  Л. 

Лаланн,  Ф.  Ратцель,  А.  Геттнер  и  О.Блюм.  Во  французской  школе  географии:  география 

транспорта  рассматривалась    как  часть  географии  коммуникаций  (связи,  транспорт,  сферы 

денежного  обращения),  в  настоящее  транспортная  география  является  составной  частью 

экономической  географии.  Американская  школа  географии  транспорта  начала 

формироваться в 30-е гг прошлого века и четко выделяются два этапа.  На первом изучали 

грузопотоки  на  разных  видах  транспорта  с  составлением  карт  этих  потоков  (сначала – по 

железным  дорогам  и  потом    авиаперевозок)  и  второй  этап  характеризуется  гуманизацией 

географии  транспорта,  когда  стали  изучаться  поведенческие  аспекты  людей  на  транспорте 

(1950 – 1990-е гг.).  

Итак,  рассмотрены  некоторые  методологические  аспекты  преподавания  дисциплины 

«География  мирового  транспорта»  для  студентов,  обучающихся  по  специальности 

«Транспортная логистика». 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет