Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет26/78
Дата31.03.2017
өлшемі10,03 Mb.
#10992
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78

Список литературы: 

1. Табакова З. Этнопоэтика. Диалог культур и языков, Германия, 2014г. – 137с. 

 

 

Мұсағалиева Арайлым Сəбитқызы 



тарих ғылымдарының докторы, 

 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, профессоры 

Астана қаласы. 

Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы 

тарих ғылымдарының кандидаты 

Қостанай қаласы 

 

АЛТЫНСАРИНМЕН БІРГЕ ОҚЫҒАНДАР 

 

АННОТАЦИЯ

 

Аталған  мақала  қазақтың  белгілі  ағартушы-ғалымы  Ы.Алтынсарин  оқыған  Орынбор 

Шекара  комиссиясы  жанынан  ашылған  қазақ  балаларына  арналған  мектептің  ашылу  тарихына 

арналған. Мұрағаттардағы құжаттарды талдау арқылы, сол уақыттардағы жарлықтар негізінде 

білім берудің басты мақсаты мен міндеттерін, пəндерді беру ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен 

қатар мектепке алғаш қабылданған қазақ балаларының толық тізімі берілген. 

Түйінді сөздер: ереже, шекаралық комиссия, мектеп, кесте, тізім. 

АННОТАЦИЯ

 

Данная  статья  посвящена  истории  создания  школы  для  детей  казахов  при  Оренбургской 

пограничной комиссии, где получил образование выдающийся педагог-просветитель Ы. Алтынсарин. 

На основе анализа нормативных документов, указов тех лет, раскрываются основные цели и задачи 

данного образовательного учреждения, особенности преподавания учебных дисциплин. 

 

Ключевые слова: положение, пограничная комиссия, школа, расписание, список. 

АBSTRACT 

In this article is considered the history of establishing the Kazakh student school overseeing by the 

Orenburgh Boundary Commission, where studied Y. Altynsarin the distinguished teacher-enlightener. On the 

basis of the normative documents analysis, decrees of those years, main objectives and tasks of this 

educational institution, feature of teaching subject matters are revealed.  

Keywords: Provision, The Boundary Commission, school, schedule, list 

 


164 

 

Патша  өкіметі  Орынбор  шекара  комиссиясы  жанынан 1850 жылы  қазақ  балаларына 



арнап  мектеп  ашқаны  белгілі.  Ондағы  мақсаты – Қазақ  балаларына  білім  беріп,  жоғары 

қызмет істеулеріне жағдай жасау емес, писерлер мен тілмəштар дайындау еді.  

Орынбор  шекаралық  комиссиясы  жанындағы  қазақ  балалары  оқитын  мектепке 

басшылық жасау жөніндегі нұскаудың бірінші-екінші параграфтарында оқушылардың қазақ 

сұлтандары,  би,  старшындары  мен  карапайым  отбасынан  шыққандарының  барлығы  үкімет 

қарауына беріліп, мектепке тəрбиеленушілер қабылдау екі жыл сайын 22 тамызда жүргізілуі 

керектігі айтылған[1, 7 п.].  

Нұсқаудың  үшінші  параграфында  ордалықтар  балаларын  мектепке  орналастыру  үшін 

билеуші  сұлтан  мен  Орынбор  шекаралық  комиссиясына  өтініш  берулері  тиіс  екендігі 

көрсетілсе,  төртінші  параграфында  мұсылмандық  ғибадатты  атқарушыны  Орынбор  рухани 

мұсылмандар  жиналысы  таңдап,  шекаралық  комиссия  ұсынысымен  Орынбор  əскери 

губернаторы  бекітуі  тиістігі,  бесінші  параграфында  сабақ  беретін  мұғалімдерді  орыс  жəне 

татар  тілдерін,  көркем  жазу  мен  арифметиканы  жетік  меңгерген  Орынбор  Неплюев  кадет 

корпусы  оқытушылары  мен  осы  оқу  орнында  білім  алғандар  арасынан,  немесе  Қазан 

университетін  бітірушілер  қатарынан  таңдап,  оларды  Орынбор  əскери  губернаторы 

рұқсатымен бекіту керектігі көрсетілген[1, 7 қ.п.].  

Тергеу  ісі  мен  кеңсе  қағаздарын  жүргізу  оқытушыларын  Шекаралық  комиссиясы 

шенеуніктері  қатарынан,  солардың  ішінде  хатшылар  арасынан  комиссия  төрағасы 

тағайындапты. Сондай-ақ гимнастика сабағын өткізу де жоспарланып, оған мұғалім Неплюев 

кадет корпусынан шақыртылыпты [2. 216 б.].  

Орынбор  шекаралық  комиссиясының  жанындағы  қазақ  балаларына  арналған  жеті 

жылдық  мектеп  туралы  ережеде (14 маусым, 1844) мынадай  пəндер  оқытылуы  керектігі 

көрсетілген: ислам заңдары, орыс тілі, оқу, таза жазу мен грамматика; Арифметика жəне есеп 

шотта  санау  тəсілі;  татар  тілі,  іс  жүргізу  тəртібі  жəне  орыс  тілі  мен  татар  тілінде  іс 

қағаздарын жазу. 

Татар  тілінен  колледж  хатшысы  Бекчурин,  орыс  тілі  мен  арифметикадан  титулярлық 

кеңесші Костромитинов, Мұхаммед заңынан Орынбор мешітінің ахуны Мусин сабақ берген. 

Дүйсенбі,  сейсенбі  күндері  сабақ 9ºº-де  басталып,  сағат  төртте,  сəрсенбі,  бейсенбіде  сабақ 

сағат 9ºº-де басталып, 11ºº-де аяқталған. Сенбі, жексенбі күндері сабақ 9ºº-де басталып, сағат 

төртте аяқталған. [1, 9 - 9 қ.п.; 10 п.]. 

Аптасына өтетін 20 сабақтың сегізі орыс тілінде, алтауы татар тілінде жүргізілген.  

Қазақ тілі атымен жоқ. Бұдан ХІХ ғасырдың 50-80 жылдарында қазақ даласында татар 

тілінің іс-қағаздар тілі болғанын, қазақ тіліне мəн берілмегенін аңғару қиын емес. Бұл тілін 

ұмыттырып, дінінен тайдыру, ділінен айыру, сөйтіп шоқындыру айла-тəсілі еді.  

Мектептің  ашылу  салтанаты  жайында  А.В.Васильев  «Торғай  облысындағы  халық 

ағарту  ісі  жəне  оның  қазіргі  күйі  туралы  очеркінде»: «Шекара  комиссиясы  жанындағы 

мектеп 1850 жылдың 22 авгусы күні салтанатты түрде ашылды, оған қырғыздардың барлық 

игі  жақсылары,  оқушылардың  ата-аналары  мен  өзге  туған-туысқандары  қатысты,  олардың 

бəріне  мектепте  қонақ  асы  берілді,  сол  қонақ  асыға  Орынбор  қаласының  барлық  білікті 

адамдары  қатысты,-  деп  жазды, - 23 күні  қырғыздарға  арналып,  қаланың  сыртында, 

халықтық  мереке  өткізілді,  онда  ат  жарыс,  күрес,  жаяу  жарыс  өткізілді,  қонақ  асы  берілді; 

түнге қарай фейерверк жағылды, оған дала тұрғындары таң-тамаша болып қарады» [3, 37-38 

б.б.]. 

Бақылаушылар  жалақысы – 400 сом;  орыс  тілі,  көркем  жазу,  арифметика  мұғалімінің 



жалақысы – 250 сом; татар тілі мұғалімінің жалақысы – 250 Мұхаммед заңдарынан оқытушы 

ахунның  жалақысы – 100 сом;  екі  унтер – офицер  əрқайсысы 80 сомнан 160 сом  алып 

отырған.  Барлық  жалақы  мөлшері  жылына  күміс 1110 сомды  құрады.  Тəрбиеленушілерді 

қамтамасыз  ету  үшін:  тамаққа  əрқайсысына 36 сомнан  бөлгенде 1080 сом,  киімге 

əрқайсысына 25 сомнан 750 сомды  құрады.  Барлығы – 1830 рубль.  Жылу  мен  жарыққа, 

қызметкерлер жалдауға жəне басқа да шығындарға – 1000 сом. Штатқа бөлінген жалақының 

жалпы көлемі: 3940 сом болды [4]. 


165 

 

1959 жылдан бастап мектепте орыс тарихы, математика, жалпы жəне орыс географиясы 



мен геометрияны оқыту енгізілді.  

Оқу құралдары Халық ағарту министрлігі тарапынан қамтамасыз етіліп отырды. Бірақ 

сонымен бірге оқу орнының жарғысы бойынша мұғалімдер губерния туралы, оған қоса егін 

шаруашлығы  жайлы  мəліметтерді  қосып,  тарихи,  метеорологиялық,  топографиялық  жəне 

статистикалық жазбалар жүргізуге міндеттенді.  

Оқуға  Орынбор  өлкесінен 30 оқушы  қабылданды.  Олардың  аты-жөні,  неше  жаста, 

кімдердің балалары екендігі Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы қазақ балаларына 

арналған  жеті  жылдық  мектеп  туралы  ережеде  таблица  жасалынып  берілген:  Ибраһим 

Алтынсарин – жасы  он  бірде,  əскери  старшина  Балғожа  Жаңбыршиннің  немересі,  Едіге 

Айтоқин  жасы  он  екіде,  дистанциялық  басшы  Айтоқаның  ұлы,  Тілеу-Мұхаммед  Саматов – 

жасы  он  екіде,  Самат  Əбілғазы  Сұлтанның,  Жүсіп  Құлқаев – жасы  он  екіде,  Құлықай 

Жəнібеков  Сұлтанның  (қайтыс  болған),  Смайыл  Хисамутдинов – жасы  он  үште,  құрметті 

қазақ  Хисамутдин  Байгиловтің,  Ихсан  Хисамутдинов – жасы  он  екіде,  құрметті  қазақ 

Хисамутдин Байгиловтің, Жақып Аманкелдин - жасы он екіде, би Мұңсызбай Сағыровтың, 

Қалиолла  Құнанов – жасы  он  бірде,  жергілікті  басшы  Құнан  Тілеубердиннің,  Момын 

Байдасов – жасы он екіде, Сегізбай Асқартов – жасы он бірде, Жолмұхамед Байжанов – жасы 

он екіде, Қалжан Қаржасов – жасы он екіде, Шахмұрат Құлыбеков – жасы он үште, Смағұл 

Битазов – жасы он бірде, Шаймұрат Көшербаев – жасы он үште, Аманжол Ұзақбаев – жасы 

он  бірде,  Құдабай  Көпбергенов – жасы  он  төртте,  Жұмағұл  Жамбаев – жасы  он  екіде, 

қарапайым  қазақтардың  балалары.  Бекболат  Күнгірбаев – жасы  он  бірде,  Тілеубай 

Жамантаев  бидің  туысы,  Сүлеймен  Мұхамедғалиев – жасы  он  бірде,  Орданың  батыс 

бөлігінің  билеуші – сұлтаны  əскери  штаршын  Мұхамедғали  Тяукиннің,  Сағиткерей  жəне 

Əділкерей  Күсепқалиевтер – жастары  он  төртте,  Хурунжи  Сұлтан  Күсепқали  Ормановтың, 

Өтебай Бердалин – жасы он төртте, Сұлтан Бердалы Сариевтің, Қаншуақ Байтоқөв – жасы он 

бірде,  би  Байтоқ  Айбасовтың,  Аймұхамбет  Шолақов – жасы  он  екіде,  жергілікті  басшы 

Шолақ Айбасовтың балалары [1, 1 - 4, 7 п.]. 

Бұл  тізімдеме 26 оқушының  аты-жөні  бар.  Ал  қабылданғандар  саны - 30 шамасы  үш 

бала сəл кейін қосылған тəрізді. Өйткені олардың аты-жөні мектеп бітіргендердің ішінде бар. 

Олар – Тоқтамыс Қосуақов, Айтмұхамед Дербісов жəне Мырзағали Бахтияров.   

Мектепте 1857 жылы 20 қазақ  баласы  оқып  шықса,  солардың  бесеуі – Шахмұрат 

Құлыбеков  (Ақтөбенің  Ырғыз  ауданынан),  Тоқтамыс  Қосуақов  (Ақтөбенің  Темір 

ауданынан),  Нұрым  Мұңсызбаев  (Қостанайдан),  Ибраһим  Алтынсарин  (Қостанайдан), 

Шаһмұрат Көшербаев (Қостанайдан) үздік бітірген. Бұл бес балаға да 1858 жылы 8 қазанда 

Орынбор жеке корпусы бұйрығымен Муафик – Хорунжий лауазымы берілген (Хорунжий – 

əскери шен. Оған зауряд қосылса, əскери емес, билеуші).  

Қалған  он  бес  оқушы:  Аймұхаммед  Дербісов  (Қостанайдан),  Халиолла  Қожанов 

(Қостанайдан),  Мерғали  Бахтияров  (Оралдан),  Момын  Байдосов  (Қостанайдан),  Əділгерей 

Күсенғалиев  (Оралдан),  Ханшуақ  Байтоқов  (Оралдан),  Сақыпкерей  Күсенғалиев  (Оралдан), 

Сегізбай  Ақсартов  (Қайдан  екені  жазылмаған),  Қалжан  Қаржасов  (Қостанайдан),  Құдабай 

Көпбергенов  (Қостанайдан),  Едіге  Айтоқин  (Қостанайдан),  Тілеумағанбет  Саматов 

(Ақтөбеден),  Өтебай  Бердалин  (Оралдан),  Сүлеймен  Мұхамедғалиев  (Оралдан), 

Жолмұхаммед Байжанов (Қостанайдан) [5].  

Мектепті бітіруге тиіс 20 бала болса, олардың 8-і келесі жылға қалдырылады.  

Орынборға Ыбыраймен бірге Жанбайұлы Жұмағұл, Байдосұлы Момын, Амангелдіұлы 

Жақып,  Айтоқаұлы  Едіге,  Байжанұлы  Жолмұқанбет,  Мұңсызбайұлы  Нұрым,  Ақсартұлы 

Сегізбай, Қаржасұлы Құлжан, Көпбергенұлы Құдабай, Көшербайұлы Шамұрат барады.  

1859  жылы  бұрынғы  шекара  комиссиясы  Орынбор  облыстық  басқармасы  делініп 

өзгертіледі.  Осы  басқарма  жанындағы  мектеп  оқушыларының  саны  қырыққа, 1863 жылы 

елуге  жеткізіледі.  Мектеп 1868 жылы 2 желтоқсанда  жабылады. 19 жылда 48 бала  бітіріп 

шығыпты. 



166 

 

1888  жылдан 1901 жылға  дейін  Омбыдан  шығып  тұрған  «Дала  уалаятының  газеті» 



қазақтардың  ұлттық  саясатын  оятатын  дерек  көздері  басылуы  себепті,  бұл  құбылыстан 

сескенген  проф.  Ильминскийдің  ұсынысы  бойынша  жабылып  қалған  еді» [М.Мыр-

захметұлы], сол сияқты бұл мектептің жабылу себебін де түсінуге болады. 

Төрт  бала  Орынбор  шекара  комиссиясында  қызметке  қалдырылады  да,  көбісі 

дистанция  бастықтарына  хат-қағаз  жүргізуші  болып  тағайындалады.  1857 жылы  үздік 

оқыған – Ыбырай  Алтынсарин,  Нұрым  Мұңсызбаев  пен  Шахмұрат  Құлыбеков  жаңадан 

сахарада  ашылған  мектептерге  сабақ  беруге  жіберіледі.  Ыбырай    Орынбор  бекінісіне 

(Торғайға),  Шахмұрат  Орал  бекінісіне  (Ырғызға),  Нұрымның  қайда  жіберілгені  белгісіз. 

Ильминский Ыбырай жайындағы естелігінде үшеуінен басқа тағы бір адамның мұғалімдікке 

жіберілгенін айтады, бірақ аты- жөнін атамайды. 

Жолмұқанбет Байжанов оқуды бітірген соң 1862 жылы қыркүйекте Орынбор – Самарск 

генерал-губернаторының  шешімімен  Орынбор  облыстық  басқармасына  кіші  тілмəш  етіп 

жіберіледі.  жасы 25 те.  Бұрынғы  Звернноголовск  бекінісінің  маңайындағы  өртті  сөндіріп, 

ерлік  танытқаны  үшін  Орынбор  жəне  Самарск  генерал-губернаторының  қолынан  шұғадан 

тігіліп, алтын жалатылған кафтан алады [6, 277 б.] 

Бибісара Мұстафина деген татар қызына үйленеді [7]. 

Х.Байтоқов 1857 жылы 14 қазанда 8 қазақ  дистанциясының  екінші  жартысының 

бастығына  хат-қағаз  жүргізуші  қызметіне  жіберіледі. 1862 жылы 12 сəуірде 8 қазақ 

дистанциясының  бірінші  жартысының  бастығы  болып  тағайындалады. 1864 жылдың 2 

шілдесінде  Орынбор-Самарск  губернаторының  тілмашы, 1864 жылдың 20 шілдесінде 

Орынбор  жеке  корпусының  №201 –бұйрығымен  үздік  қызмет  үшін  зауряд-хорунжий  шені 

беріледі [6, 278-279 б.б. ]. 

Осы  кітапта  «Ө.Бердалин  төре  тұқымынан,  жасы  жиырмада.  Ата-анасымен  бірге 

тұрады. Шыңғырлау өзені бойын жайлайды, қыста зотон корпусының қарсы бетін қыстайды. 

Орыс  жəне  татар  тілдерін  біледі, 17 июль, 1857 жылы  Орынбор  Шекара  комиссиясы 

жанындағы  қазақ  балаларына  арналған  мектепті  бітірген. 8928 номерлі  куəлігі  бар» [6, 268 

б.] ,-делінеді.  

А.Шолақов  «Табын  руының  Абыз  бөлімінен,  жазда  Шаңғырлау  өзені  бойын  жайлап, 

қыс  Елек  қаласы  маңында  болады,  ата-анасының  жанында , жасы 22-де,  орыс  жəне    татар 

тілдерін біледі. Орынбор шекарасы жанындағы қазақтарға арналғын мектепте тəрбиеленген, 

үйленген, бір қызы бар», - деп жазылыпты. 

Аймұхамед Шолақов – даланың Батыс жағы билеушісінің көмекшісі зауряд-хорунжиий 

Шолақ Айбасовтың ұлы. 1873 жылы қазақ альфавитін жасау үшін комиссия құрылғанда оны 

жасауға  Ы.Алтынсаринмен    бірге    ұсынылған  Ержан  Шолақовтың  інісі.  Ал,  полковник 

Мұхамедғали  Таукиннің  ұлы  Сүлеймен  Мұхамедғалиев  аталған  мектепті  тəмəмдағаннан 

кейін Орынбордағы Неплюев əскери училищесін бітірген 

Шахмұрат Құлыбеков – Қазіргі Ақтөбе облысы аймағында бірінші рет 1864 жылдың 25 

қазанында  Ырғызда  бастауыш  мектеп  ашылып,  сонда  бірнеше  жыл  мұғалім  болған. 

Мектепте 14 бала  оқыған.  Мектепте  сабақ  беруге  жағдайы  келмегендіктен  Шекара 

комиссиясына тілмаш болып орналасыпты. 

Т.Қосуақовты  оқуды  бітірген  жылы 28 қазанда  Орынбор  облыстық 57 қазақ 

дистанциясына  хат-қағаз  жүргізуші  етіп  жібереді.  Сол 1857 жылы 12 желтоқсанда  облыс 

басқармасында  практикадан    өтіп  келіп 1858 жылы 8 қазанда  зауряд-харунжий  шеніне 

жоғарлатылады. 1860 жылы 57-қазақ  дистанциясының  бастығы  болып, 1862 жылы 1-

мамырда  он бірінші дистанцияның бастығы қызметіне ауыстырылады [8]. 

 «...Тоқтамыс  Қосуақовқа  бір  қақтығыста  орыс  əскерінің  оғы  өндіршегінен  тиіп  содан 

қаза болыпты, басқаларының қандай қызметте болғандары белгісіз» [9]. 

Торғай  облысының  ауылдары  мен  қалаларында  мектеп  ашуға  Ыбырай  Алтынсарин 

қаржы жинағанда 4 адамның бірі болып Құлыбековтің 100 сом ақша бергені айтылады. 

1887  жылы 15 қыркүйекте  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Ақтөбе  облысының  Ырғыз 

ауданының  орталығында  бір  кластық  əйелдер  училищесі  ашылып,  оған  алғаш 17 қыз 


167 

 

қабылданыпты. 1888 жылы  училище  жанынан  қазақ  қыздары  үшін 18 орындық  интернат 



ашылған. «Бұл училищеге Қостанай, Торғай, Ақтөбе уездері қазақтарының қыздары да келіп 

оқыған.  Осы  училищенің  ашылуына  Ы.Алтынсарин  бастаған  қазақ  зиялылары  атсалысқан. 

Олардың арасында Əлмұхамед Сейдалин, Шахмұрат Құлыбеков рухани қолдап, қаражаттай 

да демеушілік көрсетіп отырған» [10].  

1859  жылдың  қысында  Н.  Ильминский  қазақтың  атақты  жырауы  Марабай 

Құлжабайұлынан  «Ер  Тарғын»  жырын  жазып  алып, 1862 жылы  Қазанда  жеке  кітап  етіп 

шығарғаны  белгілі.  Марабайдың  айтуымен  жырды  татар  əрпімен  қағазға  түсірген  осы 

Ш.Құлыбеков  екен.  Бұл  жайында  Н.И.Ильминский  Ы.Алтынсарин  жайындағы  естелігінде 

былайша  сыр  шертеді: «1859 жылдың  қысында  батыс  жақтағы  Марабай  (суырып  салма, 

шешен)  жайында  естіп,  В.В.  Григорьевтен  Орынборға  шақыруын  өтіндім.  Бірақ  жайлы 

пəтер,  қазынаның  тегін  күтіміне  қарамастан  дала  ақыны  өзін  бұл  жерде  тордағы  құстай 

сезініп,  қаладан  кеткенше  асықты.  Марабайдың  айтуымен  Құлыбеков  татар  əріпімен  «Ер 

Тарғын»  жырын  əрең  дегенде  жазып  үлгірді».  Бұл  айтылғандардан  біз  Шахмұрат 

Құлыбековтің де Ыбырай сияқты қазақ балаларының оқып, білім алуына жағдай жасағанын,  

мұғалім  болғанын,  мектептерге  үнемі  жанашырлық  жасап,  өз  қалтасынан  қаржы-қаражат 

беріп отырғанын, сауаттылығын байқаймыз. 

Ыбырай Торғайда мектеп ашуға 1960 жылы кірісіп, он тоғыз жыл ішінде он бір мектеп 

ашқан.  Бұл  оңай  шаруа  емес. Бір шеті  мен  екінші  шетіне  ұшса  құс  қанаты  талатын  Торғай 

облысының  ауылдарын  қысы-жазы  аралап,  жалынып-  жалпайып  жұрттан  тиындап  ақша 

жинау үшін шыдам керек. Оның үстіне қараңғы халықтың көбі үмітпен емес, күдікпен қарап, 

«балаларымызды  шоқындырып  жібереді»  деуі,  өзін  «шоқынды»  атауы  жүрегіне  инедей 

қадалады. Түсінгендері қолдарынан келген көмектерін аямай, барын ұсынады, отын, кірпіш 

дайындауына  қолұшын  береді.  Ең  сорақысы-  чиновниктердің  шовенистік  көзқарастары, 

қазақ  даласында  мектептер  салуға  қарсылығы,  аяқтан  шалып,  қудалауы,  өтірік-өсек 

қаулатуы... Осының бəріне төзіп, қолға алған ісін тоқтатпауы- Ыбырайдың ерлігі, елін шексіз 

сүйгендігі! 

 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1. 


Копия инструкции к положению о школе для киргизских детей при Оренбурской 

пограничной комиссии // ОрОММ. 6-қ. 10- тізімдеме. 5561/2-іс. 

 

2. 


Материалы  по  истории  политического  строя  Казахстана  (со  времен  присоеди-

нения  Казахстана  к  России  до  Великой  Октябрьско – Социалистической  революции). 

Т.1. – Алма-Ата: 1960, – 442 с.

 

3.  Васильев  А.В.  Исторический  очерк  русского  образования  в  тургайской  области  и 



современное его состояние. –Оренбург, 1896 – 72  

4. Ведомость  прихода,  расхода  и  остатка  сумм,  введенной  Оренбургской  погра-

ничной комиссии // ОрОММ, 222 - қ. – 1 - т. – 14 – іс 

5. Орынбор архиві, 6 қор, 10 тізбе, 7325 «а» іс 

6. История Казахстана а русских истогниках XVI-XX веков. VII том. Часть 2. Алматы 

«Дайк-Пресс» 2006. -267-269, 278-279 б.б. 

7.  ЦГА РК Ф. И-4.Оп.1.Д.3100.Л.259-262]. 

8.  ЦГА РК.Ф.И-4.Оп.1.Д.3104.Л.1-4]. 

9.  Ахмедов Ғ. «Алаш «Алаш» болғанда», Алматы. «Жалын» 1996. -120 – 121 б.б. 

10.  «Ақтөбе энциклопедиясы», Ақтөбе, 2001. -732 б. 

 

 

 



 

 

 



 

168 

 

Нурбаева Динара Досетовна 

Школа-гимназия имени Г.Муратбаева 

Жамбылская область, Байзакский район, с.Сарыкемер 

 

НАПРАВЛЕННОСТЬ ЛИЧНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ  

В СЕТЕВОМ ПРОСТРАНСТВЕ 

 

АННОТАЦИЯ 



Мақалада  оқушылардың  Интернет  кеңістігіндегі  жеке  тұлғалық  қызығушылықтары 

қарастырылған.  Интернетте  мінез-құлқын  түрліше  көрсету,  Интернетке  байланысты 

көзқарастары, желілік белсенділік түрлері талданады. 

Түйінді сөздер: жеке тұлға бағыты, желілік белсенділік, өзін таныстыру, өзін көрсету. 

АННОТАЦИЯ

 

В  статье  рассматриваются  особенности  направленности  личности  школьников  в 



пространстве  Интернета.  Обсуждаются  вариативность  поведения  в  Интернете,  типичные 

установки по отношению к Интернету, виды сетевой активности. 

Ключевые  слова:  личностная  направленность,  сетевая  активность,  самопрезентация, 

самовыражение. 

ABSTRACT 

The article deals with the features of  the personality orientation of the students in the Internet space. 

Discusses the variability of behavior in the Internet, the typical attitudes in relation to the Internet, the types 

of network activity. 

Keywords: personality orientation, networking, self-presentation, self-expression. 

 

Направленность  выступает  базовым  компонентом  структуры  личности.  Это  свойство 

личности включает ценностное отношение, мотивационную иерархию, установки, интересы, 

идеалы.  Направленность  определяет  стратегии  поведения  человека.  Позитивная 

направленность  личности  характеризуется    целеустремленностью,  высокой  социальной 

активностью,  жизнестойкостью.  Особую  выраженность  и  вариативность  приобретает 

направленность личности в пространстве информационно-коммуникационных технологий.  

Возможность использования сетевых ресурсов для общения, учебной, познавательной, 

профессиональной  деятельности  делает  Интернет  не  столько  хранилищем  информации, 

сколько  той  средой,  в  которой  проявляются  стратегии  поведения  разных  категорий 

пользователей,  их  личностные  особенности.  Интернет  как  культура  сетевых  сообществ 

обладает  собственным  набором  ценностей,  установок,  стандартов,  к  которым  необходимо 

приспосабливаться  его  пользователям.  Кроме  того,  Интернет  открывает  возможности 

использования  различных  источников  информации;  полоролевого    экспериментирования;  

вариативности самопрезентации и самовыражения [1]. Поэтому сетевое пространство можно 

рассматривать как условие и поле проявления личностной направленности его участников. 

Сетевую  активность  можно  охарактеризовать  как  глубоко  психологически 

насыщенный,  личностный  процесс.  Особенности  Интернета  и  общения  в  нём  помогают 

проявлять  различные  установки,  творческую  активность,  умения  и  навыки.  Создаются 

исключительные  возможности  для  формирования  каждым  пользователем  собственной 

позиции.  При этом существуют различные условия для любого рода конструирования, что в 

реальности может вызывать необходимость конструирования новых социальных отношений 

и собственного образа «Я» [2].  

Переживание  себя  в  пространстве  Интернета  отличается  от  переживания  себя  в 

реальном  мире,  что  проявляется  в  феномене  «виртуальной  личности».  Под  виртуальной 

личностью понимается осознанное создание некоей сетевой «персоны». Пользователи сети, 

создавая  виртуальную  личность,  выдвигают  на  первый  план  одни  свои  черты  или 

особенности,  а  другие  особенности  намеренно  скрывают.  Именно  возможность 

максимального  самовыражения  является  одной  из  самых  распространённых  мотиваций 

виртуальной коммуникации у наиболее активных её участников. 



169 

 

При  работе  в  сети  происходит  снижение  действия  защитных  механизмов  личности, 



угасание  внешней  престижной  мотивации  по  отношению  к  социальной  мотивации 

мыслительной  и  коммуникативной  деятельности.  Последняя  имеет  скорее  нормативный 

характер,  ориентированной  на  оценку  из  вне,  на  стремление  соответствовать  социальным 

нормам, как можно лучше, успешнее выглядеть в глазах других.  

Мир  Интернета  характеризуется  открытостью,  независимостью  субъекта  и  простором 

для  личностного  роста,  но  в  тоже  время  и  навязывающим  свои  правила.  Это  может  давать 

возможности для реализации различных составляющих образа «Я» личности, отождествляя 

себя  с  различными  ролями  и  соучастием  в  режиме  этого  пространства  и  времени.  Он 

обеспечивает  возможность  человеку  почувствовать  себя  и  наблюдателем  и  участником 

событий,  при  чём  исполнять  эти  роли  не  последовательно,  а  одновременно.  Интернет 

стимулирует формирование новых представлений о себе и о мире.  

В  виртуальном  пространстве  иллюзорно  удовлетворяются  практически  все 

потребности иерархии А.Маслоу:  

•  физиологические  (например,  бурные  виртуальные  романы,  киберсекс); 

безопасность (и анонимность);  

•  принадлежность  (к  какой-либо  виртуальной  группе  по  интересам);  любовь  и 

уважение (между участниками определенного виртуального сообщества); 

•  самоактуализация  (достижима  в  том  числе  возможностью  самопрезентаций),  что 

только способствует возникновению зависимости от сети Интернет. 

Интернет  сам  по  себе  не  имеет  аддиктивной  природы,  но  может  приобретать 

сверхзначимость для некоторых людей в силу их личностных особенностей [2].  

Чем больше выражено стремление к поиску своей идентичности, стремление к новым 

впечатлениям, тем в большей мере проявляется склонность к сниженному самоконтролю за 

своим поведением в сети,  тем больше переживание чувства одиночества и  депрессии.  

Обобщая  результаты  исследования,  следует  обратить  внимание  на  сочетание 

вариативных и типичных проявлений направленности в структуре личности школьников в 

контексте сетевой активности. Интернет по сравнению реальным социальным окружением, 

представляет  пользователю  значительно  большие  возможности  выражения  личностных 

особенностей, и в этом отношении выступает как такая социальная среда, в которой влияние 

личностных детерминант на поведение, проявляется наиболее рельефно. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет