Список литературы:
1. Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: 20 шагов к Обществу
Всеобщего Труда»
2. «Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011
– 2020 годы»
3. Тульчинский Г.Л. Разум, воля, успех. М.: Прогресс, 1990. -257 с.
4. Казакова Е.И., Тряпицына А.П. Диалог на лестнице успеха. СПб., 1997. – 160 с.
5. Дементий Л.И. Ответственность как фактор жизненной успешности личности //
Актуальные проблемы современной психологии: Сб. научных трудов. Вып. 1. - Омск, 2002.
С.4-16.
6. Хаммер Я. Профессиональный успех и его детерминанты // Вопросы психологии. –
2008. – №4. – С. 147 – 153.
7. Hall D.T., Chandler D.E. Psychological success: Whet the career is a calling //
J.Organizat. Benav. 2005. V. 26. P. 155 – 176.
8. Хисрич Р. Социально – экономические основы предпринимательской деятельности.
– СПб., 1998. – 234 с.
9. Збуцки Анджей Формирование социальной успешности школьников средствами
экономического образования: Дисс… канд. пед. наук, - Ярославль, 2005. - 144 с.
10. Веретнов А.И. Влияние рынка труда на профессиональную ориентацию студентов:
автореф. Дисс... канд. социологических наук / А.И.Веретнов. – Екатеринбург, 2007. – 20 с.
11. Мусина – Мазнова Г.М. Теоретические основы карьерного становления
специалиста социальной сферы: монография. Астрахань: Изд.дом «Астраханский
университет». – 2012. – 76 с.
Маняпова Тина Кабылкасымовна
канд. филол. н., доцент
г.Павлодар
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТƏЛІМГЕРЛІК ТƏЖІРИБЕСІ
АННОТАЦИЯ
Мақалада Қазақстан мектептеріне инновациялық білім беру тəжірибесін енгізу жағдайында
тəлімгерлердің көмегімен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мəселелері қарастырылған.
Түйінді сөздер: тəлімгерлік, тəлімгер, тəлім алушы, үздіксіз кəсіби даму.
485
АННОТАЦИЯ
В статье рассмотрены вопросы повышения квалификации учителей при помощи наставников
в условиях внедрения ииновационных образовательных практик в школах Казахстана.
Ключевые слова: наставничество, наставник, непрерывное профессиональное развитие.
АBSTRACT
The article deals with the questions of teacher training with the help of prepared mentors in the
conditions of introduction of innovative educational practices in schools of Kazakhstan.
Keywords: mentoring, mentor, ward, continuous professional development.
Болашақ эволюцияның негізін – адам ресурстарын қалыптастыратын білім беру саласы
кез келген мемлекет үшін маңызды болады. Болашақ бүгіннен басталады, сондықтан Қазақ-
станның қазіргі мектебі үшін білім беру стандарттарын іске асыру бойынша тиімді əлемдік
тəжірибелерді іздеу өзекті болып табылады.
ХХІ ғасырда «адами капиталды» дамыту қоғамның қарқынды қозғалысының басты
шарты деп танылады. Бұл білім сапасын көтеруге бағытталған білім беру басымдықтары мен
парадигмаларының өзгеруіне себепші болады.
Сынақтан сəтті өткен əлемдік деңгейдегі жүйелер құрастырылған əдіснамалық базаны,
технологиялық платформаны, оқыту философиясын жəне нəтижелі стратегиялар мен
тəсілдердің əдістемелік жиынтығын қамтиды. Бүгінгі таңда біз озық əлемдік тəжірибені
зерттеу, талдау жəне реформаларды қарқынды енгізу негізінде қазақстандық білім беру
моделін жасау процесін байқап отырмыз.
Білім берудегі жетістіктерді PISA, TIMSS, PIRLS жəне т.б. халықаралық зерттеулер
бақылайды. Бұл зерттеулердің ерекше мəні бар, себебі əлемдік деңгейдегі əр түрлі білім беру
жүйелерінің жетістіктерін салыстыру негізінде айқын оң нəтижелер алуға мүмкіндік беретін
даму бағыттары мен стратегияларын анықтауға болады.
Білім сапасы бойынша көшбасшы елдерде (Англия, Австралия, Сингапур, Финляндия
жəне т.б.) мұғалімдерді іріктеуге жауапкершілікпен қарайды жəне дайындалған тəлімгерлер
корпусының көмегімен оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін қажетті жағдайларды
жасайды.
Қазіргі кезде тəлімгерлік жұмыс тарапынан аталмыш елдердің тəжірибесі өзектіленді.
Бұл қатардан бізді Финляндия ерекше қызықтырады. Инновациялық қызметке қабілеттілік,
білім мен кəсіби оқытудың жоғары мəртебесі – білім беру саласының негізгі көрсеткіштері
[1, с. 112-117].
Оқытудағы «финдік конструктивизм» Ж.Пиаженің даму психологиясына, Л.Выгот-
скийдің идеяларына негізделген. Жаңа когнитивтік-конструктивистік тəсілдеме тұрғысынан
ақпаратты қабылдау, меңгерген білімді ұқсата алу, дағдыларды пайдалана алу, білім, білік,
дағдыларды тəжірибеде қолдана білу, мəселенің себептерін анықтап, шешім қабылдай білу,
оны бағамдап, қорытынды шығару ерекше бағаланады. Мұндай тəсілдеме халықаралық
деңгейде оқытуға деген көзқарастардың өзгеруімен байланысты. Қазір Финляндияда ХХ ғ.
аяғында швед профессоры Торстен Хюсэн құрастырған «оқытушы (үйретуші) қоғам»
тұжырымдамасы қабылданған, оған сəйкес үздіксіз білім беру қағидасы іске асырылады
жəне кез келген жаста оқу мүмкіндігі беріледі. Финляндияда мектепте білім берудің жоғары
сапасын көбінесе педагогтарды даярлау жүйесі қамтамасыз етеді. Финляндия (Сингапур
сияқты) мұғалімдерді іріктеудің ең тиімді процедурасын қолданатын елдер қатарына кіреді.
Мектептерде көбінесе магистр дəрежесі бар мұғалімдер жұмыс жасайды. Бұл дəрежені олар
классикалық университеттерде алады [2, с. 725-729].
Финляндия мұғалім мамандығына мықты, жас кадрларды тарта алды, себебі ұстаз болу
шешімін қабылдауға бірқатар негіздеме бар:
- қоғамда мұғалімнің мəртебесі жоғары (бұл халықтың мұғалім кəсібіне деген жоғары
құрметі байырғы заманда қалыптасқан);
- білім мен даярлық сапасының жоғары деңгейі (Финляндия университетіне оқуға түсу
үшін конкурс талаптары қатаң: 1 орынға 20 адамға дейін);
- мұғалімнің кəсіби даярлығына үлкен мəн беріледі, яғни университетте пəндік
мамандандыру, білім беру технологияларын меңгерту жəне коммуникативтік құзыреттілікті
486
қалыптастыру бағытында маманды дайындауға қомақты мөлшерде оқу сағаттары бөлінген
(8-35 кредит);
- білім беру ұйымдарында жүйелі түрде өткізілетін тəлімгерлік жұмысы.
Жалпы, тəлімгерлікті іске асырудың негізгі қағидаларының бірі – кəсіби дамудың
үздіксіздігі. Бүкіл педагогикалық еңбек жолында мұғалімнің өздігінен білім алуы мен кəсіби
тұрғыдан үздіксіз дамуы жалпы білім сапасына əсер етеді.
Менторинг тəлім алушы мен тəлімгер-ментор арасындағы тығыз ынтымақтастық
арқылы практиканы жетілдіру барысында кəсіби дағдыларды ұзақ мерзімді жинақтауға,
жетілдіруге жəне қолдануға бағытталған.
Бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, тəлімгерлік – персоналды үйрету жəне
дамыту əдістерінің бірі, мұнда белгіленген бір уақыт аралығында тəжірибелі тəлімгер өзінің
білімімен тəжірибесі шамалы əріптесімен бөліседі.
Өзара сенімді қатынастар негізінде ментор мен тəлім алушы арасындағы ұзақ процесс
нəтижесінде педагогтардың білімі жетілдіріледі жəне практикалық шеберлігі шыңдалады.
Тəлімгерлік процесінде ментор өз тəжірибесі жəне білімімен бөліседі, ал тəлім алушы өзінің
қолданбалы дағдыларын дамытып, кəсіби өсуде айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізу үшін
барлық мүмкіндікті пайдаланады. Басқаша айтар болсақ, ментордың жұмысы тəлім
алушының бар білімі мен кəсіби дағдыларын жоғарылатуға, жетілдіруге бағытталған.
Тəлімгерлік процесінің мəнді сипаттамалары - екі педагог арасында практиканы жетіл-
діру үшін қамқорлыққа алынған тəлім алушыға белсенді тыңдай білу, негізгі мəселелерді
шешу үшін басты дағдыларды қалыптастыру жəне оларды дамыту негізінде қатынас орнату
болып табылады. Тəлімгер өзара қарым-қатынасты сенімге, өзара əрекеттестік жəне шы-
найылық пен адалдыққа негіздей отырып, күрделі мəселелерді шешуді жəне оны кəсіби
тұрғыда қолдауды ұсынады.
Тəлімгерліктің негізгі мақсаты – тəлім алушыға кəсіби міндеттерін орындауға
көмектесу. Тəлімгердің жетекшілігімен жүзеге асырылған тəлім алушының нақты əрі
тұрақты дамуының маңызы зор.
Тəлімгерлік білім беру контексінде коучинг, кеңес беру, мониторинг жəне бағалау
комбинациясы ретінде жиі қолданылады.
Тəлімгерлікті іске асыру сенімділікті, өзін-өзі дұрыс бағалау жəне қызметке дайындық-
ты қалыптастыру арқылы кəсіби қиындықтар мен проблемаларды жеңу үшін арнайы оқыту
əдістемелерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады. Тəлімгерлік педагогикалық инновация-
ларды əрекеттегі тренерлердің тəжірибесіне енгізудің тиімді құралы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде тəлімгерлік жұмыс тəжірибесі қарқынды түрде
қалыптасуда. 2012 жылдан бері Педагогикалық шеберлік орталығының бастауымен осы
жұмыс жүйелі əрі тұрақты түрде іске асырылып жатыр. Тəлімгерлік жұмыстың екі бағыты
анықталды. Біріншіден, мұғалімдер арасындағы тəлімгерлік. Екіншіден, оқушылар
қоғамдастығындағы тəлімгерлік. Мəселен, Солтүстік Қазақстандағы мектеп тəжірибесінде
оқушылар қоғамдастығы шеңберіндегі тəлімгерлік өрісі кеңеюде. Мектеп басшыларының
есептерінде жалпы мағынадағы мынадай дерек келтірілген: «тəрбие жұмыстарын нəтижеге
жеткізу мектеп оқушыларын шаңырақтарға бөлу арқылы жүзеге асырылған - əр шаңыраққа
екі сынып біріккен; жоғары сынып оқушылары өз шаңырағындағы орта сынып оқушыларына
тəлімгерлік жасайды».
Мұғалімдер арасындағы тəлімгерлік жұмысты ұйымдастыру жəне қадағалау жайында
мектеп басшыларының пікірлері өте маңызды. Басшылар мектептегі білім сапасын
арттыруда тəлімгерлік жұмыс ерекше рөл атқарады деп мəлімдейді.
Айткүл С.: «Басшы ретінде тəлімгерлік үдерісі арқылы тəлім алушының тəжірибесін
жетілдіріп, оның іс-əрекетіне тиімді ықпал етіп, оң өзгерістер енгізуіне көмектесе аламын.
Жəне тəлімгерлік жасау барысында өзімнің де кемшін тұстарыма сыни көзқараспен қарауға
мүмкіндік туындайды. Тəлімгерлік жұмысты жүргізу үшін тəлім алушы ретінде І денгейлік
бағдарлама бойынша оқып келген мұғалімді алдым. Тəлім алушыммен сенімді қарым-
қатынас орнату үшін мүмкіндігінше көмек көрсететуге тырысамын. Содан соң арнайы уақыт
белгілеп, тəлім алушыммен бірлесе отырып, тəлімгерлік жұмыс жоспарын құрастырдық.
487
Тəлімгер мен тəлім алушы арасында сенімділікке құрылған қарым- қатынас болуы
керек. Тəлімгер тəлім алушыны, мектептегі барлық мұғалімдерді қызметтеріне, шығармашы-
лық-тəжірибелік жұмыстарына өзгеріс енгізуге бағытталған іс-əрекеттер арқылы зерттеу
жұмыстарына жұмылдырып, оқушыны жан-жақты, толыққанды дербес тұлға болып
қалыптасуына күш жұмсап, ұйымдастырушы - ментор рөлін атқарады».
Жұбайла У.: «Заманауи прогресте мақсатқа жету үшін І деңгейлік курстан өткен
мұғалімді заман талабына сай, білімі жоғары, мəдениетті, өзіне деген сенімі мықты,
азаматтық айқындамасы орнықты, кəсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар,
тың шешім таба алатын тəрбиеші болуға дайындау. Менің ойымша, тəлімгерлердің жұмыс
жоспарының құрылымы мынадай үш кезеңнен тұрады: бейімделу, негізгі бөлім: өзекті,
басты мəселер жəне бақылау…».
Қымбат И.: «Тəлімгерлік жұмысымыз нəтижелі болу үшін Джохари терезесін
пайдалануымыз керек. Көбірек білгенімізбен бөліссек, "білмегендер", "ескіше оқытушылар"
аз болады. Білгенімізбен бөлісу жолы - коучинг. Коучингта ең бастысы – проблеманы
анықтап, нақты шешу жолдарын көрсете алуымыз керек. Таңдаған мəселені егжей-тегжейлі
зерделеп алуымыз қажет. Роберт Симнің диалогтағы жоғарғы (төртінші) сатысын қамти
алсақ, коучинг өз дəрежесінде өткені».
Дəулет С.: «Менің пікірімше, тəлім алушы тəлімгерлік тəжірибесінен өзіне керек
мағлұматты ала алады. Тəлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тəжірибесіне көп
өзгеріс енгізе алады. Əрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін
педагогикалық үрдістің бірізділігін жəне оқу мен тəрбиенің біртұтастығын сақтай отырып,
оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз
əрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін
шығармашыл тұлға болуы тиіс» [3].
Білім сапасы жалпы ұлттық құндылық жəне басымдық болған кезде ғана білім беру
саласындағы оң өзгерістер болуы мүмкін деп Финляндия тəжірибесінен қорытынды жасай
аламыз. Тəлімгерлік институтын жəне мұғалім кадрларды іріктеу жүйесін мемлекеттік
деңгейде дамыту нəтижесінде Қазақстан мектебін конструктивті тұрғыдан реформалау үшін
қажетті негіздемелер қалыптасатын болады.
Список литературы:
1. Воробьев Н.Е., Бессарабова И.С. Особенности системы образования в Финляндии //
Педагогика. 2006. № 2, с. 112-117.
2. Володин Д.А. Ведущие педагогические концепции как основа современного разви-
тия системы школьного образования в Финляндии // Известия ПГПУ им. В.Г. Белинского.
2012. № 28, с. 725-729.
3. http://cpm.kz/ru/portal/log/
Мендибаев Данияр Бакчанович
Бакалавр физической культуры и спорта
Карабалыкской СШ№1 им. М Горького,
п. Карабалык
СЕТЕВЫЕ СООБЩЕСТВА - РЕСУРС СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
АННОТАЦИЯ
Мақаласында менің ашуға модель желілік кəсіптік өзара қатысатын білім беру ұйымының
механизмі ретінде құрастыру жəне іске асыру тəжірибесін мектептің инновациялық қызмет жəне
кəсіби құзыреттілігін дамыту.
Түйінді сөздер: кəсіби желілік өзара іс-қимыл, өзін-өзі дамыту педагогтың инновациялық
қызметібілім беру мекемесі.
488
АННОТАЦИЯ
В статье я хочу раскрыть модель сетевого профессионального взаимодействия на примете
образовательной организации как механизм конструирования и реализации опыта инновационной
деятельности школы и развития профессиональной компетентности работников образования.
Ключевые слова: профессиональное сетевое взаимодействие, саморазвитие педагога,
инновационная деятельность образовательногоучреждения.
АBSTRACT
In this article I want to reveal a model of the network of professional interaction in mind the
educational organization as a mechanism design and implementation experience of innovative activity of the
school and development of professional competence of education workers
.
Keywords: professional networking, personal development teacher, innovative activity, educational
institutions.
Современный взгляд на образовательную модель школы позволяет сконструировать
профессиональную образовательную среду взаимодействия личностных образовательных
компетенций ученика и профессиональных компетенций педагога.
Джон Уэбстер заметил, что «люди вместе могут совершить то, чего не в силах сделать в
одиночку; единение умов и рук, сосредоточение их сил может стать почти всемогущим»
задумывались ли Вы над тем, что даёт нам такое единение умов? Конечно, направленность
на реализацию какой-либо идеи. В нашем случае – организация временных профессиональ-
ных сетевых сообществ, которые по общему замыслу создают инновационный образователь-
ный продукт, апробируют его эффективность, вовлекая новых субъектов, совершенствуют,
способствуют его дальнейшему развитию. Роль сетевых структур (сетей) в развитии совре-
менных социально-экономических отношений исключительно велика. Сетевой способ орга-
низации образовательной деятельности является одним из важных факторов профессио-
нального роста и распространения образовательных инноваций. Именно поэтому изучение
сетевых структур во всем многообразии их проявлений является актуальным. Под профес-
сиональным педагогическим сетевым сообществом мы понимаем профессиональную обще-
ственную сеть муниципальных образовательных учреждений, направленная на формирова-
ние единого информационного пространства педагогических инноваций для совершен-
ствования взаимодействия всех участников в распространении опыта инновационной дея-
тельности школы и развития профессиональной компетентности работников образования в
процессе реализации региональной модели образования.
Модель функционирования и развития профессионального педагогического сообщест-
ва включает в себя несколько компонентов:
1. Мотивационно-целевой компонент
Представляет собой комплексный анализ и диагностику профессиональных педагоги-
ческих затруднений с целью формирования направлений сетевого научно-методического
взаимодействия.
На данном этапе формируется проблема, выстраивается команда участников - сеть, т.е.
образовательные учреждения, имеющие опыт и идеи по проектированию данного направле-
ния, в процессе творческого взаимодействия создаётся карта опыта решения педагогической
проблемы.
2. Организационно-методический компонент
Нацелен на конструирование сетевого педагогического взаимодействия через расшире-
ние и обогащение научно-методического сопровождения инновационной педагогической
деятельности.
Заданная цель позволяет обеспечить успешную реализует идеи диалога участников –
практиков и ученых – во всех аспектах современной инновационной педагогики.
Этому в максимальной степени способствуют кадровые условия.
Кадровый анализ педагогов – участников различных профессиональных сообществ
убедительно показывает, что открытое сетевое взаимодействие – это взаимодействие
учителей-профессионалов.
489
Свыше 85% активной аудитории сообщества – учителя первой и высшей
квалификационной категории, учителя прошедшие уровневые курсы, победители различных
конкурсов, что позволяет выстроить особую систему в сети, которая включает в себя
многочисленные мастер-классы, консультативные линии, презентации опыта, экспертизу
материалов коллег, авторские курсы повышения квалификации. Использование таких
ресурсов и возможностей позволяет каждому участнику сетевого профессионального
сообщества выбрать собственную траекторию профессионального роста.
3. Координационно-деятельностный компонент напрямую связан с управлением
процессами интеграции содержания образования, планированием программ, интегрирован-
ных факультативов, курсов через координацию кадрового и программного обеспечения,
взаимодействия субъектов образовательного пространства школы.
При сетевом педагогическом взаимодействии выстраивается новая форма совместной
организации повышения квалификации, которая строится вокруг предмета коллективных
разработок.
Подводя общие итоги можно говорить о том, что заявленный путь профессионального
развития педагога в условиях внедрение инновационной модели профессионального научно-
методического взаимодействия в формате сетевого профессионального взаимодействия
является стратегией развития школы как основного ресурса качественного личностного
образования.
Список литературы:
1. Гликман И. Как стимулировать педагогический труд // Народное образование. -
2004. - № 4. - С.109-114.
2. Каменский А. «Наша новая школа»: мечты или реальность? // Народное
образование. - 2009. - № 8. - С. 21-23.
3. Акинфеева, Е.В. Сетевые структуры как способ экономической интеграции и
оценка их свойств : Москва 2004 С 127.
Саржан Нұрзия Молдабайқызы
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебінің
география пəні мұғалімі
Қостанай облысы, Қостанай ауданы.
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ КƏСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҚ - ЖАҢАША
ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ІС - ƏРЕКЕТТЕРДІҢ БІРІ
АННОТАЦИЯ
Мақалада мектептегі іс – əрекет барысындағы кəсіби қауымдастық жұмысының
құрылымдық жүйесі туралы айтылған.
Түйінді сөздер: мұғалім, жұмыс, қарым-қатынас, жүйесі
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается система профессиональной работы школы в педагогическом
сотрудничестве с другими школами
Ключевые слова: учитель, работа, связь, система
АBSTRACT
This articledescribes the system of professional and social work of school in pedagogical
collaboration with other schools.
Keywords: teacher, work, connection, system
490
Біз жаһандану дəуірінде қоғамның қайта құрылу кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.
Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты
құндылығына айналды.
Еліміз Болонья білім жүйесіне кірген кезеңде білім беру мақсаты да өзгеруде, соған
сай шəкірт тəрбиелейтін жаңа форматтағы мұғалім де оқыту жүйесін өзгертуші болып
танылуда.
Ұзақ уақыттар бойы білім беру процесінің негізгі мақсаты болып келген теориялық
жəне энциклопедиялық білімнің мəні енді құралға айналуды. Басқаша айтқанда, Қазақстан
мектептері ҚР білім беру саясатының стратегиялық мақсатына сай оқытуды
функционалдық сауаттылық тұрғыдан қарастыруда .
Бұрынғы мұғалім оқудың мазмұнына көп көңіл бөлсе, қазіргі мұғалім оқытуды
құрылымдау яғни конструкциялауға көп көңіл бөлуі тиіс. Бұрынғы «біліктілік» ұғымын,
«құзырлылыққа» бұру басты назарда болу алуды қажет етеді. Мəселе «Өмір бойы азық
болатын білім беру» идеясынан «өмір бойы өздігінен үйренуге» ұстанымның өзгеруінде
болып отыр немесе біз қазір əрбір оқушыға «əлем туралы өз көзқарасын терең жəне кеңірек
дамытуға» мүмкіндік береміз /1/.
Елбасының: – Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті
түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанындай осы өзгерістерге əр
ұжымды жəне ұжым мүшесін жетелеу деңгейлік бағдарлама курсын тəмамдаған ұстаздар
еншісінде. Яғни реформаныретсіз жеке – жеке бастамай бəріміз бірге атсалысу, «Мəңгілік
елдегі» Еңбек қоғамын бірге құру еліміздің басты жұмыс бағыттарының бірі болып отыр.
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында Елбасы білім саласы
үшін маңызды тапсырмалардың бірі ретінде мұғалімдердің кəсібилігін жоғарылату туралы
сөз де қозғаған болатын.
“Оқыту қоғамдастығында жүріп жататын кəсіби білім алмасу үдерісі мұғалімдердің
тəжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз
байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді” – дейді
Энн Либерман .
Осы орайда қазіргі сұранысқа орай мектептердің кəсібиқауымдастықтағы сенімді
зерттеуші-мұғалімдерден тұратын тобы жұмысының тиімді оқытуда нəтиже берері сөзсіз.
Ал бұл жұмыс жаңа формациядағы мұғалімдердің орта білім саласын жаңартудағы
жұмыстарына қозғаушы күш бола алады деген сенім ұялатады. Оған себеп қазіргі өзгеру
осындай ерікті топтардың оқу жəне оқыту процесінің мазмұнын іс - əрекетте зерттеуге, өз
ойын, дəлелін ұсынуға жетелейтін жұмыстар негізінде құруға жоспарлауға, үйрену үшін
бірігуге, ынтымақтаса отырып тиімділікке қол жеткізері сөзсіз.
Себебі осындай өзгеріске өз еріктерімен қоғамдасқан мұғалімдер тобы ғана бір -
біріне тамаша əріптестер мен ұйымдастырушылар,тамаша синтезаторлар, тамаша
түсіндірушілер, тамаша персонализаторлар мен тамаша локализаторлар бола алады.
ХХІ ғасыр сұранысының бірі болып отырған мұғалімдерінің ынтымақтастығы -
қалай оқу керектігін үйрену дағдылары жəне инновация енгізу, өмір сүруге жəне қызметтік
өсуге қажетті дағдыларды қалыптастырады,- деп сенеді бастамашылар.
Неге біз бұны жасаймыз? Менің ойымша бұл біріншіден, «оқытудыжетілдіру» деп
аталатын əдіс құралы – ол өзінің оқыту процесін жетілдіру өзгенің оқытуына бақылау жасау
оның тиімді əрекеттерін,оның келісімімен үйрене отырып өзі қолдану жəне оған бірлесіп
рефлексия жасау арқылы түйін жасау, нақтыны белгілеу болып табылады. Біздің елде
сыныпты зерттеу, оның нəтижесін сипаттап жазу жəне жариялау ғалымдардың ісі жəне
көбіне бақылаушы «ревизорлар» яғни департаменттер құзырындағы жұмыс түрінің бірі
болып табылады. Ал Англия мен АҚШ - та кеңінен қанат жайған «мұғалім-зерттеуші»
қозғалысы мұғалімдер қоғамдастығы зерттеуінің маңыздылығы жөнінде біз оқып білудеміз.
Ал бұл Д.Коллинз айтқандай «Біздің не істейін деп жатқанымыз онша маңызды емес оны
кіммен жасайын деп жатқанымыз маңызды » ойына сай болып отыр. Ал біз неге бұны
бастамасқа. Иə, біз əсіресе мектеп көшбасшылар сертификатын ие болғандар бұл біліммен
491
мықтап қаруландық. Сондықтан да енді көшбасшы ретінде соңымнан əріптестерімді
ертумақсатында аудан жəне қала мектептері болып бірлесіп мұғалімдердің кəсіби даму
қоғамдастығын дамыту жұмысымызды бастап та кеттік десем болады.
Оның негізі жұмыс сипаты: Орындаушылық, қатынасушылық, делдалдық, қарым-
қатынас құру функциясы болуы керек деп ойлаймын. Əр мұғалім өзінің кəсіби əрекетінің
қандай кезеңінде болмасын өз білімін оқып тауыстым, ал кəсіби біліктілігін толығымен
қалыптастырдым деп айта алмайды. Сондықтан кəсіби қауымдастық жұмысына қатысу –
бұл тек білім беру талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пəн
мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады. Осы орайдағы біздің
Достарыңызбен бөлісу: |