Мақсаты: оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін қолдануды қамтамасыз ету
Сабақтың түрі: зерттеу,жаңа,аралас.
Оқыту әдістері, олардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі:
Практикалық, репродуктивті әдістер қолданылды. (Жазбаша жеке жаттығулар мен лабораториялық,практикалық,әңгімелеу жұмыстар орындау)
Сауалнама әдістері: топтық, өзіндік жұмыс.
Оқыту мотивтері: интеллектуалдық, әлеуметтік мәнді тікелей орындаушы.
Мұғалімнің сабақтағы мінез-құлқы:
Ең алдымен қай сыныпқа сабақ беретінімді біліп,сабаққа тыңғылықты дайындалып,сабақ жоспарымен танысып шықтым.
Алғашқы сабағымды екінші сабақта 8 “А” сыныбына жүргіздім. Оқушылармен шарды үрлеп,соны бір-бірімізге лақтыру арқылы есімдерімізді білдік және олардың психологиясын білуге ұмтылдым.
Сабақты бастамас бұрын, оқушылармен өткен тақырыпта талқыладық.Олардың сол сабақтан не алғанын, түсінбей қалған жерлерін сұрап,жаңа тақырыпты бастадым.Оқушыларға түсінікті болу үшін барынша мысалдарды күнделікті өмірден алып,ойындар,тәжірибелер жасап қызықты өткізуге тырыстым.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда мынадай психологиялық-педагогикалық шеберлік таныттым:
- сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақты түсіндіру барысында оқушылардың психологиялық-эмоционалдық ахуалын бақылап, соған сәйкес әрекет ету;
- сабақ барысындағы тәрбиелік деңгейді бақылау, оны сәтті сақтау;
-оқушылардың жауаптарын зейін қойып тыңдау, қателіктерімен оқыту, дұрыс жауаптарға оң жауап беру;
- сабақты түсінуде немесе басқа да қателіктер туындаған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіп, түсінбегенін қайта түсіндіру;
олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, дауыс тоны мен оқыту методикасын ауыстырып отыру, шағын ойындар ойнату;
Мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынасы: оқушыларды жіті тыңдап,сұрақтарына жауап беріп, пікірлерімен санасып, олардан сабақ барысында барынша еркін болуына жағдай жасап, әр оқушыға жеке тапсырма беріп,олардың мүмкіндіктерін біле алдым.
13) Мұғалімнің сыртқы келбеті -ұқыпты, классика стильінде.
14) Сабақтың жалпы бағасы 10. Оқушылардың алға қойылған мақсатқа жету, сабақтың тиімділігі мен оны анықтау әдістемесі, оқытудың қолданбалы түрлерінің педагогикалық негізділігі, оқыту әдістерін таңдаудың мақсаттылығы, оқу үрдісіндегі қайшылықтарды жеңу.
15) Мұғалімнің қызметін жетілдіру және оның тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстар:
Үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыру,кәсіби даму.Жұмыс тәжірибеңізді көрсететін материалдарды: жоспарлар, конспектілер, дидактикалық материалдар, эссе мәтіндері мен студенттердің тест жұмыстары, олардың сұрақтары, жауаптары, оқушылардың дамуын бақылауларыңызды сақтаңыз және жинақтаңыз. Сонымен қатар, сіздің күмәніңізді, сәтсіздіктеріңізді ескеріңіз.