Мінездеме Диникул Фариза № 28 “Мақташы” жалпы орта мектебінде 24.01.2022-26.02.2022 жж аралығындаи педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күні Фаризаны 8 сынып оқушыларымен таныстырды. Ол іс-тәжірибе барысында тәрбие сағаттарын өтіп, оқушылардың күнделіктерін тексеріп, келмей қалған оқушылардың келмеген себептерін анықтап, кешігіп келетін оқушылармени жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Фаризаның өзі де студенттерге жақсы үлгі бола білді.Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді . Күнделікті мектепке келіп педагогикалық практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне педагогикалық практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Күнделікті мектепке келіп, педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Мектептегі мұғалім ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды.Фариза үнемі мықты дайындықпен келетін. Фариза сынып жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты. Оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды. Педагогикалық тіс-тәжірибе кезінде өткізген іс-шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды және өте жақсы бағаланды. Фариза жақсы сынып жетекші,мықты маман иесі болады деп сенеміз.