Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы



бет23/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:

  1. Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті менжаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.

  2. Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.

  3. Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

  4. Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.

  5. Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.

  6. Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

  7. Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.

Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.
Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты», -деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» /Ю.А.Конаржевский/ жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:

  • мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;

  • мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;

  • білім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;

  • мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;

  • қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;

  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

  • оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;

  • оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;

  • жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.

Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелелік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет.


10 дәріс. Білім беру процесіндегі қарым қатынас. Қарым қатынастың жалпы сипаттамасы. Педагогикалық қарым қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде.

Педагогикалық іс-әрекет – оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.


Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары: мақсаттылық, түрткі;пәндік-мазмұндық; өнімділік.
Педагогикалық іс-әрекет формалары: әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика, шеберханадағы жұмыс, сабақ, лекция, семинар, сынақ, тәжірибеден өткізу, тренингтер және т.б.
Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі[2]
I (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.
II (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.
III (орташа) локальды модельдеуші ; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге , дағдыларға, іскерліктерге уйрету стратегияларына ие ; орташа продуктивті.
IV (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері ; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар , іскерліктер, ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
V (ең жоғарғы) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.
Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны: мотивация, мақсат қою, пәндік, құралдар, тәсілдер, өнім, нәтиже және т.б.
Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері, түсіндіру, көрсету (иллюстрация), оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс,оқушы тәжірибесі,тренингтер және т.б.
Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:
1.Педагогтың шығармашылық потенциалы мен педагогикалық стереотипті жою мүмкіндіктері проблемасы;
2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм)
3. Мұғалімді психологиялық даярлау
4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау
5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру
6.Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғыну проблемалары.
Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар:

  • Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;

  • Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;

  • Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;

  • Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;

  • Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;

  • Әлеуметтік – кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет