Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет24/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Мұғалім қызметтері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау; мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық,бақылау және коррекциялық қызметтер; аналитикалық қызметтер; педагогикалық білімді насихаттаушы қызметтер.
А.И.Щербаков бойынша педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметтері: Ақпараттық қызметтер (материалды меңгеру және оны бере білу өнері); Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару); Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның оның мотивінің, идеалының бағыттылығы);
Жұмылдыру қызметтері (оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіру , олардың өзбеттілігін дамыту); Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс , тәжірибе жүргізу іскерлілігі , тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру)[2].
Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынасындағы негізгі қызметтер:
Құрастырушылық. Білім мазмұны мен пәннің практикалық мәнін талдау мен түсіндірудегі оқытушымен оқушының арасындағы педагогикалық әрекеттері
Ұйымдастырушылық. Бірлесе мағмұлаттандыру мен оку-тәрбиелік әрекет нәтижесіне жауапкершілікпен жетудегі оқытушы мен окушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Коммуникативті-стимулдандыру. Оқу-танымдық іс-әрекеттегі әр түрлі формаларының үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық) педагогикалық ынтымақтасу мақсатында өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру.
Ақпараттық - білім берушілік. Қоғамдық өмір аумағындағы жаңалыктарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіндірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.
Эмоционалды түзетушілік. Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін қолдану барысында, мұғалім мен оқушылардың сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру.
Бақылау-бағалау қызметі. Оқытушылар мен оқушылардың өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып, мұғалімнің кәсіби қасиеттерін жетілдіру.
Іскерлік - белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалыц іскерлік - мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялык ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік:кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді.
Педагогикалық іскерліктің А.К.Маркова 9 тобын сипаттаған:
Бірінші: Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру үрдісін белсенді даму үстіндегі оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуадияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және же дел түрде нақтылау, белгісіздік жагдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау,педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардын өзіеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагог икал ық жағдаяттардан абыроймен шығу: педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер.
Екінші топ 3 топшадан: I топша: «Нені оқыту керек?». Оқу материалымен жұмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оқу пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алып, оқу пәнін жаңарту (ұғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалык жаңалықтарды талдау қабілеттілігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
II топша: «Кімді оқыту керек?». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының оқуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б.
III топша: «Қалай оқыту керек?». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс тандап алу іскерлігі, мұғалім мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпыландыру, біріктіру,оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру, қолайлы жол таңдау.
Үшінші: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мұғалімдердің тәжірибесімен бөлісу, тәжірибе алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту, жетілдіру барысында жоспар жасай білу іскерлігі.
Төртінші: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу.Психологиялык қауіпті болдырмау, жою.
Бесінші: Жоғары дәрежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойынша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудың демократиялық стилінің басымдығы; оқушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, окушының сөзін бөлмеу, окушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу.
Алтыншы: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәңділігін түсінетін, онын әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылыгы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті: өзінің педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оның көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінің эмоционалдық күйін басқару; өзінің және оқушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінің «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.
Жетінші: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу.
Сегізінші: Оқу жылының басы мен аяғында оқушының білім деңгейіне сипаттама бере алу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін анықтау (оқушыға көмек көлемі, үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жалпылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру.
Тоғызыншы: Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнің бағалау іскерлігі; мінез-құлық арқылы оқушының адамгершілік нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, аландаушылык коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуге жағдай жасау).
Іскерліктің қалыптасу кезеңдерімен психологиялық құрылымы:
Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады.
1-кезең. Бастапқы іскерлік - іс-әрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға негіздей отырып сезіну және оған жету қүралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру - қателесу жолымен орындалады.
2-кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі - іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.
3-кезең. Жекеленген жалпы іскерлік - әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жөспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылык, іскерлік).
4-кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік - нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет