Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М.Тален бойынша): «Сократ» пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән;оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.
«Генерал» - екі ойльшықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатан түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, окушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.
«Топ дискуссиясынын жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлді атқарады.
«Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнды сапалы бағалауға, талдаута ұмтылады.
«Шебер» өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.
«Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мүнда бір команданың мүшесі сияқты, эрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ші бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог -топқа дем беруші. мүндағы ен басты сонғы нәтиже - жеңіс, табыс.
«Гид» білімді, жан-жакты, энциклопедист бейнесінде. Қыска сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұракқа жауабы үнемі дайын.
Педагогикалық іс-әрекет стилі Іс-әрекет стилі объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э. Чудновский).
Педагогикалык іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар: іc-әрекет субъектісі мұталімнің жеке даралык-психологиялық ерекшеліктерін, ол даралық-типологиялык, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; окушылардың ерекшеліктері.
Педагогикалық іс-әрекет стилдерінің түрлері(А.К.Маркова бойынша)
Өктемшілдік стиль. Оқушы тен құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талагггарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай, өз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, езін-өзі томен багалайды, бойларында агрессия пайда болады. Окушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мүғалімнін әсер етуінің негізгі әдісі - бұйрық ақыл айту. Мұталімге өз кэсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән.
Демократиялық стил. Окушымен қарым-катынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұгалім окушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардын түлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері - түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты қанағаттан;, өзін-озі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінін психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларга кәсіби орныктылық, оз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақгаушылық, толку байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклиматжасырын қатынастар байқалады.
Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі: