Педагогикалық ұжым мен әкімшілік арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау әдістері.
Басқарушылардың психологиялық құзіретін жоғарылату: мақсаттары мен ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандыруы.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет дәрежесі, мұғалім функциялары. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?
Педагогикалық іскерлік дегеніміз не?
Педагогикалық іс-әрекет стилдері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: Маркова А.К. психология труда учителя. – М.,1993.
Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М.,1994.
Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
11 – дәріс. Білім беру процесі субьектілерінің өзара әрекеті Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «бұл не? бұл кім? қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім
игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады. Адамнын белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін оқытудың басты қызметі. Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, мұғалім сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген оқыту іс-әрекеті – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жене алатын күш. Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет.
Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз. Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көніл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше, «өткен ұлы адамдардың өмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған,»… адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді.
Адамзаттың бүтін тарихы – өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құру». Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін факторлар төмендегідей болып келер.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы оқытудың объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект
болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, оқу мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі, жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту үрдісінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс). Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды генетикалық бағдарлама» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы. Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «¥лы бастаулар уақыты» деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар жэне баланың өзі қадағалап, реттей алады.