Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет14/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Мотивтерді топтастыру

  1. Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив - жеке тұлғаның таңдап алган және шынайы әрекеттердін мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті ұйымдастыра алатын мотив.

  2. Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Негізгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамнын мінез-құлқында көрініс беріп, негізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жеке адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған.

  3. Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді.

Мұндай мотивтер арқылы адам өзінше дүниеге. қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордын рөлін аткарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.
4. Заттық мазмұны бойынша заттық, функционалды және нормативтік мотивтер болады.
Заттық мотивтер іс-әрекеттің максатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, үздік оқу). Функционалды мотивтер - іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ соңғы нәтиже көрінбейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив соңғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады Нормативті мотивтер - кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқыктық мотивтер жатады.

  1. Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланган және нақты мотивтер болады. Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.

  2. Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде қабылданатын және сапалы түрде қабылданбайтын мотивтер.

Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер.
Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсаттылық және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді:

  1. Оқу қуаныш сезімі ретінде.

  2. Оқу жекебас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда).

  3. Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде.

  4. Оку әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және баскаларғa еліктеу).

  5. Күштеудін, күш көрсетудің салдарынан оқу.

  6. Жауапкершілік сезімінен оқу.

7. Өмірлік тәжірибенін маңыздылығын түсіну негізінде оқу(мамандық, өмірлік мақсат).
8. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар,принциптермен теңестіру) оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет