Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет13/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Мотив түрлері: А.К. Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді:
1. Танымдың мотивтер - оку іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен байланысты. Кең танымдық: мәселені шешуді қабыл алу; қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б. Оқу-танымдық әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет;жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б.
Өз бетімен білім алу мотивтері: оқу еңбегін ұтымды ұйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу; өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б.
2. Әлеуметтік мотивтер - оқушының басқа адамдармен әлеуметтік өзара қарым-қатынасымен байланысты.
Кең әлеуметтік мотивтер: оқушының парыз бен жауапкершілікті түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б.
Тар әлеуметтік мотивтер: құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және олардың арасында беделге ие болуға ұмтылыс, жолдастарына көмек корсету және т.б.
Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері:ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну.
Білім алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады:талпындырушы (іс-әрекетті бағыттайды); бағыттаушы (мінез-қүлқын бағыттап, ұйымдастырады), мән-мағыналық (іс-әрекетке жеке тұлғалық мән мен мағына беру).
Мотивтер ішкі және сыртқы дen бөлінеді.
Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың іштей өзінің талпынуынан туындамайды. Ол басқалардан сескенуінен туындайды:жазалау,мадақтау,сес көрсету және талап ету, материалдық пайда табу,топка қысым түсіру.
Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардын өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады.
Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі:білімге деген қызығушылығы; мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс; зеректік; жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік.
Мотивация - субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.
Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.
Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттын іс-әрекетін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.
Мотивация құрылымынан 4 компонентті бөліп айтуға болады:

  • іс-әрекетке канағаттану;

  • іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;

  • іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;

  • жекебасқа еріктен тыс қысым түсіру.

Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік факторлардық бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.
Ынталандырушы мотивтік факторлардын екінші түрі организм белсенділігінін бағыттылығын анықтайды.
Ынталандырушы мотивтік факторлардын үшінші түрі - бұл эмоциялар, сезімдер мен бағдарлар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет