3.6. Сабақты талдау жүйесі І.Сабақтың құрылымы. 1.Тақырыбы,мақсаты.
2.Сабақтыңқұрылымыжәнеоныңмаңызы.
ІІ.Сабақтың мазмұнына психологиялық баға беру.1.Оқу материалының сапасы (берілген материал сол жастағы баланың қабылдауына сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселелер жөнінде) 2. Педагогтың оқу материалын балаларға жеткізу түрлері (ауызша баяндау, мысалдар келтіру, салыстыру, көрнекілікті, өмірмен байланыстыру түрінде).3. Сабақтың тәрбиелік мәні (адамгершілік, эстетикалық, имандылық) және мұғалімнің сол тәрбие түрлерін ұйымдастыруы.
ІІІ.Таным процестері және оны қалыптастыру.1. Балалардың сабақ үстіндегі зейіннің түрлері. Педагогтың, балалардың зейінді болуын талап етуі, нақты тапсырмаға мән беруі, көрнекі құралдарды пайдаланып, еріксіз зейінін тудыруы. Зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз етуі. Педагогтардың өзін күштеп зейінді және зейінсіз отырғандардың саны. Бір жұмыстан екінші жұмысқа зейінін аударуы. 2. Балалардың қабылдауын тудыруда басты обьект болған нәрселер (педагогтың сөзі, оқу материалы, көрнекі құралдар). Оқу материалдарын қабылдаудың сапасы. 3. Балалардың сабақ материалдарын есінде қалдыруына қолданатын тәсілдерде қандай ес түрлері маңызды орын алды? (көрнекі-бейнелі, сөздік-мағыналы, эмоциялық, механикалық, мағыналы). Педагог сабақты жақсы есте қалдыру үшін қандай әдістер қолданды? Сабақта қай балаға ес процестерінің қандай түрі басым болды?(есте сақтау,тану, қайта жаңғырту, ұмыту).
4. Ойлау белсенділігі: сабақта педагогтың ғылыми түсінікті қалай қалыптастырады, көрнекілікті қалай пайдаланады? Оның жауабында ұғымдылықтың, тауып айтудың қандай түрлерін кездестіреді? Балалардың сөйлеу жүйесі яғни, логикалық ойлаудың құрылуы және оның ерекшеліктері. Олардың тиісті мазмұннан қорытынды жасай алуы (дедукция, индукция, жорамал).5. Шығармашылық қиялының жүзеге асуы.
6. Баланың жас ерекшеліктері сабақта ескерілді ме?
ІY. Педагогтың сабақтағы балалармен қарым-қатынасы. 1. Сабақтың қай кезеңінде (үйге берілген тапсырманы тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту), мұғалім оқушыларды қаншалықты дәрежеде оқу процесіне жұмылдырды (қай кезге көп көңіл бөлді)?2. Педагог зейіннің қамту және таралу обьектілері:а) Балаларға назар аудару
ә)баяндап тұрған оқу материалдарының мазмұнына көңіл бөлу.
б)сабақтың аяқталуына қанша уақыттың қалғанын аңдау
3.Педагогтың балалардың әрекетін бағалауына қалай қабылдады?