Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Y.Педагогтың сабақтағы тәрбиелік ролі



бет21/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Y.Педагогтың сабақтағы тәрбиелік ролі.
1. Педагогтың жеке басының тәрбиелік деңгейі мен сипаты: сыртқы келбеті, дауысы, балалармен қарым-қатынасы. Балалардың оған деген көзқарасы. Сабақтың эмоциялық ахуалы. Топтағы психологиялық көңіл күй.
2. Сабақ кезіндегі педагогтың талабы, балалардың еріктілік, моральдық сапаларын қалыптастыруы (оның жауабынан, сөзінен, тәртібінен көрінуі).
3. Сабақтағы әдіс-тәсілдердің тәрбиелік мәні.
4. Педагог сабақта тыңдауды, жазуды, кітаппен жұмысты, өзін-өзі бақылауды, есеп шешу жолдарын т.б. қалай ұйымдастырды.
YІ.Қорытынды.
Сабақ мақсатына жетті ме? Қандай психологиялық көрсеткіш арқылы білуге болады (ұғымды меңгеруі, зейінін, қызығушылығын, эмоциясының т.б дамуы). Баланың психикасының дамуындағы сабақтың маңызы.
Сабақты саралау сұрақтары:
1.Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы, көңіл – күйі).
2. Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тәсілдер,ерікті және еріксіз зейіннің байланысы.
3.Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру,есте сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты, ырықсыз,қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау,есте қалдыру,есте сақтау,қайта жаңғырту.
4.Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау операцияларының параметрін қалыптастырушы
тапсырманы қолдану: салыстыру, анализ, синтез, жинақтау, нақтылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды дамытушы жағдай.
5.Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту;
6.Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері.
7.Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы.
8. Сабақтың ұжымның қатысуына, дамуына әсері.
9. Мұғалімнің жас ерекшелігі психологиясы және сыныппен психологиялық қатынас туралы білімі. Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен әрбір оқушының сезімін бақылауы, педагогикалық такт. Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет