Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы: Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті менжаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.
Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.
Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.
Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.
Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты», -деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» /Ю.А.Конаржевский/ жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:
оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;
жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелелік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет.