Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Үйрену теориялары бойынша проблемалар



Pdf көрінісі
бет58/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

Үйрену теориялары бойынша проблемалар: 
1.
Үйрету, үйрену, оқыту ұғымдарының өзара байланысы мен айырмашылықтарын ашу.
2.
Үйрету және жетілу (даму) эффектілерінің байланысы мен айырмашылықтарын ашу. 
3.
Үйренудің заңдары мен заңдылықтары проблемалары. 
4.
Үйрету тиімділігін арттыру механизмдері мен шарттары проблемалары, және т.б.
 
2. Үйренудің адам мен жануарларға ортақ үш түрі бар: сенсорлық, моторлық және 
екеуінің синтезі сенсо - моторлық. 
Адамдарға ғана тән үйренудің түрін когнитивтік 
үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы: білім, моторлық үйрену арқылы – дағды 
қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысу, мақсатқа сай әрекет етулері ойлаудың жоғары 
түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. 
 
Үйренудің ассоциативтік типі

Ассоциативті үйрету 
дене, психологиялық функционалдық элементтердің бірлігі 
негізінде белгілі ақиқат элементтерінің, мінез-құлық, физиологиялық процестер немесе 
психикалық ақиқатпен байланысты пайда болуы. 
Ол өз ішінен 
рефлекторлық
және 
когнитивті
болып бөлінеді. Рефлекторлық үйренудің 
сенсорлық, моторлық, сенсо – моторлық түрлері бар.

 
Сенсорлық ассоциативті үйрену – 
қоршаған орта құбылыстары мен жаңа биологиялық 
мәнді заттардың қасиеттерін меңгеру.

 
Моторлық ассоциативті үйрену –
жаңа биологиялық тиімді (пайдалы) реакцияның 
жасалуы, ол сенсорлық компонент реакция-сының кинестезиялық немесе пропроцептивті 
кезінде болады. 

 
Сенсомоторлық ассоциативті үйрену – 
қабылдаудың жаңа жағдайына реакцияның пайда 
болуы немесе бейімделуі

 
Когнитивті үйрену өз ішінен 3-ке бөлінеді 

 
Білім алуға үйрену 
Тіршілікте әрекетке пайдасы бар заттардың қасиеттерін табу және оларды меңгеру

 
Дағдыға үйрену
Мақсатқа жетуді бағдарламаны реттеуді және әрекетті бақылауды 
қамтамасыздандыратын әрекет бағдарламасын қалыптастыру

 
Әрекетке үйрену 
Когнитивтік деңгейдегі сенсомоторлық үйренумен сәйкестендірілетін білім алу және 
дағдыға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет