66
Тәрбие – нәтиже
,
тәрбиеленушіге үнемі әсер ету процесінде адам бойында позитивті
сандық және сапалық қасиеттер пайда болады, бұл тәрбие процесінің диалектикалығын
байқатады.
Тәрбие
– тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
өзара қарым-қатынас
процесі.
«Кез келген адамда екі тәрбие түрі болады: бірі оған басқалар беретін тәрбие, екіншісі
өзіне өзі беретін тәрбие» (
Э.Гибсон
).
Мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің мәні – өзін-өзі дамытуда, өзіне-өзі білім беруде
және өзін-өзі тәрбиелеуде.
Сыртқы күш, табиғат адам ағзасына қозғалыс, әрекетке ақпарат бергенімен, әрекеттің өзі
– тек адамдікі ғана.
Тәрбие
кең
және
тар
мағынада түсіндіріледі.
Кең әлеуметтік мағынада
– қоғамда жинақталған әлеуметтік- мәдени тәжірибені,
адамгершілік нормалары мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды
қамтамасыз ететін қоғамдық институттардың қауымдасуы.
Кең педагогикалық мағынада
– арнайы ұйымдастырылған жүйеде, тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасын қамтама-сыз ететін мақсатты түрде жеке
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған процесс.
Тар педагогикалық мағынада
тәрбие мақсаты мен мақсатты шешуге бағытталған тәрбие
субъектілерінің арнайы тәрбие әрекеті (сынып жетекшісі, тәрбиеші, балалар ұйымының
жетекшісі, ата-ана т.б.).
Тәрбие процесінің маңызды белгісі – оның
мақсаты
мен
стратегиялық міндеттері
негізінде мазмұнын анықтау
. Мазмұны - екі жақты.
Біріншіден
, қоғамның әлеуметтік-
мәдени құндылық-тарын игеруді ұйымдастыру: экономика, саясат, ғылым, өнердің
барлық түрі т.б. бұндағы орталық ұғым «мәдениет».
Екіншіден
, мәдени құндылықтарды
меңгеруде оқушының дербестігін дамыту.
Тәрбие – шығармашылық процесс
. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі.
Ең бастысы
мәдениетті меңгеру шығармашылық сипатта.
Екіншіден
, тәрбиеленушінің жеке
дербестігі, әрбір педагогикалық әрекеттің спецификасы стандарттан алыс және
шығармашылықты қажет етеді.
Үшіншіден
, «педагог» тұлғасы үлкен шығармашылық
потенциалға ие.
Достарыңызбен бөлісу: