Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

ІІ кезең
.
ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына дейін.
Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған маман-дарды даярлауда 
әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемалардың бірі 
еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру, 
оларды жаңа жағдайда қайта құру, кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру, кәсіби 
білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау. 
ІІІ кезең
.
ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық 
психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі дамуы білім мен іскерлікті 
қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның 
теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкелді (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, 
А.В.Запорожец, 
Д.Б.Эльконин 
зерттеулері). 
60-жылдардағы 
кибернетика, 
бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу 
теориясының негізінде (П.Я.Гальперин) бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді. 
80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке 
тұлғаны зерттеу контексінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның 
ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден айырмашылығы) кәсіби іс-әрекеттің 
жетістігінің
және 
сенімділігінің
факторы бола алады.
2.
Мамандық
– белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі, тіршілік көзі болып 
табылады.
Мамандық
– белгілі адамға тиесілі білім, іскерлік және дағды жүйесі ретінде де 
сипатталады. 
Мамандықты 
суреттеудің
жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды: 
1.
әлеуметтік-экономикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы 
жүйесіндегі орны, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы, 
мамандықтың мәртебесі); 
2.
өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс орны, 
еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер); 
3.
санитарлық-гигиеналық (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты 
және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі, медицинаға кері 
көрсеткіштер); 
4.
психофизикалық (мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне 
қоятын талабы).

Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі
(А.Н.Леонтьев бойынша): 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет