81
«Адам –Техника»
мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:
қозғалыстың жақсы координациясы (үйлесімділігі), нақты көру, есту, вибрациялық және
кинестезиялық қабылдау, дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял;
зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы, байқағыштық.
«Адам – Белгі жүйесі»
мамандық типінің адамға қоятын психоло-гиялық талаптары:
жақсы оперативті және механикалық ес; зейінді ұзақ уақыт шоғырландыру қабілеті;
зейінді бөлу және ауыстыру, қабылдаудың нақтылығы, шартты белгілер астарын көре
білу іскерлігі, ынталылық, шыдамдылық; логикалық ойлау.
«Адам – Көркемдік бейне»
мамандық типінің адамға қоятын психо-логиялық талаптары:
көркемдік қабілеттер; көру есі, көре отырып қабылдау, көрнекі-образдық ойлау;
шығармашылық ойлау; шығармашылық қиял; адамға эмоционалды әсер етудің
психологиялық заңдары туралы білім.
«Адам – Адам»
мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қарым-
қатынасқа ұмтылыс; танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі,
адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жақсы сезіну; жақсылық тілеуші,
елгезектік; шыдамдылық; эмоциясын тежей алу шеберлігі; адамдардың және өзінің мінез-
құлқын саралау қабілеттілігі, басқа адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну,
кикілжіңді шеше білу іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі;
басқа адамды тыңдай алу, оның ой-пікірімен санасу іскерлігі; сөз, мимика, жестті (ым-
ишара) орынды қолдану, әр түрлі адамдардың тілін табу; адамдарды сендіре білу;
жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар психологиясы туралы білім.
Достарыңызбен бөлісу: