Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар (А.В. Мудрик бойынша)   Мегафакторлар



Pdf көрінісі
бет87/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

3.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар (А.В. Мудрик бойынша)

 Мегафакторлар
 
(мега – өте үлкен, жалпы). Космос, планета, ғылыми-техникалық 
прогресс деңгейі, демографиялық жағдай. 

Макрофакторлар 
(макро – үлкен). Мемлекет: әлеуметтік-экономи-калық жүйе, қоғамдық 
психология, қоғамдық сана (идеология, саясат, саяси және құқықтық мәдениет, мораль, 
дін, өнер, ғылым). 

Мезофакторлар 
(мезо – орта, аралық). Табиғи–географиялық жағдайлар, ұлттық – 
мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, 
мәдени – білім беруші сфера, БАҚ. 

Микрофакторлар 
отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, құрбылар, көршілер, 
діни ұйымдар, микросоциум.
4. 
Әлеуметтендірудің негізгі бағыттары. 

 
Тәрбие және тәуелсіз (еркін) тұлғаны әлеуметтендіру. 
Өзіндік сананың жоғарғы 
деңгейі. Адамзаттық. Патриотизм өзінің адамгершілігін сезу, өзін-өзі құрметтеу. Өзіндік 
тәртіп, адалдық. Тіршіліктегі рухани құндылыққа бағдар. Шешім қабылдаудағы 
өзбеттілік және оған жауапкершілік, іс-әрекет мазмұнын таңдаудағы еркіндік. Қылықты 
таңдаудағы, мінез-құлықты өзіндік реттеу тәсілдеріндегі қақтығыстарды реттеудегі 
еркіндік. Болашақ ұрпақ алдында бейбітшілікті, адамзат цивилизациясын, жерді, 
экологияны, мәдениетті сақтаудағы жауапкершілік. Өз мемлекетінің ізгілігі (сәттілігі) 
үшін қамқорлық.

 
Саяси және құқықтық әлеуметтену
. Саяси жағдайды білу және бағыт ала алу. Өз 
көзқарасын қорғай алу іскерлігі. Адам, бала құқығын білу және қолдана алу. Өз құқығын 
қорғай алу іскерлігі. Бостандық, құқық, ар-ұят, адамгершілікті мойындау және құрметтеу. 

 
Рухани-адамгершілік әлеуметтену және жеке тұлғаны тәрбиелеу
. Радикалды 
әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында өмір мәнін анықтау мен түсіну. Өз қабілет-
қасиеттерін жүзеге асыруға деген қажеттілік. Тану, өзін-өзі тану, өзіндік «Мен» 
концепциясын қалыптастыруға деген қажеттілік. Сұлулыққа деген қажеттілік. Рефлексия. 
Қарым-қатынасқа деген қажеттілік. Өмір мәнін іздеу. Ішкі әлемінің автономиялылығы, 
тұтастық. Табиғатпен үндестік.

 
Экологиялық-экономикалық әлеуметтену және тәрбие
. Адам мен әлемнің бірлігін 
түсіну. Қоршаған табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу. Антропокосмизм, глобальды білім 
беру: әлемді тұтастай қабылдау қабілетін қалыптастыру және ондағы өз орнын анықтау: 
«Мен–Жер планетасының адамымын». «Мен–Қазақстанның азаматымын», « Мен–жалпы 
адамзат жанұясының бөлігімін», «Мен–әлемді құруға белсене араласуға қабілетті жеке 
тұлғамын»; планеталық сана және глобальды ойлауды қалыптастыру, планетадағы болып 
жатқандарға үлес қосу; адамның өзімен, басқа адамдармен, тұтастай қоғаммен, яғни 
микро – және макрокосмоспен гармониялы қарым-қатынас орнату; адамның 
эмоциональды, интеллектуалды, адамгершілік – еріктік сфералардың іс-әрекеттегі 
бірлігін құру; жерді, табиғатты, адамзатты, олардың қарым-қатынасын сақтауды 
қамтамасыз ететін экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру.


78 

 
Этнопедагогикалық әлеуметтену
. Жалпы адами және ұлттық құндылықтарды саналы 
меңгеру. Мемлекеттік, өз тілін және әлем халықтарының тілін меңгеру. Халықтың әдет-
ғұрыптары мен діни әдет-ғұрыптары туралы білім. Салауатты өмір салты. Эстетикалық 
талғам, жақсы жүріс – тұрыстар (манералар). 

 
Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу
. Жалпы адами құндылықты меңгеруде шығармашыл 
іскерлік пен дағдыны меңгеру. Қабілетті дамыту. Іс-әрекетке деген қажеттілік. Білім, 
іскерлік, дағды, дамыған интеллект. Интуиция. Шығармашылық бейімділік. 

 
Политехникалық және еңбектік әлеуметтену
. Экономиканың негізі туралы білім. 
Күрделі өмірлік проблемаларды шешудегі экономикалық ойлаудың дамуы. Әр түрлі 
мамандықты игеруге бейімділік. Карьераны дамытудың өзіндік моделін құру іскерлігі 
және оның өзгермелі жағдайдағы ролін түсіну. Әлеуметтік мақсатты бағыттылық, 
іскерлік, іскерлік қатыстағы жауапкершілік, зорлық-зомбылыққа шыдамсыздық және 
әділдік, жаңаға қатынастағы ашықтық; ойлаудың сыншылдығы, өткендегілерден сабақ 
алу іскерлігі, жалпыадами құндылық контексінде өз тәжірибесін рефлексивті ойлау. 
Еңбек сүйгіштік, шаруақорлық. Бәсекеге қабілеттілік. Компьютерлік білімділік. Үйді 
жабдықтау, отбасына жағдай жасау.

 
Әлеуметтік-мәдени әлеуметтену
. Азаматтық және әлеуметтік белсенділік. Адамзаттың жинақтаған 
тәжірибесін көбейту және сақтау. Әр түрлі ұжымдық, топтық, дербес әрекетте азаматтық мінез-
құлық тәжірибесін қалыптастыру. Өзімшілдігін басу іскерлігі. Ұжымда жұмыс істей алу, бірлесу. 
Үнемі өзгермелі әлемде өмір сүре білу іскерлігі. Өз қылықтары үшін жауапкершілікті өзіне алуға 
даярлық. Адамзаттың алдыға қарай жылжуы тек дербес қажырлық пен барлық адамдардың 
белсенді бірігуі (ымыраласуы) нәтижесінде ғана екендігін сезіну. 
Сонымен,
әлеуметтену нәтижесі, 
жеке тұлғаның әлеуметтік толысуы (мамандықты игеруі, өз 
беттілік; адами толысу); интеллектуалдық толысу (әлеуметтік рөлдерді орындауға қабілетті ақыл-
ойдың дамуы); құқықтық толысу (құқығы мен міндеттері туралы білім); саяси толысу (азаматтық 
борыш сезімі, әлеуметтік-саяси белсенділік).
5.
Әлеуметтендіру институттары – жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге 
икемдейтін, әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы нақты топтар: 

отбасы; 

мектеп; 

еңбек ұжымы; 

жоғары оқу орындары; 

Бұқаралық ақпарат құралдары; 

микроорта; 

әлеуметтік топтар; 

қоғамдық ұйымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет