Адепт (немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
Адаптант (немесе адаптация фазасы, жас маманның жұмысқа бейімделуі). Жас маман
өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді, шығармашылық міндеттерді
шешуге үйренеді.
Интернал (немесе интернал фаза) – өз ісін тұрақты, жақсы көретін, негізгі кәсіби
функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
Шебер – жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің
белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен, кәсіби аймақта кең де терең білімімен
ерекшеленеді. Оған қайталанбай-тын, ерекше іс-әрекет стилі тән, оның жұмыс
нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына
негізі бар. Өз біліктілігінде (дәрежесінде) формальды көрсеткіш-терге ие (разряд,
категория, дәреже, атақ).
Авторитет – өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі салада, салааралық деңгейде,
мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын ұйымдастыру шеберлігі
арқасында шешеді.
Үйретуші – беделді, өз ісінің шебері, шәкірттерін, ізбасарларын үйретуге әзір.
Қолданылған әдебиет: 1. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология. С. 190-221.
14 - СҰРАҚ. ҰСТАЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы 2. Педагогикалық іскерлік 3. Педагогикалық қабілеттілік 4. Кәсіби сапалар 5. Педагогикалық іс-әрекет стильдері