Педагогикалық такт және педагогикалық этика Такт және педагогикалық такт туралы түсінік



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі0,95 Mb.
#70780
1   2   3   4
Байланысты:
Этикалық категогрия педагогикалық такт

Сабақта педагогикалық такт

  • Сабақта педагогикалық әдептің негізгі белгілері төмендегідей:
  • табиғилығы, пікірлесудегі қарапайымдылық;
  • жалғансыз, шынайы іс-әрекеті;
  • оқушыға сенуі;
  • жалынбай өтініш жасау;
  • сездірмей-ақ кеңестер мен нұсқауларды беру;
  • оқушының өзіндік «менін» тежемей талап ету және сендіру;
  • күлкіге айналдырмай юморды қолдану;
  • қарым-қатынаста іскерлік көрсету, салқындылық танытпау;
  • қойған талаптан бас тартпай тәрбиелік ықпалды жүзеге асыруда нақтылық-пен реттілікті басшылыққа алу;
  • өзінің бақылауын байқатпай оқушыға көңіл бөлу, пікірлесудегі салмақтылық.

Педагогикалық такт

Тактика және педагогикалық тактика

  • Тактика (грекше taktike – “тәртіпке келтіру”) – белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс, жол.
  • Педагогикалық тактика – педагогикалық мақсатқа жету үшін оқытушының қолданатын әдіс-тәсілдері. Педагогикалық тактика мұғалімде оқушыға әсер етудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді.
  • Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Өйткені педагог оқушылармен түрлі жағдайларда түрліше ролдерде қатынаста болады. Оқушылар сабаққа дайын болмаған жағдайда қарым-қатынастың айқын, қатал, салқын, сыпайы сарынын пайдалану керек. Сабақтан тыс уақытта балаларман достық, сырластық қатынаста болған жөн.

Педагогикалық тактты меңгеру шарттары

  • Педагогикалық тактты меңгеру үшін төмендегі ережелерді есте сақтау керек:
  • 1. Конфликтті жағдайларды түсінуге әрекет ету, оның үшін сыртқы көрі-ністе байсалдылық және ұстамдылық.
  • 2. Өзінің іс-әрекетімен сұхбаттасына әсер ету.
  • 3. Бірден жағдайды бағалауға әрекет етпеу, өз көзқарасын ғана білдіру.
  • 4. Мақсатты біріктіру.
  • 5. Шешімге келуде өз позициясының дұрыстығына көз жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет