Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (Оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);
Ықпал жасау шамасы. (Ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; кейісті тоқтата-ды, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтуды дөп басып біледі).
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; ашу – нашар кеңесші).
Көңіл қалдырмау. (Көңіл қалдыру – мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (Оқушымен жеке сөйлесу – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)
Оралымды жолдар. (Әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды).
Білімді бағалау. (Жақсы баға – объективті (оқушылар сөзімен айтқанда, әділ) баға.
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)
Әзіл. Тапқыр сөз. (Өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушы-лар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын әдептілік туралы философия-лық тағылым. Этика қызметтің барлық түрінде кездеседі. Мысалы, медициналық этика, әскери этика, басқару этикасы, сауда этикасы, т.б.
Этикалық норма – адамдардың ұқсас мінез-қылықтары ортақ ереже-лер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеліп отыратын адамгер-шілік қағидалар формасы. Этикалық норма – ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс.