Зерттеудің мақсаты: математиканы оқыту процесінде ашық мәселелерді шешуді ЖОО –да оқытудың әдістемелік негіздерін жасау және оны тәжірибе жүзінде іске асыру.
Зерттеу нысаны: ашық білім беру ресурстарын жалпы орта мектептерге кіріктіру
Зерттеу пәні: негізгі мектеп оқушыларын математикалық мәселелерді шығаруды оқыту әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектепте математика сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен математикалық ашық есептерді шығаруды оқытудың әдістемесі заман талабына сай жүйелі түрде жасалса, онда оқушылардың математика курсынан танымдылығы ғана емес, математикалық есептерді шығару білігінің қалыптасу деңгейі және математиканы оқып білуге деген қызығушылығы мен саналылығы, білімді меңгеру сапасы артады, университеттеде қалыптасқан білімі мен біліктілігін арттыра түседі. Жұмыстың мақсаты, пәні және болжамы зерттеудің келесі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:
- математиканы оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде есептердің, мәселелердің рөлі мен маңыздылығы;
-оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін жасау;
- оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру және оны оқу процесіне енгізу.
Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді талдау көрсеткендей,
болашақ математика мұғалімдерін инновациялық бағытта жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру жағдайында даярлау белгілі бір компоненттерді қамтитын интегративті сипаттама болып табылады. Математикалық пәндердің оқытушысы қызметінің негізгі құрамдас бөлігі - оның әдістемелік дайындығы,әсіресе оның математикалық мазмұнмен жұмыс істеу сипаттамасы болып табылады (Моро М.И., Колягин YU.M., А.Абылқасымова, А.Нугусова, С.М. Сеитова және т.б.).
Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың заманауи кезеңі мұғалімнің
кәсіби даярлығына, олардың оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын меңгеруіне жоғары талаптар қояды. Бұл, бір жағынан, ЖОО-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа, неғұрлым тиімді жолдарын, атап айтқанда,білімгерлердің әдістемелік даярлығының құрылымы мен мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Екінші жағынан, «мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі» ұғымының өзі қазіргі уақытта белгілі бір өзгерістерді талап етеді.Кейбір ғалымдардың пікірінше, математикалық пәндерді оқытуды жүйелік-әдістемелік қамтамасыздандыру болашақ математика мұғалімдерінің тұлғасын дамытудың, атап айтқанда олардың кәсіби қалыптасуының шығармашылық ортасын құрудағы оқыту процесінің тиімділігінің маңзды педагогикалық шарты болып табылады (А.И. Лыжин, А.В. Хуторская, Каскатаева Б.Р., Кадирбаева Р.И).
Қазіргі уақытта педагогикалық жоғары оқу орнында болашақ математика
мұғалімдерін әдістемелік даярлау проблемасына арналған көптеген зерттеулер бар. Мысалы, Н.Л.Стефанова мен Н.С. Подходованың монографиясында математикалық білім берудің қазіргі әдістемелік жүйесін дамытудың теориялық аспектілері берілген [3]. А.М. Пышкалоның зерттеулерінде мақсаты, мазмұны, әдістері, нысандары мен құралдары сияқты компоненттерді қамтитын «математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі» ұғымы енгізілген [2].
Өз зерттеулерінде А.Е.Әбілқасымова «Қазіргі заманғы жағдайлар мектеп
білімінің алдына жаңа міндеттер қояды, атап айтқанда, математикалық білімнің алдында, ол әрбір білім алушыға математикалық білімнің қажетті деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Осыған байланысты педагогикалық ЖОО-дағы математикалық білім берудің мазмұны математика курсын оқудың үздіксіздігі қағидатын іске асыруға бағытталуы тиіс, яғни математиканың бір-бірімен байланысты бөлімдері, оның ішінде әдістемелік пәндермен интеграциялау, бұл болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығының сапасын айтарлықтай жақсартады» [6].
Ғалымдардың пікірінше, білім берудің алдында тұрған негізгі проблемалар оқушыларды оқытуда дамыту, яғни оқушылардың шығармашылық (зерттеу) оқу қызметін қалыптастыру, олардың оқуға деген ынтасын ояту, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.Зерттеу нәтижелерін орта мектепте және жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімдерін даярлауда математиканы оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіруде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |