Іс-құжаттардыталдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсін-деу, қол еңбегі, тіл дамыту, бақылау жұмыстарының нәтижелерін тал-дау баланың психикалық үдерісінің даму ерекшелегін, білімін, білік-тілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытын-ды шығаруға болады.
Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қараған-да, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар-дың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтар-дың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасау қажет.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұ-мысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуге ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашыл-дығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.
Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері. Ғы-лыми әдіс – ғалымдардың зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы.
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шыға-ды да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады.Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты кез-келген зерттеуде қолда-нылады.