Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет21/35
Дата28.09.2022
өлшемі104,04 Kb.
#40673
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Педагогикалы зерттеуді діснамалы негіздері мен дістері педа

Сауалнама жүргізу – ма-териал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қол-данады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педа-гогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық тесттердің ішінен жобалау тестері кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет