Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы



бет23/35
Дата28.09.2022
өлшемі104,04 Kb.
#40673
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Педагогикалы зерттеуді діснамалы негіздері мен дістері педа

3.4.Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы.Ғылы-ми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптасты-ратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объек-тивті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс.Ғылыми-зерттеу- таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім жасау үдерісі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығымен сипаталады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) зерттеуде мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таң-дау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерт-теуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық зерттеуде негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашы-лады, бұрын зерттелген ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фак-тілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтиже-сінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.
Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғы-лымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі қырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныста-рына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педаго-гикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәсе-ленің теориялық және практикалық жағын талдау негізіндегі шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерт-теу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет