Педагогикасы



бет43/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже.
Академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы.
Академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы- зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.
Арнайы (коррекциялық) педагогика - дене және әлеуметтік дамуында ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін, қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін, құралдарын зерттеп жасайды. Оның салалары: логопедия (тіл дамуында кемістігі бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу), сурдопедагогика (естімейтін және нашар еститін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу), тифлопедагогика (кӛрмейтін және нашар кӛретін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу), олигофренопедагогика (психикалық дамуы баяу және ақыл-ойы дамуының кемістіктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу).
Әлеуметтік педагогика - әлеуметтік ортаның нақты жағдайын ескере отырып тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландыру бойынша тәрбиелік шаралар жүйесін жасаудың теориясы мен тәжірибесі.
Бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже.
Белсенді үлестірмелі материалдар - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет