Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші.
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары - ӛз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің ӛзіндік жұмыстары, магистранттың ӛзіндік жұмыстары және докторанттың ӛзіндік жұмыстары болып бӛлінеді; Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарының барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі. Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |