Екідипломдықбілім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі.
Еуропалық трансферт(аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын б ілім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі.
Жеке оқу жоспары- білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары.
Инновациялық - білім беру консорциумы – жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен ӛндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық иннова- циялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және ӛзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік.
Инновациялықуниверситет – инновациялық қызметтің толық
циклін, іргелі және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және ӛндіріске
ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені.
Институционалдық аккредиттеу– білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жӛніндегі қызметін бағалау.
Көзқарас (подход) – мәселелерді шешу негізінде жатқан идеялар, принциптер, әдістер жиынтығы. Кейбір кезде кӛзқарасты әдіске теңейді (мысалы жүйелілік кӛзқарас немесе жүйелілік әдіс), бірақ кӛзқарас ұғымы әдістен қарағанда кең ұғым. бұл мәселені шешудің идеологиясы мен әдіснамасы, ол негізгі идеяны, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, негізгі мақсаттарды, сол мақсаттарға жетудің принциптерін, кезеңдерін, механизмдерін анықтайды. Әдіс – ол тар ұғым, ол белгілі бір жағдайда белгілі бір міндетті шешуде қалай әрекет ету қажеттігі туралы білім.