Білім беру жүйесі - ӛзара іс-қимыл жасайтын білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Білімберуқызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік
негізделген, дәйекті ӛзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін үрдіс.
Білім беру мониторингі- білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары ӛзгеруінің серпінін, білім
алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі– білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау- басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу– білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay- білім беру ұйымдары кӛрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканыңзерттеупәні - оқыту мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді.