Педагогтің электронды портфолиосы


Электрондық портфолио түрлері



бет2/5
Дата28.03.2023
өлшемі134,29 Kb.
#76896
1   2   3   4   5
3.8.2. Электрондық портфолио түрлері
Портфолио түрі - бұл мақсаты, құрылымы, компоненттік құрамы, бол-
жалды нәтижелері бойынша ерекшеленетін оқытушының жеке жетістіктері
мен білім беру нәтижелерін дәлме-дәл бағалаудың белгілі бір нысаны.
Портфолио түрлері:
- жетістіктер портфолиосы;
- тақырыптық портфолио;
- рефлексивті портфолио;
- әдістемелік портфолио;
- ақпараттық портфолио;
- проблемалық-зерттеу портфолиосы;
- кешенді портфолио.
Жетістіктер портфолиосы - қандай да бір қызметтегі жетістіктерді
растайтын құжаттар.
Тақырыптық портфолио - негізінен шығармашылық жұмыстардың
бір немесе бірнеше қызмет салаларында көрсетілуіне назар аударылады.
Оқытушының тұлғалық даму динамикасын ашатын рефлексивті порт-
фолио, оның қызметінің сандық және сапалық жағынан нәтижелілігін қа-
дағалауға көмектеседі.
Әдістемелік, онда оқытушының кәсібилігін куәландыратын әдістеме-
лік материалдар, педагогика бойынша зерттеулер, зерттелетін әдістемелік
мәселе бойынша материалдар орналастырылады.
Кешенді портфолио - портфолионың жоғарыда аталған түрлерінің
элементтерінен тұрады.
Ақпараттық портфолио -
ұйымдастыру нысаны ретінде.
ақпараттық материалдармен жұмысты
Проблемалық зерттеу портфолиосы. Реферат жазумен, ғылыми жұ-
мыстармен, конференцияда сөз сөйлеуге дайындықпен байланысты.

3.8.3. Электрондық портфолионың құрылымы мен мазмұны


Портфолионың құрылымы - кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің әр жа-
ғынан оқытушыны толық ашатын бірнеше блоктардан тұрады.
Портфолио құрылымы.
Портрет-паспорт - жеке блок-портфолио иесінің жеке басын ашатын
бөлім, мұнда барлық портфолионың негізгі мазмұнын және оның мақсатын
ашатын фотосуреттер, түйіндемелер, аты-жөні, мазмұны орналастырылуы
мүмкін.
Коллектор-аттестаттар мен дипломдар, автор оқыған мекемелер туралы
ақпарат, тестілеу, аттестаттау нәтижелері жиналатын бөлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет