1. Білім алушы өзі туралы.
- білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны - 2 беттік
эссе, биопоэма, түйіндеме, фотолар - 3-ден кем емес);
- пән бойынша алдына қойған мақсаттары - 2 беттік эссе;
- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары - 2 беттік эссе;
- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері - 2 беттік эссе.
2. Пәннің теориялық мазмұны.
- терминологиялық сөздік (глоссарий) - 10 атау;
- оқу материалдары (тірек лекциялары - берілген тақырыптар бойынша
3 беттен кем емес, конспектілер - берілген тақырыптар бойынша 3 беттен
кем емес, Интернет материалдары - әр тақырып бойынша 3 беттен кем
емес, т.б.);
- өзі тапқан қосымша материалдар.
3. Жұмыс үлгілері.
- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар - 1-ден кем емес, мақа-
лалар - 1-ден кем емес);
- шығармашылық жұмыстар (эссе - әр сабақ бойынша біреуден, сцена-
рийлер - 1-ден кем емес, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері
- 1-ден кем емес, өзі құрастырған ойсергектер - 2-ден кем емес, есептер -
2-ден кем емес, сөзжұмбақтар - 2-ден кем емес, т.б.);
- семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын)
келесі үлгі бойынша келтіреді (көлемі 2 беттен кем емес): тақырып, сабақ
кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері,
сабақтың маңыздылығы;
- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері - 2-ден кем емес.
4. Жетістіктер.
-жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған, заңдылықтары) - 3 беттен кем емес эссе;
- ең ұтымды шыққан жұмыстары - 2-ден кем емес;
- марапаттаулары.
5. Ой-толғаныс.
- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы 3 беттен кем емес эссе;
- өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ
талдау - 1-ден кем емес, пікірталас ұйымдастыру сценарийі - 1-ден кем
емес, интервью мәтіндерін келтіру - 1-ден кем емес, сауалнамаларға жауап-
тары - 1-ден кем емес);
- өзін-өзі бағалау - 3 беттен кем емес эссе;
- өз жұмысы туралы есебі - 3 беттен кем емес эссе;
- оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер - 3-ден кем емес, хат-
тар - 3-ден кем емес, пікірлер - 3-ден кем емес).
Өлшемдер
|
Жоғарғы балл
|
Барлық бөлімдер келтірілген
|
2
|
Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу
|
5
|
Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану
|
10
|
Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік
|
10
|
Материалдарды безендіру
|
8
|
Портфолионың студент үшін пайдасы, қортынды жасау
|
10
|
Бірге оқитын жолдастарының пікірлері
|
5
|
Ой-толғанысқа негізделген материалдар
|
10
|
Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)
|
10
|
Барлығы
|
70
|
«Өте жақсы» - 60 баллдан 70 баллға дейін;
«Жақсы» - 50 баллдан 60 баллға дейін;
«Қанағаттанарлық» - 40 баллдан 50 баллға дейін;
«Қанағаттанарлықсыз» - 40 баллдан төмен.
ЖОО-да портфолионы құру мен қолдануды ғылыми түрде жүйелеу
білім беруді дамытуға байланысты мынадай тенденцияларға сай келеді:
1) Постиндустриялды қоғамда білімнің басты бағытымен сәйкес келеді;
2) Болон процесіне өткен ЖОО-ның білім беру жүйесіне негізделген;
3) Бағалау әдісінің жаңа формасын іздестіру, студенттің оқу және бас-
қалай жетістіктерін дамыту құралы;
4) Тұлғаның сапа жағынан дамуын, еңбек нарығындағы өзіндік құзы-
реті мен кәсіби тұрғыдан дамуына тікелей әсер етеді.
Портфолионы көбінесе болашақ оқытушылардың кәсіби дайындығын
бағалау құралы ретінде қарастырады. Ал портфолио - студенттің оқу та-
нымдық іс-әрекет өнімдері мен жұмыс жасау технологияларын, формасын,
ұйымдастыру үрдісін қарастырады және талдауға, өзінің іс-әрекеттер нәти-
жесіне баға беруге, жеке субъектілік позициясын саналы түсінуге арналған.
Білім - біртұтас үдерістің міндетті элементі. Ал бақылау мен бағалау
оқу процесінің міндетті бөлімі болып табылады. Портфолионың басты мақ-
саты - рефлексияны дамытуда, студенттің өз іс-әрекетін түсінуі мен баға-
лауында маңызды орын алады және жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау мен
өзін-өзі бағалау формасына айналады. Портфолио студенттің білім алу
үдерісінде төмендегідей педагогикалық міндеттерді жүзеге асырады:
- Жеке оқу әрекетін ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат қойып оқи білуін
қалыптастыру, өз бетінше оқу мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыстарын жи-
нақтау;
- Жеке білім аясын қалыптастыру құралы ретінде әр субъектіге білім
алудың жеке стратегиясын анықтауға, қажетті материалдар мен өзі қызы-
ғатын жұмыс түрлерін таңдауға мүмкіндік беру;
- Үнемі жоғары оқу мотивациясының бағалануы, рефлексивтік және
өзіндік бағалау әрекеті дағдыларын дамыту;
- Өзінің білім алу және болашақ кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық және
коммуникативтік технологияларды қолдану стратегиясы мен тәсілдерін
меңгеруге және жобалауға мүмкіндік беру;
- Белгілі бір уақыт аралығында субъектінің өзгерісі мен өсуін тіркеу,
анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау;
- Оқу үдерістерінің сабақтастығын қамтамасыз ету, оқыту процесін
зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту;
- Ақпараттық, коммуникативтік, проблема шешу құзыреттілігін жоға-
ры деңгейде қалыптастыру.
Оқыту нәтижелерін бақылау, тексеру дидактикада педагогикалық диаг-
ностика ретінде қарастырылды. Студенттің өзіне-өзі диагностика жүргізуі
өте маңызды. Портфолио - студентке тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін
көрсетуге өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыс-
тырмалы талдау жасауға және жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау мен өзін-
өзі бағалауды жетілдіруге мүмкіндік береді. Студенттің өзін-өзі бағалауын-
да портфолио мынадай мақсаттарда қызмет ете алады:
- Өз-өзіне жауапты болып, білім алу үдерісін өздері бақылай алады;
- Өзі үшін білім алу, өзін-өзі бағалау қағидаты жүзеге асады;
- Өз-өзіне диагностика жүргізу арқылы шынайы деңгейіне, қабілетіне,
тұлғалық сапаларына көз жеткізе алады;
- Өзінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін анықтай алады, талдау жүр-
гізеді;
- Өз әрекетін тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастыруға дағдыланады;
- Оқытушылар қай студентке көмек қажет екендігін анықтай алады.
Портфолио кез келген адамның жұмысына баса мән берумен қатар, оны
талдау мүмкіндігінің болуымен құнды. Сондықтан, портфолиоға мәлімет-
терді жинау мен тапсырмаларды қалай орындау керектігін студент те, оқы-
тушы да үнемі бақылап отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған портфолио
студенттің өзін-өзі бағалауда, диагностикалауда әртүрлі әдістерді қолдану
арқылы жасалып, ол үздіксіз әрі мағыналы білім алуға ықпал етеді. Порт-
фолиода студенттің өзін-өзі бағалау сипаты мен даму динамикасын көру
үшін алдын ала жоспарлы түрде әрекеттер жүйесі құрылғаны жөн:
1. Мақсатты айқындау;
2. Бағалаудың мазмұны мен технологиясын анықтау;
3. Бағалау объектісін, қай деңгейде екенін айқындау;
4. Жиналатын материалдың мазмұны мен жинаудың жиілігін анықтау;
5. Студенттің оқу әрекетіне белсене араласуына ықпал ету;
6. Бағалау тәртібін анықтау.
Қазіргі таңда портфолио технологиясын көбірек зерттеп жүрген
ғалымдар Дж.С. Пейп және М.А.Чошанов портфолионың «жұмыс» және
«бағалау» формаларын ұсынады, ал И.Л. Васюков және А.Н. Волков сту-
денттердің білім рейтингін анықтау үшін портфолионың «кіріспе», «менің
жетістіктерім», «мен адамдар әлемінде», «менің болашаққа көзқарасым»,
«қорытынды» сияқты бөлімдерден тұратын портфолионың үлгісін алға
тартады. Алайда мақсат біреу ғана, яғни қандай да болмасын портфолио
жеке студенттің жан-жақтылығын көрсете алатындай болуы шарт.
Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген порт-
фолионың түрлеріне талдау жасай келіп, студенттің оқу барысында порт-
фолиосын тиімді жасақтаудың құрылымын былайша көрсетуге болады.
Студент портфолиосының құрылымы
|
1. Құжаттар
|
2. Жұмыс
|
3. Жетістіктер
|
4. Пікірлер
|
Кәсіби дамуының
негізгі дәлелде-
мелері: диплом-
дар, сертификат-
тар, грамоталар,
ар,
курстық кітапша-
лар, табельдер,
сынақ кітапша-
сының көшірмесмі т.б.
|
Күнделікті атқарылып отыратын жұмыстардың тізімімен жұмыс барысын бақылау мен бағалау
парақтары, шығармашылық және ғылыми жұмыстардың
дәлелдемелерімен
қоса көріністері.
|
Толық аяқтал-
ған, қандай да
бір басылым-
дарда жария
етілген немесе
үздік деп та-
нылған маңызды жұмыстардың топтамасы.
|
Топ жетекшісінің,
психологтардың,
оқытушылардың,
өзгеде студенттер-
дің мінездемесі,
пікірлері (мінезіне,
жұмысына, тұлға-
лық сапаларына
т.б. тұрады).
|
Студенттің күнделікті оқу әрекетінде өзінің деңгейін, сапасын шынайы
түрде тануы, бағалауы, өзіне-өзі диагностика жүргізу үдерісі «жұмыс»
портфолиосынан орын алады. Студенттің жинақы жұмыс жүргізуі үшін,
субъектінің шынайы бағалануы үшін жұмыс портфолиосына арналған
бірнеше үлгілерге тоқталып өтсек:
Мақсат
|
Жоспар бойынша
|
Мерзімі
|
Атқарылғаны
|
Мерзімі
|
|
|
|
|
Міндеттер
|
|
|
|
|
Нәтиже
|
|
|
|
|
Студент портфолиомен жұмыс жүргізу барысында педагогтармен бір-
лесе отырып және жеке өзі мақсат қойып, оны жүзеге асыру әрекетін ұйым-
дастырып, оны тіркеу арқылы қаншалықты мәселені шеше алатындығын,
соған сай жауапкершілігін бақылап отырады.
Күні
|
Жетістігі
|
Кемшілігі
|
Кемшілікті жою
әрекетінің жоспары
|
Бағалау
|
Сабақтың түрі
(дәріс, практикалық
сабақтар, СӨЖ,
ОСӨЖт.б.)
|
|
|
|
|
Мақсаты
|
|
|
|
Студент әр сабақ сайын алдына жүйелі мақсат қойып, өзін-өзі бағалау
парағын толтырып, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы өз мүмкіндіктері
мен даму траекториясын анықтай алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қай-
таланған қателіктерді болдырмауға ұмтылады.
№
|
Дәрістер
|
Практикалық
сабақтар
|
сөж
|
осөж
|
|
|
|
|
|
Барлық баға
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
Пайыздық
|
Сандық
|
Әріптік
|
|
|
|
|
|
Семестр немесе жыл бойына өзіне-өзі жүргізілген диагностикалау па-
рақтарына сүйене отырып, пәнді игерудегі қорытынды нәтижені алады,
оны оқытушының бағалауымен салыстыра отырып өз әрекетінің қанша-
лықты шынайы екендігіне көз жеткізіп, ең бастысы өзін-өзі толық бағалай
алады.
Тұлғаға бағдарланған білім беруде оқу нәтижесі субъектінің білім,
білік, дағдыларымен қоса құзыреттіліктермен өлшенеді. Студент түрлі мін-
деттерді шешудегі қабілетінің, яғни құзыреттілігінің деңгейін көрсетеді.
Сабақтың
түрі
|
Негізгі құзы-
реттіліктер
|
Аспектілері
|
Бағалау
|
|
Ақпараттық
|
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
|
|
Алғашқы ақпаратты бөліп алу.
|
Қайталанған ақпаратты бөліп алу.
|
Ақпаратты алғашқы өңдеу және толық өндеу.
|
Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану.
|
|
Коммуни-
кативтік
|
Жазбаша қатынас.
|
|
Көпшілік алдында сөз сөйлеу.
|
Диалог.
|
Өнімді топтық қатынас.
|
|
Проблеманы
шешу
|
Проблеманы сәйкестендіру (анықтау).
|
|
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.
|
Технологияларды қолдану.
|
Қызметті бағалау.
|
Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау.
|
Өзіндік қозғалысын бағалау.
|
Студент
денгейі
|
Портфолионың сипаттамасы
|
I - өте
|
Студент өзінің шығармашылығымен толықтырып барлық бөлімдерді жоғары толығымен орындаған. Портфолиода студенттің жұмысында немесе әрекетінде ойлау, проблеманы шешу дағдыларын жетілдіру бағытындағы ұмтылыстары, қолданбалы және коммуникативтік ептілігін, өзін-өзі бағалай білу деңгейі және іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыруы жөніндегі мағлұматтардың болуымен ерекшеленген. Білімі,
білік, дағды және құзыреттіліктердің барлық қырлары игерілген,
шыңдалған. Өзін-өзі бағалаудың шынайылығы мен жұмыс деңгейініңсәйкестіг
|
II -
жоғары
|
Портфолионың барлық бөлімі орындалған. Алайда жұмыс жүргізуде және проблеманы шешуде шығармашылық белсенділігі төмен. Орындалған жұмыстардың деңгейі мен өзін-өзі бағалаудағы аз ғана келіспеушілік. Негізгі құзыреттіліктердің қырларының қамтылуы толық еместігімен ерекшеленеді
|
III -
орташа
|
Студент барлық бөлім бойынша атқарылуға тиісті жұмыстардың жартысын ғана орындаған. Жинақталған жұмыстардың дәлелдемелері жеткіліксіз. Өзін-өзі бағалаудағы сәйкессіздік. Құзыреттіліктердің 1-2 аспектілері бойынша талдау жүргізілген.
|
IY-
төменгі
|
1-2 аспектілері бойынша талдау жүргізілген.
Студент портфолионың 30 пайызын орындаған. Атқарылған жұмыстардың дәлелдемелері мүлде аз. Өзін-өзі бағалауда анық мәліметтің жоқтығымен ерекшеленеді.
|
Студенттердің білім-білік дағдыларын есепке алуды, өзін-өзі бағалау
мен бақылауды портфолио технологиясы арқылы жүзеге асыру, оны дұрыс
ұйымдастыра білу білім беру мен оқыту үдерісінде табысты нәтижелерге
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін студент күнделікті оқу материа-
лын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс.
Портфолио арқылы бағалаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі
сапа мен практикадағы көрсеткіш, тұлғаның бойындағы біліктілік пен
дағдының қалыптасу дәрежесінен айқындалады.
Оқыту сапасын тексерудің дәстүрлі жүйесі студенттердің білімінің
нақты дәрежесін, яғни даму барысын, динамикасын айтарлықтай деңгейде
көрсете алмады. Ондағы негізгі кемшілік, бақылау мен бағалаудың теория-
лық талдануы және практикада қолданылуы арасында байланыстың аздығы
мен студенттің өзі білім алып, өзін бағалауға қызығушылығының төмен-
дігінде болды. Сондықтан студенттің білім, білік, дағдыларын, тұлғалық
құзыреттіліктердің нәтижесін есепке алып, оны шынайы түрде білу үшін
бүгінгі таңда портфолио технологиясын қолданудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |