3.8.4. Портфолиоұсыну және бағалау тәсілдері Портфолио файл қалтасымен, презентациямен, веб-парақпен ұсынылуы
мүмкін.
Портфолионы көпшілік алдында қорғау оқытушының шығармашылық
есебі немесе аттестациясы кезінде жүргізіледі.
ЖОО оқытушысының портфолиосын сайт түрінде ұсыну оның вир-
туалды визит карточкасы, имидждің атрибуты және табыстылық индика-
торы ғана емес, сонымен қатар оқытушы қызметін Интернет-қолдау ныса-
ны, e-learning-ге өту мүмкіндігі болып табылады.
Портфолио - оқытушының формальды жетістіктерінің де, оның қызме-
тінің де көрнекі мысалдарының да теңдестірілген презентациясы-көрсетілімі. Портфолионға ұсынылған материалдар оқытушының кәсібилігінің куәлігі ретінде бағаланады. Оқытушының портфолиосы өздігінен білім алуға, кәсіби даярлықты жетілдіруге уәждеме деңгейін көтеруді қамтамасыз ете алады.
Портфолио технологиясы арқылы білім алушының өзін-өзі бағалау сипаты Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру
жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.
Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл ат-
қарады. Қазіргі таңда мұндай өзекті мәселені шешуде тұлғаға бағдарланған
білім беру жүйесін жетілдіру маңызды мәнге ие бола бастады. Бұл деге-
німіз - бәсекеге қабілетті өзгермелі ортада өмір сүруге бейім жан-жақты
тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Студенттің оқу барысында өз бетінше
ізденуін, өзінің шынайы деңгейіне көз жеткізе білуін, өзін-өзі бағалай
алуын портфолио технологиясы арқылы ұйымдастыру білім беру саласы-
ның жоғарыда айтылған басты міндеттерін жүзеге асыруға және сапалы
нәтижеге қол жеткізуге зор үлес қосады деп ойлаймыз.
Портфолио Портфолио - білім алушының жыл (немесе тоқсан, семестр) бойы жа-
саған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім
алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-
жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз окуын бұрынғыдан
да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода
білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс
үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде
портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.
Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын
көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін
айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретін-
дігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған
қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен
әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен
дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен
ұстаздың қатысуын талап етеді.
Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келе-
сідей болуын ұсынамыз: