Педагогтің ОҚыту қызметінің инновациялық ҚҰралдары мен нысандары


Инновациялық үрдіс – білім мазмұнын қалыптастыру және дамытуға қажетті жаңалықты енгізудің ұйымдағы кешенді әрекеті



бет2/11
Дата27.11.2023
өлшемі121,42 Kb.
#130181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дәріс №11

Инновациялық үрдіс – білім мазмұнын қалыптастыру және дамытуға қажетті жаңалықты енгізудің ұйымдағы кешенді әрекеті.

Жаңалық енгізу, жаңалық ретінде, және практикаға жаңалық енгізу үрдісі ретінде мақсатты, новатор атайтын адамдардың әрекеттерін ұйымдастыру үрдісі.

Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – оқушы» қатынастарының жаңа тәсілдерін тасымалдаушы жаңа әдістер, практикалық жұмыс пен оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі жаңалықтар.

Оқыту әдістері ойдағы мақсат, міндеттер, оқытудың мазмұны мен қағидаларын жүзеге асыру тетіктері болып табылады.

Оқу үрдісінде инновациялық оқу әдістерін қолдану қажеттілігі келесіге сәйкес:

Оқу үрдісінде инновациялық оқу әдістерін қолдану қажеттілігі келесіге сәйкес:

1) Қазіргі таңда – инновациялар, жаңалықтар, жаңашылдық уақыты. Күнделікті біз жаңа тауар мен өнім, жаңа білім, тың идеялар көреміз. Демек оқу үрдісі мен оқыту әдістері соған сәйкес болу керек.

2) Оқытудың инновациялық әдістеріне бейімдеу, оларды тұрақты қолдану оқушылардың ойлауын жаңалыққа ашық болуларын, алысқа меңзеп оқытуға мүмкіндік береді, өйткені осы қабілеттер инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады.

3) Оқытудың инновациялық әдістері – бұл белсенді оқыту әдістері және Х.Е. Майхнерды, педагогикалық эксперименталды деректерінде олардың оқу үрдісіндегі тиімділігін дәлелдейді. Тәлімгерлер ақпаратты келесідей есте сақтайды:

10% оқығанын;

20% естігенін;

30% көргенін;

50% естіп, көргенін;

ақпаратты белсенді қабылдағанда 80% есте қалады, 90% өздері жасаған есте қалады.

Оқу құралдары

Оқыту құралдарын түрлі негізде топтастыруға болады. Мысалы, нысандар құрылымы бойынша материалды және идеалды оқыту құралдары бар. Материалды құралдарға оқулықтар, көрнекі құралдардың барлық түрлері, оқу–техникалық құралдар, жабдықтар және жиһаз т.б. жатады. Идеалды оқу құралдарына жаңа оқу ақпаратын меңгергенде оқытушы мен оқушылардың алдыңғы алған білімдері және дағдыларын қолдану, оқушылар ұжымындағы ахуал әсер етеді. Осы топқа мұғалімнің сөйлеу мәнерін де жатқызуға болады, өйткені осы екі түрлі құрал өзара байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет