Педагогтің ОҚыту қызметінің инновациялық ҚҰралдары мен нысандары



бет3/11
Дата27.11.2023
өлшемі121,42 Kb.
#130181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оқытудың идеалды құралдары тәлімгерлерді сөйлеу мәдениеті әлеміне және логикалық ойлауға жетелейді. Материалдық құралдар оқушылардың қызығушылығын оқу мазмұнына, практикалық әрекеттерді жүзеге асыруға және жаңа білімді меңгеруге бағыттайды. Сондықтан, оқытудың материалдық және идеалды құралдары бірін бірі өзара толықтырып, оқу үрдісінің тиімділігіне ықпал етеді.

Оқу құралдарын оқу үрдісінде аталған құралдың алатын орны бойынша топтастыруға болады. Сонда жаңа материалды меңгеру құралы, есте сақтау құралы, қайталау және бекіту құралдары, оқушылардың білімін бақылау құралы, оқу үрдісін басқару құралдары, оқытудың ақпараттық құралдары туралы айтылады.

Оқу құралдарын оқу үрдісінде аталған құралдың алатын орны бойынша топтастыруға болады. Сонда жаңа материалды меңгеру құралы, есте сақтау құралы, қайталау және бекіту құралдары, оқушылардың білімін бақылау құралы, оқу үрдісін басқару құралдары, оқытудың ақпараттық құралдары туралы айтылады.

Оқу құралдары нақты қызмет орындайды және сол қызмет түрлері бойынша қарым–қатынас құралдары және оқу жұмысы құралдары болып бөлінеді. Қарым–қатынас мұғалімнің оқу ақпаратын жеткізіп, оқушылардың оны қабылдап, түсініп, есте сақтаумен жүзеге асады. Ақпаратты ұсыну ауызша немесе жазбаша сөйлеу тілі арқылы, басқа да оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады.

Басқа да топтастыру түрлері кездесуі мүмкін және оқу құралдарын топтастыру шартты болып табылады.

Оқыту формалары (түрлері)

Барлық дамыған елдерде оқытуды ұйымдастырудың негізі формасы сыныптар бойынша сабақ болып табылады (сыныптық сабақ формасы), сол жерде оқушылардың оқу–танымдық әрекетін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалған.

Сабақ – оқу үрдісінің элементі (кезеңі, буыны), өйткені мағыналық, уақыттық және ұйымдастыру жағынан аяқталуы болады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың сыныптық–сабақ формасы мұғалімнің белгіленген мерзімде сыныптың, тұрақты құрамдағы жас ерекшелігі мен дайындық деңгейі бірдей оқушылар тобымен оқу–танымдық әрекетін ұйымдастыру. Бұл форма оқушылардың оқу–танымдық әрекетін барлығына ортақ бағдарламамен кесте бойынша ұйымдастыру. Сабақ формасын айтқанда әдетте сыныптық–сабақ формасын меңзейді, және оның келесі белгілері бар:

  • Оқушылардың жас айырмашылығы және дайындық деңгейі бірдей;
  • Әр сабақ нақты пән аясында бір тақырыпта өтеді;
  • Сабақтар оқу пәндері бойынша алмасып отырады;
  • Оқу үрдісінде мұғалімнің басшылық орны жүзеге асады;
  • Оқушының танымдық белсенділік түрлері қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет