Жеке оқыту үлгерімі төмен, дайындығы нашар оқушылардан жиі сұрауға бағытталған. Аталған санаттағы оқушыларға тапсырманы бағалау кезінде де аса назар аударған абзал. Жеке оқыту сондай-ақ мұғалімнің нақты тапсырмасын орындау кезінде де жүргізілуі мүмкін. Ондай жұмыстар жіктеліп мұғалімнің тілекелей қатысы болмаса да жүргізіледі: жаттығулар, бақылау жұмыстары, баяндама және рефераттар дайындау, оқулықпен жұмыс жасау, үлгілеу, практикалық және сызба жұмыстары, көрнекілік жасау, шығармашылық жұмыстар (шығармалар және есеп, практикалық тапсырмалар құру және т.б).
Топтық жұмыс ынтымақтастық қағидасына негізделген және дұрыс ұйымдастырған жағдайда негізінде оның барысында жеке жұмыс жүргізуге болады. Осындай жағдайда әр оқушының жұмысын және нәтижесін жеке бағалау мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс барысында жұмысты жекелеу оқушылардың оқу әрекетіне шағын ортаның ықпалы артады.
Сандық білім беру ресурсы (СБР) білім беру компьпютерді қолдануын қажет ететін өнім. СБР сабақтың барлық кезеңінде қолданған орынды: білімді өзектендіру, білім, білік, дағдыны бақылау және бағалаудан үй тапсырмасын орындауға дейін. СБР қолдану және жаңасын құрастыру көп жоспарлы.
Сандық білім беру ресурсы (СБР) білім беру компьпютерді қолдануын қажет ететін өнім. СБР сабақтың барлық кезеңінде қолданған орынды: білімді өзектендіру, білім, білік, дағдыны бақылау және бағалаудан үй тапсырмасын орындауға дейін. СБР қолдану және жаңасын құрастыру көп жоспарлы.
СБР оқу үрдісін ұйымдастыруға қажет және сандық үлгіде ұсынылған фотолар, видеобейнелер, үлгілер, ролдік ойындар, картографиялық материалдар сабақ жоспары бойынша нақты тақырыптың мазмұнына сәйкес алынады және қажетті әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілген.
Қазіргі кезде СБР оқу үрдісіне ендіру біркелкі жүргізіліп жатқан жоқ, өйткені АКТ педагог жұмысының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық ресурсты және технологиялар, олардың мүмкіндігін біліп белсенді қолданушылармен қатар қолдануды білмейтін ұстаздар жеткілікті. Аталған құзыреттілікті оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалім өзі ақпараттық коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, түрлі СБР түрлерін ажыратып, түрлі педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндігі болуы керек: оқушыларды ынталандыру, мақсаттар мен міндеттер қою, педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру, өз әрекеттерін бағалау.