Коммуналды гигиена Неменко Б.А., У.И.Кенесариев Алматы Ғылыми басылым, 2003-463 бет.
Коммуналды гигиена Акулов К.И., Буштуева К.А., М. Медицина 1986-608 бет.
Жалпы гигиена под ред. А.М.Большакова, В.Г. Маймагулова 1986-608бет.
6. Қорытынды сұрақтары: 1. «Селитебті аймақ» түсінігіне анықтама беріңіз.
2. Микроаудан деген не?
3. Тұрғын аудан деген не?
4. Тұрғын құрылысының тығыздығы деген не?
5. Тұрғын құрылысының түрлерін атаңыз.
6.Тұрғын құрылысына гигиеналық сипаттама беріңіз.
№13 1.Тақырыбы. Елді мекендерді жоспарлау және көркейту. Көшелер, алаңдар, жасыл желектер. 2.Мақсаты: студенттерді елді мекендерді жоспарлау және көркейту бойынша гигиеналық талаптармен көшелерді орналастыру, алаңдар, жасыл желектер мен таныстыру.
3.Дәріс тезистері: Әртүрлі типтегі елді мекендердің санитарлық қолайлы жағдайларына және инженерлік құрылымдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Көше жол торабын ұйымдастырудың гигиеналық мағынасы. Елді мекндерді көше –жол торабын ұйымдастыруда қиын кешенді тапсырмалар шешімі қарастырылады, олардың маңыздылары:
қалалық транспорт және жаяу жүру жолағы қаланың жеке бөліктері арасында қысқа жол қозғалысын жасау;
беткейлік су қалдығын жоюды ұйымдастыру; Көшелерде жерасты бірлестікті орналастыру және коммуникациялар санитарлық маңызы мағынаға ие; су құбыры тұрмыстық-техника және канализация, жылу өндіргіш трубалық құбыр, газ құбыры және т.б.
инженерлік тораб және коммуникациялары ұйымдастыру;
қалыпты желдеткішпен қамтамасыз ету және желден қорғау (климаттық жағдайларға байланысты).
Аса маңызды қиын мәселелердің бірі транспорттық проблема. Қалаларда әртүрлі көптеген көше транспорттары қолданылады; троллейбустық, автобустық, трамвайлық, такси.
Ірі қалалардағы ірі проблема-метрополитен басқа маңызды тапсырма-жаяу жол жүргінші қозғалысын ұйымдастыру. Транспортты интенсивті қозғалысты қала көшелерінде жүру қиындау, гтгтеналық тұрғыдан қарағанда сол себепті жаңа қала салуқұрылысының мәселесі ұсынылып, шешілуде бұл көліктік жіне жаяу жүру қозғалыстарын бөлу, жақсы ұйымдастырылған, көгалдандырылған жпяу жүру жолдарын серуендеу, сауда және мәдени мақсатта пайдаланатындай етіп, көлік қозғалысынан жеке бөліп тастау.
Қалаларды салғанда, жобалағанда және реконструкциялағанда, тұрғындарды көшелік шудан қорғауға қойылатын гигиеналық талаптарды ескерген жөн, сонымен қатар көліктердің шығарынды газдарынан, микроклимат жағдайын жақсарту, құрылыс инсаляциясын ескеру қажет.
Тұрғындарды қалалық қоғамдық көліктермен ыңғайлы қызмет көрсету және көшелерге жақын маңда өмір сүруге қолайлы жағдай жасау, тек қана көшелердің тағайындалуына, көліктердің түрлеріне және әр түрлі категориядағы көшелерге қойылатын талаптарды орындағанда мүмкін болады.
Санитарлық норма бойынша барлық көшелер келесіқатегорияларда бөлінеді: жоғары жылдамдыққа арналған көшелер; жалпы қалалық және аудандықмақсаттағы магистральды көшелер; жергілікті мақсаттағы көшелер мен жолдар; аудандардың тұрғын өндірістік және коммуналды-қоймалық көшелері; өткелдер; жаяуларға арналған жолдар, Осы сала жабындысының типтері; салу сипаты осыған байланысты болады. Жоғары жылдамдыққа арналған жолдар және жүк таситын көліктер жолдарын селитебті аймақтың шетінде, СҚА территорияларында, тұрғын ғимараттар салуға болмайтын жерлерге салуға болады. Селитебті территорияларда жоғары жылдамдыққа арналған жолдарды сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме болғанда тоннельдерде, эстакаде, ойыс жерлерде ғана орналастыруға болады, егерде жоғары жылдамдықтағы көлік жаяу жүргіншілерден, жергілікті қозғалыстан толық оқшауланғанда, тұрғын аймақта шу деңгейі рұқсат етілген деңгейде болғанда ғана рұқсат етіледі. Жоғары жылдамдыққа арналған жолдардың шетінен және жүк тасымалдайтын көше қозғалыстарынан тұрғын аймаққа дейінгі ең аз арақашықтық 50м болуы тиіс. Тұрғын аймақтың қашықтығы болжанатын шудың деңгейіне байланысты болады.
Көшелердің ені категорияға және көлік қозғалысының және жүргіншілердің қозғалыс қарқындылығына және салыну типіне, жергілікті жердің бедеріне тұрғындарды шудан қорғау талаптарына, көліктердің шаңына және шығарында газдарына, еріген қар және жауған жаңбыр суларын ағызып алу кету тәсіліне, жерасты жасыл желектерге инженерлік торабтардың орналасуына, суғару арықтарына және т.б.
Жоғары автомобилизациялық шарттарда халықтың көлікпен қамтамасыздануы 1000 адамға шаққанда 150-180 жеңіл көліктен тиеді. Сондықтан көлік құралдары сақталатын және түрлі қызмет көрсететін орындарының сапасына назар аударған жөн. Тұрғын аумақтарында автокөліктердің үнемі сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс (100%), осы аймақта тұратын тұрғындарға тиесілі көліктер, және келушілердің көліктерінің уақытша сақталуы (автокөліктер есептесу паркінің 10%-на дейінгі). Гараждар және автотұрақтар тұрғын аумақтардың перифермиялық аймағында немесе магистраль аралық территорияларда болмаса олардан тыс яғни балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңнан алшақ орналасқан жөн.
Жер үстілік және комбинирленген (жер үсті-жер асты) гараждар және автотұрақтар жеңіл көліктерге арналған тұрғын үйлерден және басқада ғимараттардан белгілі бір ара-қашықтықта болу керек. (143 кесте)
Тұрғын жайларды жоспарлау және соғу кезінде инженерлік жабдықтаулар жүргізілуі тиіс яғни сумен қамтамасыздандыру желісі және судың кетуі, энергиямен жабдықтау, байланыс, радио берілуі, телевидения.
Жоспарлау проектілерінде және соғу кезіндегі сумен қамтамасыз ету және судың қайта кету мәселесін шешу мына жағдайларды қамтамасыз ету керек.
Сумен қамтамасыз ету және судың қайта кету шарттары қалыпты дамуының элементін комплексті бағалау.
Жоспар құрамында суды қоланушылар жүйенің мықтылығын анықтайды.
Көше жүйесі және алаңы тұрғын аймақтың 20-25% территориясын қамтиды жәненегізгі жоспарлану структурасын анықтайды; тікбұрышты, радиальды, сақиналы радиальды немесе кез келген.
Гигиеналық тұрғыдағы факторлардың көпшілігі көшелерге байланысты: ғимараттар ориентациясы, қала аумағындағы ауа айналымын, авто көліктермен ауаның ластануы ( газ, резина және асфальт маңыздары), көше шуы, көшелік жарақаттар, көшелік қозғалыстардағы энергия шығыны: Көшелердің дұрыс орналасуы, жабдықталуы және эксплуатациясынан қала тұрғындарының өмір сүру шарттары тәуелді, сонымен қатар физикалық мүмкіндіктері шектеулі азаматтар да (қарт және мүгедек).
Көшелер желісін жоспарлауда күрделі мәселелердің бірі ол көліктер. Қаладағы қозғалыс деңгейі және көліктердің жүру интенсивтілігі, әр түрлі жүктердің тасымалдануы қаланың үлкенділігіне байланысты және әкімшілік-шаруашылық маңызы, жоспарлану структурасы.
Көшелер жүйесін соғу, әрбір белгілі қала қоғамдық көліктер белгілі бір мақсатқа тәуелді.-уақыт шығынын ең төменгі деңгейге жеткізу. Бұл мақсат экономикалық социологиялық және гигиеналық көз қарастардан да тиімді.
Көше жоспарланудағы қаралуы тиіс келесі фактор ол желдік режим (жылдамдық және желдің күшті бағыты). Көшелер таза ауаның қала орталығына бағыттайтын басты канал болып табылады. Қала аймағындағы табиғи желдету жүйесін күшейту қажет, мысалы, Оңтүстік қалаларда көшелердің көпшілігін күшті желдің бағытында жоспарлау керек.
Ескі қалаларда кварталдарды соғудың периметральдық жүйесі қалыптасқан көшелерді жоспарлауда үлкен рольді тұрғын үйлердің факторлар инсоляциясы ойнайды.
Қазіргі таңда тұрғын массивтерді соғу типтерінің сан алуан түрлері болғандықтан көшеге қараған үйлердің фасадына қойылатын талаптар төмендеген. Дегенмен де көше аумағының инсаляциясының сұрақтары қарастырылуда. Орта белдеулі көшелерде, меридиональды, диоганальды бағыттағы немесе гелиотермиялық енді бағытта, жазғы мезгілдерде күннің алғашқы жартысында жаяу жүргіншілер аймағына ал күннің 2-ші жартысында жаяу жүргіншілер аймағына қарама-қарсы бөлігі көлеңкеленеді. Бұл жаяу жүргіншілерге жаз мезгілдерінде күн түсулерді және радиациялық сәулеленуден қорғайды. Көшелердің пардольный уклондарының өлшемдері үлкен гигиеналық маңыздылыққа ие. Егер уклон болмаса атмосфералық және еріген қар суларынын көшені тазалау қиын болады. Сулардан тазару үшін ең төменгі прадольный уклон 0,003-тен кем болмауы тиіс уклондардың болмауынан арбаға таңылған мүгедектер де қиындық көреді. Уклондардан шығу кезінде көліктердегі газ бөлінулер және шу көбірек бөлінеді. Сондықтан құрылыс ережелері уклондардың 0,5-тен аспауын талап етеді тек таулы аймақтарда 0,8 болады ондай жағдайда жаяу жүргіншілерге баспалдақ орнату керек.
Көшелк желі осылайша маңызды әлеуметтік және коммуникациялық рөлі ойнайды: бұл тұрғындардың алғашқы тұрғын жай элементтерінен (мөлтек аудан және квартал) басқа да функционалдық элементтеріне: еңбек ету орындарына, рекреация, қоғамдық мәдени және сауда орталықтарына және т.б. жерлерге баруға болады. Осылайша көше желісі тұрғын территориялары әр түрлі арасындағыдан тұратын кангломерой, біртұтас әлеуметтік экономикалық ағзаға айналады. Бұ территориальды орналастыру жүйесінің моделі. Көшелер өз функциясын өте тиімді орындау үшін қалалар мерархиялық принцип бойынша салынады. Қалалық және аудандық магистральдар қоғамдық көліктердің қозғалуына қажет. Тұрғын жай көшелері жаяу жүргіншілерге және мөлтек аудандардың байланысы үшін көліктер жүруі үшін аялдамаға жетуге арналған. Тұрғын жай көшелерге тұрғын үйлер, мектептер, ғимараттар және мәдени-тұрмыстық орындар салынады. Жаяу жүргіншілер жолы және аялдамалар, мөлтек аудандар арасында жаяу жүруге, қызмет көрсету орталықтарына баруға және аялдамаларға жетуге арналған. Бұл мөлтек аудандар арасында байланыс салады. Өндірістік және коммуналды-қойма аймағында ауыр жүк көлігі жүретін кемелер болады. Аталған жүйелер құрылыс қалпына енген және жоспардың міндетті бөлігі болып табылады.
Көгалдандыру инфраструктураның маңызды бөлігі: көгалдандыру арқылы ғимараттарды және белгілі бір территорияларды артық инсоляциядан және қатты желден қорғайды, тиімді микроклиматты қалыптастыруға, тұрғын аймақты артық шаң мен шудан қорғайды, және тұрғындарға үй жайларының жанында демалуға мүмкіндік береді. Температураны салқындатып ауа ылғалдылығын сонымен қатар желдің жылдамдығына, желден қорғайды. Көгалдың желден қорғау мүмкіндігі 10-20 есе биік болады. Ағаш крондары күн радиациясынан қорғайды, көлеңкелейді, ыстық жаздың күндері адамдардың жылусезінуіне әсер етеді.