Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет39/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Байланысты:
лек-КГ-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар -15
5. Әдебиет:
1. Мазаев В.Т., М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.1/под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммунальная гигиена. Неменко Б.А. У.И. Кенесариев. Алматы. Научно изд .- Ғылым, 2003. – 463с.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Общая гигиена/под.ред. А.М. Большакова., В.Г.Маймулова В.Г.- М., 2006.-736с.
6.Қорытынды сұрақтары:
1. Моншаның орналасуына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
2. Моншаның микроклиматтық көрсеткіштерінің ерекшеліктерін атаңыз?
3. Моншаның бөлме жиынтығын атаңыз, оларға гигиеналық сипаттама беріңіз.
4. Жууханалардың орналасуына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
5. Жууханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктерін атаңыз.
8.
1.Тақырыбы. Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
2. Мақсаты: студенттерді жаңа құрылыc материалдарына қойлатын гигиеналық талаптармен және жаңа құрылыс материалдарының халық денсаулығы тигізетін әсеріне гигиеналық баға берумен таныстыру.
3. Дәріс тезисі:
Синтетикалық құрылыс және әрлеу материалдарының бөлме жайлардың ауасына түсетін ұшқыш компоненттер санының күрт артуы, тәжірибе жүзінде бөлме ауасына, ұшқыш қоспалардың құрылыс материалдарының бөлінуін нормалауына гигиеналық баға беруін зерттейтін коммуналды гигиенаның жаңа бөлімінің пайда болуына алып келеді. Жаңа құрылыс материалдарын зерттеу әдістемелерін меңгеру санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды білікті түрде жүргізуге санитарлық дәрігерге қажет.
Құрамында полимері бар құрылыс материалдарын (ПҚМ) гигиеналық бағалау санитарлық-химиялық, санитарлық-токсикологиялық, органолептикалық және микробиологиялық зерттеулерге негізделген, зерттеулер зертханалармен және шынайы жағдайда жүргізілген. Зертханада тәжірибенің 4 түрі жүргізіледі – санитарлық-химиялық органолептикалық, санитарлық – токсикологиялық, санитарлық – микробиологиялық.
Санитарлық – химиялық зерттеу зертханалық жағдайда көлемі 80-120л болатын, инертті материалдардан жасалған – тотпайтын болатын немесе химиялық тұрақты шыныдан жасалған және жылуды реттеуші, ауа беруін-сорып шығаратын желдеткіштің автоматтырылған жүйелермен жабдықталған климаттың камералар көмегімен жүзеге асырылады.
ПҚМ қаныққандығы – ПҚМ массасының немесе көлемінің, беткейлігінің бөлменің көлемінің бірлігіне қатынасы, өлшем бірлігі сәйкесінше м23, м33 немесе кг/м3 болады.
ПҚМ нақты қанығуын материалдың қолдану жағдайына, жұмсалу нормасына және бөлме көлеміне байланысты арнайы тәсілмен есептейді. Ауаны санитарлық-химиялық және органикалық зерттеуде камерадағы зерттелетін ПҚМ үлгілерін салып, камераны іске қосқаннан соң 2 күннен кейін ауаның динамикалық тепе-теңдігі орнағаннан соң ауаны зерттейді. Ауаны санитарлық-химиялық зерттеу бағдарламасын зерттелетін ПҚМ дайындау тәсіліне және рецептісіне қарай жасайды. ПҚМ үлгісін зерттеу, оны дайындаған соң 10-30 күннен кейін оның құрамына байланысты бастайды, үлгіні зерттеу қорытындысы қанағаттанатрықсыз болғанда 2 айдан кейін оны қоймадан ұстағаннан соң сол әдіспен зерттеуді қайта жүргізеді.
Органалептикалық (одориметриялық) зерттеу, климаттың камераның сорып шығару желдету жүйесінен алынған ауа үлгісіне волонтерларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Санитарлық – токсикалық зерттеу – климаттың камерадан алынған ауаны үнемі беріп отыратын. Уландырғыш камераларда ұсталатын зертханалық жануарларға жүргізіледі. Санитарлық-таксикологиялық тәжірибенің ұзақтығы 3 айдан кем болмау қажет.
Тәжірибе ПҚМ резорбтивті жалпы улылық әсерін анықтауға бағытталған.
ПҚМ санитарлық-микробиологиялық зерттеу-оларда санитарлық-көрсеткіш микроағзалардың тіршілік ету ұзақтығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Табиғи нақты зерттеулер нысанды қолдануға берер алдында бөлмелерде жүргізіледі, егер де құрылысты салу барысында жаңа ПҚМ қолданылса және зертхана жағдайында тексеруден өткізілсе және санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытынды алынған жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет