4.Иллюстрациялыматериалдар: слайдтар - 25
5.Әдебиет: 1. Мазаев В.Т. , М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.2/ под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммунальная гигиена. Неменко Б.А. У.И. Кенесариев. Алматы.Научно изд .- Гылым, 2003. – 463с.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Общая гигиена/ под.ред. А.М. Большакова., В.Г.Маймулова В.Г.- М., 2006.-736с.
6. Қорытынды сұрақтары: 1. Құрамында полимер бар құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыда баға беріңіз.
2. «Полимер» деген түсінікке анықтама беріңіз.
3. Тұрғындар денсаулығына жаңа құрылыс материалдарының тигізетін әсері туралы айтып беріңіз.
№9 1.Тақырыбы. Емдеу-профилактикалық,амбулаториялық емханалық және шипажай-сауықтыру мекемелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің гигиенасы. 2.Мақсаты:студенттерді емдеу-профилактикалық, амбулаторлық-емханалық және шипажай, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің гигиенасымен таныстыру.
3.Дәрістің тезистері: Емдеу профилактикалық мекемелердің жобалау, құрылысы мен жабдықталуының гигиеналық негіздері. ЕГМ жобалау мен құрылысының негізгі құжаттары:
1) ҚНжЕ 3.01-01-2002 «Қала құрылысы. Қала және елді мекендерді жоспарлау және салу».
2) ҚНжЕ 3.02-02-2002 «Қоғамдық ғимраттар мен құрылымдар».
ЕПМ негізгі жобалауға сүйене отырып, халық шоғырланған территорияда орналасуы керек. Алайда жалпы соматикалық ауруханалар тұрғын халықтың орталығында орналаспайды.
Босану үйі, жедел жәрдем көрсету ауруханалары мен поликлиникалар халыққа максималды қызмет ететіндей орналастырылады. Мамандандырылған ауруханалар (психиатриялық, туберкулез, онкологиялық), сонымен қатар үлкен стационарлар (1000 коектен көп), мақсатты түрде қала сыртында орналастыру керек, селитебты территорияда 1000м. Құрылысты бастамас бұрын учаскені таңдау үшін желдің соғу бағыты мен санитарлық жағдайын ескеру тиіс. Аурухана учаскесі теміржолдан, аэропорттан, ірі автомагистралдардан қашықтықта орналастырылып, аурухана корпусы селитебті зонадан 30м қызыл сызыққа жетпей және тұрғын ғимараттан 30-50м қашықтықта орналастырылады.