Тұрғын ғимараттардың құрылысын салуда ескертпелі санитарлық қадағалаудың рөлі қандай?
Құрылыстың жалпы жоспары деген не?
Құрылыстың «жағдайлық жоспары» дегеннің не екенін түсіндіріңіз.
Баспаналардың түрлері мен қызметтерін атаңыз.
№6 1.Тақырыбы. Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың жылытуын, вентиляция-сын және табиғи және жасанды жарықтануын нормалаудың гигиеналық негіздері. 2.Мақсаты: студенттерді тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың
жылытуын, вентиляциясын, табиғи және жасанды жарықтануын нормалаудың гигиеналық негіздерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері: Қазіргі жағдайда пешпен жылытумен қатар электрлік және газдық жылыту жүйесін қолданады. Бұл үшін газ және электроэнергияны трубалар мен өткізгіштер арқылы тасымалдайды, қосымша жүйе элементтерін қарастырады (электропровода и газопровода).
Жергілікті жылыту мынандай кемшіліктерден тұрады: бөлмеде ауа температурасының тәулік ішінде ауытқуы; жылытатын бөлмеде кері радиацияның болуы (негізгі жағдайда сыртқы қабырғалардан және терезелерден); жеке учаскелерді жылыту аспаптарының жоғары температурасы (пештер, электрожылытқыштар және т.б.), бөлмеде шаңның жабысуымен ауа құрамының өзгерісіне жағдай жасайды; бөлменің ластануы (отын, торф немесе көмірмен жылыту) жанар-жағар маймен, күлмен, іспен және т.б; жылыту жүйесін басқарудың қиындығы; улы газдың бөлінуінен өрт қауіптілігі. Жылыту аспаптарының температурасы 70-800С тан аспайтын болса, онда шаң жабыспайды.
Орталықтандырылған жылыту жүйесі негізгі 3 элементті құрайды: жылу генераторы, жылутасығыштары бар жылу құбырлары (жылуды алу орнынан жылытатын бөлмеге дейін тасымалдау үшін) және жылыту құралдары (жылуды бөлмеге беру үшін). Олар мыналарды қамтиды: бөлмелерді тәулік бойы біркелкі жылулық режимімен қамтамасыз етуі, жану өнімдерімен, жағар маймен бөлменің ластанбауы, реттеудің ыңғайлылығы, сенімділігі және қауіпсіздігі. Жылу тастағыштардың түріне байланысты жылыту жүйелерін сулық, ауалық және т.б. деп бөледі. Кең тарағаны орталықтанған сумен жылыту жүйелері, өткені жүйелерде циркуляциялаушы жылутасығыштың судың температурасы құрылыстағы нормалардан аспайды. Бұл жылыту құралдарының бетінің қатты ысып кетпеуіне мүмкіндік береді. Олар екі құбырлық немесе бір құбырлық жүйелерге бөлінеді, доғарғы және төменгі ажыратқыштармен. Бір құбырлық жүйелер көп пәтерлік үйлерде қолданылады, себебі олар экономикалық тұрғыдан тиімді (металды аз жұмсау) монтаж жасауға оңай, жоғары гидравитациялық және жылу ұстауды қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің кемшілігі индивудуальді (пәтер аралық) жылумен қамтамасыз ете алмауында.
Тұрғын және қоғамдық ғимарттарда жылыту құралдарына берілетін, екінші реттік жылу тасығыш ретінде жоғары немесе төмен қысымды бу қолданылатын орталықтанған жылыту жүйелерін қолдануға рұқсат етілмейді, себебі жылыту құралдарының бетінде жоғары температура құралады және оны реттеу қиынға түседі.
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың желдетілуі. Тұрғын үйлерде ауа алмасуын дұрыс ұйымдастыру бөлме ауасының ластануымен күрісудің басты шарттарының бірі. Таза ауа, ауа-тамшы инфекцияларының профилактикасында, ауаны дезинфекциялаудың физикалық және химиялық құралдарына қарағанда анағұрлым тиімді. Ғимараттарды сақтау мен дымқылдануының алдын алуда белсенді ауа алмасуын қамтамасыз ету маңызды. Ауа алмастыру бұл ластанған ауаны сыртқы таза ауамен алмастыру, ол әр түрлі жүйелердің және аспаптардың көмегімен іске асырылады.
Бөлмеде ауаның алмасуы табиғи және жасанды вентиляция жүйелермен жүргізіледі. Табиғи вентиляцияға жатады: а)инфльтрация; б) аэрация; в) желдету.
Табиғи вентиляцияда ауа алмасу сыртқы ауа мен бөлменің ішіндегі ауаның температуралық айрымашылықтарынан (жылулық қысым, қысыс айырмашылығы), сонымен қатар жел күшінің әсері (желдік қысым) әсерінен жүреді. Желдік қысымды зерттеу нәтижесінде ауа қозғалыстары ғимараттың шатырына соғылып, арасынан өтетіні анықталды. Ауаның көп бөлігін өзіндік вакуумды құраған ғимарат қарама-қарсы жағынан ұстап қалады. Атмосфералық ауаның бөлмеге түсуін қамтамасыз ететін қысым және қозғалыс күші.
Инфильтрация – бұл табиғи ауа алмасу , ішкі және сыртқы ауаның температуралық айырмашылығының нәтижесінде, сонымен қатар жел күшінен пайда болған ауа алмасуы. Үйге қарай соқаан жел күшінен пайда болған ауа алмасуы. Үйге қарай соққан жел қосымша қысым береді, яғни бөлмеге ауаны енгізеді. Инфильтрацияның интенсивтілігі қабырғадағы құрылыс материалдарына тәуелді. Ағаш пен кірпіш ауаны жақсы өткізеді. Бетонды, майлы бояумен боялған, цементпен штукатурамен жабылған қабырғалар ауаның тұрып қалуын жоғарылатады.
Желдету – бұл жартылай ұйымдастырылған табиғи ауа алмасуы, терезелер арқылы іске асырылады (форточки и фрамугалар) және есіктер. Ұзақ желдетілуде суық ауаның пайда болуы форточкалардың жеткіліктсіз екенін көрсетеді.
Неғұрлым жетілген әдісң фрамугаларды қолдану, ол терезенің жоғарғы бөлігінде орнатылады да, терезенің бетіне 30-450 С бұрышпен ашылады және ол оның жоғарғы бөлігінде орнатылады. Фрамуга арқылы түсуші ауа жоғары көтеріліп, бөлменің жылы ауасымен араласады, сөйтіп адамдардың салқындауын болдырмайды және фрамуганы ашық күйде ұзақ уақыт ұстауға мүмкіндік береді. Егер үйге пәтердің бір бөлмесі қарама-қарсы орналасатын болса, онда желдету эффекті жақсырақ болады (сквозное, прямое проветривание). Нәтижеде ауа ағынының интенсивтілігі пайда болады да ауа тез және толығымен ішкі ауамен алмасады. Ауаның алмасу деңгейі сағатына 25-100 ретті құрайды. Қабырғалары бір-біріне қосылған бөлменің терезесін ашқанда бұрыштық желдетілудің эффекті көбірек болады (смежных стенах).
Желкөздің көлемі 1/6, фрамуга терезе көлемінің 1/3 құрауы қажет. Аэрация – бұл табиғи ауа алмасумен жүзеге асырылады, орталық жылутастағыштардың жанында орнатылатын терезе асты каналдары арқылы берілетін ауа. Батареиялардың үстінен кіруші ауа жылынып бөлмеге түседі. Бұл жағдайда жоғарғы жылыту аспаптарының көлемін 25-35℅ көбейту қажет.
Пәтерлерді вентиляциямен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі:
А) пәтердегі ас үйдің вентиляциялық каналымен унитазсыз санитарлық өткізгіштің вентиляциялық каналымен қосуға;
Б) сол пәтердің прихожасы мен ваннасының немесе душының вентиляциялық каналын қосуға;
В) әр түрлі этажда орналасқан біріктірілген каналда 5 қабат жоғары ғимараттардағы ас үйдің вентиляциялық каналдарымен санитарлық өткізгіштерді қосуға рұқсат етіледі, бірақ бір қабаттан жақын емес. Үш қабаттан жоғары пәтердің вентиляциялық каналдарын біріктірілген каналдарға қосуға рұқсат етілмейді.
Тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында орналасқан пәтерлерде тұрақты ауаның сорылуын қамтамасыз ету үшін индивидуальді ауа сорғыш вентиляторлар ұсынылады. Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер орналастырылады, ол ауа алмасу жиілігін арттырады. Ауаны арнайы қондырғылардың көмегімен соруды жасанды вентиляция деп атайды. Ол кірісті, шығыстығ кірісті-шығысты болуы мүмкін. Кірісті вентиляцияда таза ауа пәтерге механикалық вентилятормен түседі, ал ластанған аз өндіреді.
Ас дайындау бөлмелері, дәретханалар, ауруханалардағы кір киімдерді сақтайтын қоймалары және т.б., ауа көршілес бөлмелерге түспеуі үшін шығарысы кірісінен күштірек болуы тиіс.
Ауасы өте таза болуы тиіс бөлмелерде (мысалы, ота жасайтын бөлмелерде), кірісі шығысынан басымды болуы қажет, тексондай жағдайларда ғана бұл бөлмелерге көршілес бөлмелерден лас ауа кірмейтін болады.
Ауа алмастыруды ұйымдастыру әдісі бойынша жергілікті және жалпы алмастырушы вентиляцияларды ажыратады.
Жалпы ауа алмастырушы – ауасы алмастырылатын бөлмені толығымен ауамен қамтамасыз ететін жасанды вентиляция.
Жергілікті алмастырушы вентиляция – бұл вентиляциялық қондырғы таза ауаны тікелей жұмыс орнына береді немесе осы орыннан шығарады. Мысал ретінде оқу зертханасындағы белгілі мөлшердегі сорып алғаш шкафты атуға болады.
Авариялық вентиляция – авариялық жағдайда белгілі мөлшерде улы заттар түскенде ауа алмасуын қамтамасыз ететін вентиляция түрі.
Фактический воздушный куб – 1 адамға келетін бөлменің көлемі. Необходимый воздушный куб – СО2 ның рұқсат етілген деңгейінен аспауы тиіс болатын бөлмедегі бір адамға қажетті рационалды вентиляция.
Адам бір сағатта дем алғанда 0,057м3 оттегі жұтады, ал дем шығарғанда 0,014м3 көмір диоксидін бөледі. Егер адам жабық бөлмеде болса, онда оттегі мөлшері азаяды да, көмір диоксидінің концентрациясы артады. Бірақ бұл жағдай герметически жабық бөлмелерге сәйкес келеді. Алайда жабық бөлмелерде ауа жеткіліксіз болады. Ауа жетіспеушілігіне шағымдар негізінен табиғи, ауа алмасуы болатын бөлмелерде болғанда айтылады.
Вентиляциялық ауаның көлемі мыналарға тәуелді болады: бөлме ауасының көлемі мыналарға тәуелді болады: бөлме ауасының температурасы, адамның жасы, оның әрекеті. Бөлменің ауа температурасы 200С болғанда 1 сағат ішінде ересек адам 21,6 л көмір қышқыл газын бөледі, тыныштық күйінде. Мұндай жағдайда адамға 36м3/сағ вентиляциялық ауа көлемі қажет етіледі. Тұрғын үйдегі ауада көмір диоксиді 0,07℅құрайтын болса, онда вентиляция көлемі 72м3/сағ артады.
Жасанды жарықтандыру. Жасанды жарықтандыру бөлмені қажетінше жарықтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды жарықтаныдырудың 2 жүйесі бар: А) жалпы жарықтандыру; Б) құрамалы шоғырландырушы жергілікті жарық көздері орнатылады.
Жасанды жарықтандыру келесі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс: жеткілікті және біркелкі болуы керек; жарық көздерінің көргізбеуші жарқырау әсерін жою; көлеңкелерді болдырмау; қауіпсіз әрі сенімді болуы тиіс; жарықтың спектрлік құрамы мүмкіндігінше күндізгі жарыққа ұқсас болуы қажет.
Жалпы жарықтануды біркелкі және локализациялық деп ажыратады.
Жарықтандырудың абсолюттік минимальді деңгейі жұмыс орындарымен әртүрлі оюъекттердің бөлмелерінде қалпына келтіріледі. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру мәселесі құрылыс нормаларына сәйкес бекітіледі (СНиП И-4-79), олар жарықтандырумен қамтамасыз ету деңгейін ғана анықтап қоймай, сапасының сәйкестігін анықтайды. Жасанды жарықтандыру деңгейін нормалау, табиғи жарықтандыру жүйесіне, жарық көзінің түріне байланысты дифференциалды жүргізіледі. Сонымен қатар, жасанды жарықтандырудың қажетті сапасын жасау үшін кейбір қосымша есептік көосеткіштер регламенттеледі:
Дискомфорттық көрсеткіші, ол жылтырау дискомфортын бағалайды, жарық берушілердің соқырлаушы әсерін шектейді;
Жарықтану пульсациясының коэффициенті-уақыт ішінде жарық ағынының өзгерісі нәтижесіндегі жарықтанудың құбылмалы коэффициенті (уақыт ішінде жарықтанудың біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған);
Соқырлаушы көрсеткіш.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықтауда қызу шамдары және люминисцентті шамдарды қолданады. Қызу шамының спектрі табиғи сәуленің спектрінен өзінің көзге көрінетін бөлігі бойынша өзгеше, онда қызыл және сары сәулелері көп, ал қанық көк және фиолетовый сәулелері аз болып келедк. Бұл шамадар ерекше жарыққа ие, сондықтан қорғаушы жарықтағыш арматурасын орнатқан дұрыс. Люминесценттік шамдардың жарық беруі күндізгі жарықтың спектріне ұқсас, қызу шамының жарықтандыруына қарағанда мұның жарық беру мүмкіндігі жоғары. Алайда жарықтандыру деңгейі 2 есе көп болуы тиіс.
Жасанды жарықтанудың сапасы көбіне жарықтағыш қондырғысының арматурасына, оның жүйесіне және оларды қолдану жағдайларына байланысты. Мысалы, шамның қатты жарқыраунан көзді қорғау дәрежесі жарық бергіш қондырығының қорғаушы бұрышына байланысты, яғни шам калпағының қарама-карсы ернеуімен жарықтаушы беттің шетін қосушы сызықтардың арасындағы бұрыш. Жергілікті жарық беруші қондырғысында қорғау бұрышы ең кемінде 300 болуы тиіс: Люминисценттік жарық беруші қондырғысы басқарылатын аппараттармен біріктірілуі тиіс. Тұрғын үйлерде жарық ағынының пульсациясы азайтылған люмисценттік шам қолдану ұсынылады.
Жасанды жарықтандырудың жеткіліктілігін бағалауда аспаптық құралдармен соның ішінде есептік тәсілдермен анықтауға болады. Тұрғын үйлерде жарықтандыру қондырғысы шамының күші 15 Вт/м2 кем болмау қажет.
Табиғи жарықтандыру. Күн сәулесімен жарықтандыру адам ағзасында сыртқатанушылықтың алдын алуға, қоршаған орта микрофлорасының бактерицидтік әсерін төмендетуге қатысады.
Ашық территориялар мен бөлмелердің ішінде күн сәулесінің оң әсері анықталады. Бұл жағдай күн сәулесінің жеткілікті мөлшерімен байқалады. Инсоляция әрі қарай жалғасады. Санитарлық нормаларға сәйкес қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды және олардың территориясын бар уақытта инсоляциялау бекітілген. Максималды бактерицидтік әсерге ие болу үшін үзіліссіз инсоляцияны қамтамасыз ету керек.
Инсоляцияның санитарлық нормалары қаладағы құрылыстың дұрыс жүргізілуінде және де тұрғын үйлердің гигиеналық жағдайын жақсартуда маңызды роль атқарады. Бөлмелерді инсоляциялаудағы маңызды рөлі – УКС, ол ауру тудыратын микроағзаларды жоюға қабілетті. УКС адам ағзасындағы психофизиологиялық реакцияларға жақсы әсер етеді, оның тонусын көтереді, аурудың алдын алудың белгісі болып табылады.
Тікелей күн радиациясының көмегімен инсоляцияны қолдануды жалғастыру нәтижесінде, алтын түсті пирогенді стафилакокк және ішек таяқшасын жоюда тигізетін әсері жоғары. Тікелей күн радияциясының УКС тұрғын үйлердің терезесі саңыраулары арқылы өткенімен гигиеналық тұрғыдан бактерицидтік әсерін толық анықтауға болмайды.