Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет38/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
лек-КГ-ОЗ-каз

4.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар - 25
5.Әдебиет:
1. Мазаев В.Т., М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.2/ под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммунальная гигиена. Неменко Б.А. У.И. Кенесариев. Алматы.Научно изд .- Гылым, 2003. – 463с.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Общая гигиена/ под.ред. А.М. Большакова., В.Г.Маймулова В.Г.- М., 2006.-736с.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда жылытудың гигиеналық нормалаудың гигиеналық ұстанымдарын атаңыз.
2. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда желдетудің гигиеналық нормалаудың гигиеналық ұстанымдарын атаңыз.
3. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда табиғи және жасанды жарықтандыруды гигиеналық нормалаудың гигиеналық ұстанымдарын атаңыз.
4. ЖК, ТЖК дегеніміз не?
5. Түсу бұрышы және саңылау бұрышы түсініктеріне анықтама беріңіз.


7
1.Тақырыбы. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорын-дарының құрылымына және жабдық-тарына қойылатын гигиеналық талаптар.
1.Тақырыбы: Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылымына және жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Мақсаты: студенттерді тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылымына және жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.
3. Дәрістің тезистері:
Монша халыққа қызмет көрсететін орындардың бірі, санитарлық-профилактикалық көрсеткішке ие. Монша жуынатын, жүзуге арналған бассейндер мен ауруға қарсы процедураларды жүргізетін болғандықтан оны спорттық сауықтыру кешені ретінде қарастырады, сондықтан оны санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау қызметі оған жүргізіледі. Фабрика киім тазарту орындары, жууханалар сияқты моншалар да жеке территорияда орналасуы қажет. (0,2га на объект). Халықтың сұранысы бойынша қаланың райондарында жабдықтауға болады. Бірақ, монша қоршаған ортаға жағымсыз әсер етпейтіндей болу керек, тұрғын үй мен оның ара қашықтығы 25 м ден 50м дейін болуы керек және емханалар мен бала бақшадан 50м қашықтықта болуы керек. Негізінде моншаны кварталаралық территорияларда, қалалық автотұрақтардың маңында орналастырады.
Құрылысына, жуыну заттарына, микроклимат ерекшеліктеріне байланысты моншалардың бірнеше түрін ажыратады.
Орыс моншаларында парилкалар қолданылады. Отын немесе жағар майдың басқа түрлерімен қыздырылған (соңғы жылдары газбен) тас салынған пеш арқылы бу күшейтіледі. Орыс моншаларында легенмен жуынатын жуыну бөлмесі, шайынатын душ және буға түсу бөлмесі болады.
Душ типті моншаларда негізінен душ астында жуынады, гигиеналық тұрғыдан: а)жуынуға таза ағынды суды қолданады; б)судың температурасы көңіл қалағандай болады; в)орыс банясына қарағанда суды жұмсау аз.
Мұндай моншалардағы ванналардың гигиеналық эффекті қамтамасыз етілмейді. Толық жуынуға мүмкіндік болмағанда ғана қолданған жөн. Кейде онда емдеу процедураларын жүргізеді.
Саунаның орыс моншасынан айырмашылығы, 900С дейін ысытылған, құрғақ ауа болады. Душ астында жуынады. Моншаны бассейнмен (немесе микробассейнмен) жабдықтайды. Жуынудың мұндай түрі гигиеналық тұрғыдан тиімді, алайда ағзаға ауыр күш түсіретін болғандықтан белгілі бір жастағы адамдарға рұқсат етілмейді. Ол үшін белгілі бір мөлшерде дайындық және медициналық тексеруден өту қажет.
Рұқсатнамамен кіретін моншаға гигиеналықпен қатар эпидемияға қарсы көрсеткіштер енеді: онда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық залалсыздандыру жүргізіледі (жуыну, шаш қырқу, дезинсекция және дезинфекция киімдерге). Сондықтан жобалауда рұқсатнама маңызды рөл алады. Душпен жабдықталған моншалардың жеке кіру және шығу бөлімдері болады, яғни «таза» және «таза емес» Жуынатын адам шешіну бөлмесінен бірінші айнаға киімдерін дезинфекциялық камераға береді, ал жуынып болған соң оны екінші айнадан алады.
Дәретхана типіндегі моншаларды жобалау мен эксплуатация жасағанда гигиеналық көрсеткіштерді ескереді. Ол үшін жабдықталады:

  • Әйелдер мен еркектер бөлімі арасында қосымша есіктер

(жуыну бөлмесінен шайыну бөлмесіне);

  • Жуыну бөлмесінде арнайы шайыну душтары, орындықтар арасында жүруге арналған жол;

  • Жуыну бөлмесімен жартылай шайынудан шыққан соң қосымша шайыну жабдықтарымен жабдықталуы;

  • Бөлмені және жабдықтарды залалсыздандыру қондырғыларының болуы;

  • Жер учаскесінде жабдықтарды орнатуға арналған алаңның болуы;

  • Моншада 200 орыннан асатын стационарлық дезинфекциялық камералар;

Моншалардың жеке бөлмелеріне қойылатын жабдықтар:
а)Вестибюль-киім ілу гардеробы және күту залы;
б)Гигиеналық бөлме (шешіну бөлмесі, жуыну бөлмесі);
в)Выспомагательные и подсобные помищения (касса, қойма, санитарлық өткізгіштер және т.б.).
20 орыннан асатын моншаларда шомылу бассейндерін ұйымдастырады, сауықтыру профилактикалық жабдықтармен қамтамасыз етеді (сауықтыру душы, ванна, массаж, фотарий, демалу бөлмесі) және қосымша (шаштараз, киімдерді жөндеу, шомылуға арналған киімдерді жалға беру, жедел киім тазарту және т.б.) қызмет көрсету; қосалқы бөлмелердің санын арттырады. Дәретханалық түрімен араласқан рұқсатнамамен кіретін моншаның түрі 20 және одан артық адам қабылдай алады, екі бірдей бөлімнен тұрады-еркектерге арналған және әйелдерге арналған. Негізінде олар қатар жұмыс істейді, әрқайсысы белгілі контингентке қызмет көрсетеді, бірақ қажнт болғанда (халықты санитарлық тазарту) бөлімдердің бірі «таза», ал екіншісі «таза емес» рұқсат беру бөліміне айналады. 200 адамды қабылдай алатын моншаларды балаларға арналған бөлім ұйымдастырылады. (10% жалпы гигиеналық бөлімнің санынан).
Шешіну бөлмесі, жуыну бөлмесі және буға түсу бөлмесінің алатын орны 100:85:20. Гардеробта жуынуға келгендерге де, күтушілерге де бірдей қызмет көрсетіледі.
Вестибюль, гардероб, күту бөлмесі орналасуы мен функциясы бойынша бір-бірімен байланысты.
Вестибюль моншаның бөлмелеріне суық ауаның түсуінен қорғайды, Әдетте онда киімдерді ілу гардеробы, касса, киоскілер орналасады. Күту бөлмесі моншаға түсуден кейін демалыс бөлмесі болып келеді.
Шешіну бөлмесі, жуыну бөлмесі, шайыну бөлмесі, ванный және буға түсу бөлмесі-моншаның негізгі құрамы.
Гигиеналық тұрғыдан қарағанда олардың қолдануға ыңғайлы жағдай жасауына, қызмет көрсетуіне, жабдықтауына жоғары талаптар қойылады.
Шешіну бөлмесі гардереоб жоқ болған жағдайда маңызд рөл атқарады. Шешіну бөлмесінде киімдерге арналған арнайы шкафтар және орындықтар болуы тиіс. (бір қатарда 6орындықтан аспайтын), айна, таразы және фен.
Шешіну бөлмелерінің жанында қызмет көрсетуші бөлмелері, киімдерді сақтауға арналған қойма, жуынуға қажетті заттар, таза ұстауға арналған инвентерін сақтайтын қоймалары орналасуы қажет.
Жуыну бөлмесі өлшемдері 0,5 1м орындықтармен жабдықталуы керек (бір қатарда 6 орындықтан аспайтын).
Орындықтардың ара қашықтығы -1,2-2м, орындық пен қабырғаның ара қашықтығы -10 см болуы керек. Жуыну бөлмесінің әрбір 6 орынға ескеріп, ыстық және суық суға кран қарастырылады, олар биіктігі 1,5 м экранмен қоршалады.
Жабық (душтарды) ванналарды душпен, жөкені ілуге арналған ілгішпен, қабырғалық сабын салғышпен, поручнамен жабдықтау қажет.
Жабық ванналар мен душ кабиналарының шешіну бөлмесінде шешінуге арналған орындық, айна, киімдерді ілуге арналған ілгіштер, сүлгілерге де ілуге арналған ілгіштер болуы керек.
Буға түсу-моншаның дәстүрлі элементі болып келеді 10-20% келушілер соған түседі.
Будың жоғары температурасы ағзада физиологиялық өзгерістерді тудырады: дене температурасы көрсетіледі, систолалық тамыр соғысы және тыныс алу жиілейді, артериалдық қысым төмендейді, бұлшықет күшін әлсіретеді, жүрек-қантамыр жүйесінің тонусы жоғарылайды. Тұрақты буға түсу ағзаны суыққа төзімді етеді, кейде ревматизм, подагра, бүйрек аурулары, кейбір невроздарды емдеуде қолданылады.
Моншалар мен жууханалардың суын залалсыздандыру шаруашылық-тұрмыстық іркінді сулармен бірге қалалық канализацияларда жүргізіледі. Ол үшін жууханалар мен шаруашылық-тұрмыстық іркінді сулардың мөлшері 1:1 (монша, жуухана жұмыс істеп тұрғанда) болуы тиіс 1,2:1 көрсетілген мөлшерден асып кетуге уақытша рұқсат етіледі. Іркінді сулардың 1:1 қатынасынан асып кеткенде канализациялық тораптарға жібермес бұрын залалсыздандыруға жіберіледі (куагуляция және тұндыру).
Жууханалар, оның ішінде фабрика-жууханалар қоршаған ортаны ластаушы көздердің бірі. Оларды халық шоғырланатын аймақтың коммуналдық –қоймалық зоналарында орналастыруға рұқсат етіледі. Жуухананың учаскесінде киімді тиеуге және түсіруге арналған алаң бар шаруашылық аймағы қарастырылуы керек. Жуухананы орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде жер учаскесі ажыратылуы қажет. Жууханалардың жер учаскесінің үлкендігі оның қызмет көрсету деңгейіне байланысты қарастырылады.1000 кг дейін қабылдай алатын жууханалардың учаскелік көлемін ұлғайтуға болады (0,5 га дан артық емес)
Жууханалардың жеке қабылдау пунктарын үйлердің немесе тұрғын кварталдың территориясында орналастыру керек. Жуухананың қызмет көрсету мүмкіндігі алғашқы кезде ауысым бойынша 1000 адамға шаққанда 90кг киімді залалсыздандыруы қажет, -120кг. Тұрғын кварталдардың жууханаларға деген сұранысы артады. Жууханалардың жабдықтары мен жуу мінездемесі бойынша киімді жуу заманауи талаптарына сәйкес келеді, онда айтарлықтай барлық процесс механизацияланған.
Жууханаларды жобалауда мына гигиеналық талаптар орындалуы қажет:
а)Инфицирленген белье өтетін бөлмелер (күту, қабылдау, сұрыптау бөлмелері) барлық қалған бөлмелерден оқшаулануы керек;
б) «Лас» бөлмелер тобы дербес шығарысты вентиляциямен жүргізілуі керек;
в)дезбучильникке залалды бельены тиеуден алдын оларды бөліп алу керек;
г)Дезинфицирленген бельены дезбучильникпен шығару жуу бөлмесі жағынан жүргізілуі керек.
Функционалдық көрсеткіштер бойынша жуухананы негізгі және қосымша (көмекші) деп ажыратады.
Алғашқысына мыналар кіреді: кір бельены қабылдау, белгі салу, есепке алу, сараптау және сақтауға арналған бөлмесі (көбіне бұларды жеке қабылдау пунктерінде іске асырады), күту бөлмесі, жуу бөлмесі, шаю және сығу бөлмесі, жуу, шаю және бельены сығу бөлмесі, жууға арналған заттарды сақтауға, растворларды дайындауға арналған бөлме, материалдық қамтамасыз ету қоймалары (жуу цехы); кептіру-үтіктеу бөлімшесі; таза бельены реттеу бөлімшесі, бельены орау және жөндеу (ремонт); таза бельены сақтау қоймасы, таза бельены беру бөлмесі, күту (бельены беру цехы); диспетчерлік .
Жууханалардың қосымша қызмет, зертхана, инвентариялық жинау қоймасы, диспетчерлік, персоналдарға арналған қойма, гардероб, демалу бөлмесі, душ, персоналдарға арналған жинау бөлімшесі. Жууханалардың суын залалсыздандыру шаруашылық-тұрмыстық іркінді сулармен біоге қалалық канализацияларда жүргізіледі. Ол үшін жууханалар мен шаруашылық-тұрмыстық іркінді сулардың мөлшері 1:1 (жуухана жұмыс істеп тұрғанда) болуы тиіс. 1,2:1 көрсетілген мөлшерден асып кетуге уақытша рұқсат етіледі. Іркінді сулардың 1:1 қатынасынан асып кеткенде канализациялық тораптарға жібермес бұрын залалсыздандыруға жіберіледі (куагуляция және тұндыру).
Жаңа жууханалар, сонымен қатар жөндеуден өткен немесе реконструкцияланған бөлмелер тек санитарлық-эпидемиологиялық қызметі рұқсат еткенде ғана іске қосылады. Жууханалардың жеке бөлімшелері лас және таза бельеларды сараптайтын технологиялық процестерді қамтамасыз етуі қажет. Бұндай талаптар бельеларды қабылдау бөліміне таза бельены сақтау және беру бөліміне қойылады. Кір бельены беру және таза бельены қабылдап алу орындарының есіктері бөлек болуы қажет.
Жууханаларда жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмыс істеуге арналған киімдері болуы қажет (спецодежда). Денсаулық сақтау органдарының талаптары бойынша жұмысқа қабылданатын жұмысшы алдын ала және ағымды медициналық тексеруден өтеді. Санэпидқызметінің келісімі бойынша жуухананың әкімшілігі жыл сайын жаңадан қабылданған жұмысшыларының арасында санитарлық-техникалық бағдарламаны жүргізуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет