Пән атауы – Білім берудегі менеджмент Мамандығы 6В01-Педагогикалық ғылымдар


-ДӘРІС Мектептегі жаңашылдықты басқару



бет11/27
Дата30.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#53742
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
5-ДӘРІС Мектептегі жаңашылдықты басқару
5.1 Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі.
5.2 Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдеріспен басқарудың ерекшеліктері.
5.3. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары
5.4. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы оқушылар мен педагогтардың тұлғалық өзін-өзі анықтауы
Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдерісті басқарудың ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар.
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. [1,б.25]
Жаңа педагогикалық техналогиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім техналогия бойынша жұмыс атқара алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамға шығармашылық әрекет ететін шығырмашыл тұлға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Қазіргі заманның талабына сай сабақта қолданылып жатқан жаңашыл әдіс- тәсілдер көп.
1. Білім сапасын арттырудағы жаңашыл әдіс -тәсілдердің мүмкіндіктері.
Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз»,«түзетіңіз»,«дәлелдеңіз»,«жинақтаңыз», деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Мен үшін ең негізгі мақсат – әр сабағымды түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Мұны жүзеге асыру үшін түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Сабақта пайдаланып жүрген жаңа әдіс тәсілдеріммен бөліскім келеді.
Мысалы сабақтың бірінші кезеңіне тоқталатын болсам қызығушылықты ояту кезеңінде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, оқушыларды сабаққа тарту мақсатында алдымен «Өзің таңда» әдісімен топқа бөлу, мұғалім өзі үш оқушы таңдайды, ол топ басшысы болады, әр топ басшылары өздерінің қалауымен тобына оқушы жинайды. Мысал: Алиді шақырамын, неге?ол ақылды, білімді, досым т,б. яғни оқушының таңдауына мүмкіндік беру арқылы топқа бөлуге болады.
Үй тапсырмасын «стикердегі диалог»әдісімен бекіту яғни сұрақ және басқа сұрақтың жауабын бір оқушыға беріледі. (сұрақтың жауабын табу керек) бұл әдістен оқушының үй тапсырманы қаншалықты түсінгенін толық тексеріледі. Жаңа сабаққа көпір салу кезеңінде«Видео ролик» көрсету арқылы, немесе жаңа сабаққа байланысты суреттерді жасыру арқылы, зерттеушілік әңгіме жүргізіледі: -не байқадыңыздар? -Қандай ой түйдіңіздер? т.б. сұрақтардың жауабын ала келе сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылады. (Видео роликті мұғалімдерге арналған (I.Mekten) электронный почтасынан алуға болады)
«Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыздар?» деп ой тастау арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндетін шығарады.(өз ойларын стикерге жазып карзинкіге жапсырады, мысалы: қызықты есептер шығарамыз, ойнаймыз, логикалық есептер шығарамыз т.б.) Бүгінгі сабақта критерий арқылы өздеріңді бағалайсыңдар, маршруттық картаға аты жөндеріңді жазып, әр тапсырма сайын өздеріңді бағалап отырасыздар және сабақ соңында мақсатыңа жеттің бе? Әлде талпынасың ба? Соны анықтайтын боламыз деп ескертіп маршруттық карта үлестіру. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Мазайка» әдісі арқылы «Геометриялық конструктор құрастыру» (топпен жұмыс)
1 топ: «Сиқырлы сопақша» (қызықты математикалық тапсырма)
2 топ: «Қызықты шаршы» (әзіл есептер )
3 топ: «Жапырақ» (сөз жұмбақ, санды ребустар шешу) немесе әртүрлі теңдеулер, мазмұнды есептер құрастыруға болады.
Мысалы: Дүниетану пәнінен «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісімен оқулықтағы «Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын талқылауды ұйымдастыруға болады. Топтарға тапсырма берілді, жаңа тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет