Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі



бет2/9
Дата27.02.2023
өлшемі110,52 Kb.
#70070
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәдениет Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.

Жазу мен ғылымның дамуы

  • VI- VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.
  • Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға "қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын" есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан "скиф жазуымен" жазылған хатты әкелген. "Мұның не жазу" екендігін түрік қағанатының - Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна әріпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болғандығын білеміз. Жаңа жазба - көне түрік әліппесі - түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді. Әдеби және тарихи тұрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола және Селенга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бұл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор құрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бұл жазулар "орхон ескерткіштері" деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет