Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі 12 ғасырдың аяғы — 13 ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76х22 м. Ол мінажат ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы қақпалы құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар мен сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек. Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп, алтын жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы жөнінде бұл — кіреберісі арқамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36х15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан.
Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi Бейнелеу өнері
Сарайлардың салтанатқа арналған және діни орындары көбінесе қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастрға, ағашқа ою салу арқылы безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланған саз бұйымдар, өрнектер мол кездесті. Сондеудің ең жақсы сақталған түрі — саз сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі қабырғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі інжулер қатарлары да, ішінде шеңбері бар қос қабатты ромб тәрізді торлар да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен, жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер, інжу салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақалған. Өсімдік және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша сарайларының, қамалдардың, бай тұрғын үйлерінің сонделуінен жиі кездеседі