Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі


Қазақ мәдениеті – көне Түркі өркениетінің жалғасы



бет9/9
Дата27.02.2023
өлшемі110,52 Kb.
#70070
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәдениет Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.

Қазақ мәдениеті – көне Түркі өркениетінің жалғасы

  • Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының бір себебі көшпенді өмір салты еді. Қазақтар көшіп қону дәстүрін тастаса да, негізінен қалада емес, ауылдық жерлерде өмір сүріп жатты. Қазақстанның қалаларында орыс мәдениеті үстемдік құрса, ауылдарда қазақ мәдениеті бекем орнықты. Басқаша айтқанда ауыл қазақ мәдениетінің қамалына айналды. Бұл үрдіс Түркия Республикасының қалыптасуында да осылай болған еді. Ағылшын тарихшы Бернард Левис «Заманауи Түркияның тууы» атты кітабында «Османлы мемлекетінің қалаларында араб-парсы-рум-армян мәдениеттері яғни космополит мәдениет үстем еді, ал қаланың сыртында, ауылдарда тұнық түрік мәдениеті кеңінен тараған еді. Османлының түріктенуі ауылдан қалаға аққан түріктердің арқасында жүзеге асты. Және Османлы мемлекетінің Түркия Республикасына айналуы астананың космополит Ыстанбұлдан шалғайдағы, Анадолыдағы Анкараға ауысуымен бекітілді» деп жазады.
  • Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ ортасында орналасуы болып табылады. Қазақтарды Араб-Парсы мәдениеті ықпалынан Түркі әлемі мен Араб-Парсы әлемінің ортасында тұрған өзбектер қорғап қалса, Қытай мәдениеті ықпалынан Түркі әлемінің шығысында орналасқан ұйғырлар қорғап қалды. Ал солтүстік-батыстан Түркі халықтарын бірінен соң бірін ассимиляциялап келе жатқан орыс мәдениетінің қаупінен қазақтарды татарлардың сақтап қалғандығын айту керекпіз. Егер Кеңес Одағы тағы бір он бес не жиырма жыл өмір сүргенде қазақтардың ел болып есін жиюына әлдеқайда көп уақыт қажет болар еді.
  • Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші

Пайданылған әдебиеттер

  • Основы философии под редакцией М.А.Ахмедовой и B.C. Хана. 2.Хайруллаев М. Культурное наследие и история философской мысли
  • «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59
  • www.trt.net.tr
  • www. melimde.com
  • www.kk.m.Wikipedia.org

Бақылау сұрақтары:
1. Орта Азияның ортағасырлық мәдениетін қалай түсінесіз?
2. Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi жайлы баяндаңыз
3. Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарын атаңыз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет