Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
Дәріс
тақырыбы: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Жібек жолы.
ЖОСПАР:
Ғылым мен медицинаның дамуы
Қазақстан аумағындағы Жібек жолының ірі қалалары
Орта Азиядағы қала мәдениетінің гүлденуі
Орта Азияның мәдениеті туралы түсінік
Орталық Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениет пен әлемдік мәдениет тарихында маңызды орын алады. Қарастырғалы отырған кезең Әмір Темір және оның ұрпақтарымен байланысты. Орта Азия және Хорасан тарихындағы IX-XII және XIV-XV ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріне жоғары баға бере отырып, мәдениеттің дамуын екі сатыға бөлуге болады:
1. IX – XII ғғ. ежелгі грек философиялық дәстүріне негізделген Таяу Шығыстағы қайта өрлеу мәдениеті, ішінара Орталық Азияда дербес феодалдық мемлекеттердің пайда болу процесінде жаңа сипатта жалғасын тапты. Бұл кезең әл Хорезми, Ибн Сина, Беруни, Махмуд Қашқари, Ахмет Игінүки, Жүсіп Хас Хожиб сынды ойшыл, ақын, ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.
2. XIV – XVғғ. кезең Орталық Азияның өзіндік мәдениеті. Бұл дәуірде мәдениеттің дамуы, ойлау еркіндігінің ерекше түрде қалыптасуы жоғары деңгейде дамыды. Оның көрінісі сол заманда өмір сүрген Ұлықбек, Қоши, Али Кушчи, Лутфи, Жами, Әлішер Науаи, Камалетдин Бехзад және тағы да басқа ақын, ойшылдар, суретшілер мен қоғам қайраткерлерінің қалдырған мұраларынан көрініс табады.[
XIV ғ екінші жартысы көптеген мәдени орталықтар, мектеп медреселер, ғылыми орталықтар бой көтерумен ерекшеленеді. Соның бірі әлемге танымал болған Самарқандағы Ұлықбек медресесі мен обсерваториясы ғылымның дамуына өте көп үлесін қосты. Медреселерде тек діни білім ғана емес сонымен қатар математика, логика, астрономия, геометрия, этика, философия сынды ғылымдардан сабақ жүргізіліп, өнерге деген құлшыныс артып, әдебиет, бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыды. Сонымен қатар феодалдық құрылым мен рухани ұстанымдарды нығайту ісінде қуатты құрал ретінде ислам діні орнығып, сопылық ағымы жақсы дамыған болатын.Соның бірі саяси және этникалық өмірге көптеген өзгерістер еңгізген Орта Азия мен Иран жерінде сопылықтың нақшбандия тариқаты кең етек жайды. И. П. Петрушевскийдің айтуы бойынша Орта Азия, Иран және басқа да шығыс елдерінде XII – XVғғ сопылықтың 14 түрі тараған. Олар: кубравийа, сухравардийа, маулавийа, чиштийа, шазийлиа, тайфурийа, сафавийа, хайдарийа, бектошийа, кадирийа, ниматуллахийа, жалалийа, рифаийа, нақшбандийа. Осы ағымдардың ішінде төртеуі (кубравий, нақшбандийа, жалалийа және қадарийа) Орта Азияда таралып әлеуметтік және саяси өміріне көп ықпалын тигізді.Тағы бір айта кететін жайт бұл кезең феодалдық қатынастың гүлденген бір кезеңі болып, иқта институтының сойырғал (сыйлық, сый) әскерилендік жүйесінің кең таралуы орын алған. Сойырғал – ұзақ жыл бойы адал қызметі үшін, соғыс кезінде батылдық пен ерлік көрсеткендері үшін және т. б., жағдайларда марапат ретінде берілген жер телімдері. Осы жер телімдерінен алынған салықтар да мемлекетке емес, жер иесіне берілетін болған. Әмір Темір ұрпақтарының таққа таласуы, феодалдық қанаушылық, көптеген діни ағымдардың өз ара тартыстары орын алғанымен Орта Азия мәдениеті мен өркениеті өз деңгейде дамып отырды